Қыздыруға арналған аспаптар Сұйықтарды тікелей қыздыру көбінесе жабық электр қыздырғыштарының (электр плиталары, құты қыздырғыштар, электр қайнатқыштар) көмегімен жүзеге асады.
Электр плитасының жоғары жылу сыйымдылығы болады, сұйыққа қыздырғыш шиыршық сымнан жылу берілу бөліктің бірнеше беті арқылы жүреді де, температура біраздан соң реттеледі және әрдайым берілген мәннің төңірегінде болады. Электр плиталарын басқа үстел үстіне қоятын электр қыздырғыш аспаптар сияқты талшықтасты қабаттың немесе жылу өткізбейтін материалдан жасалған беттің үстіне қою керек.
Қалың қабатты ыдыстағы немесе жылуды нашар өткізетін материалдан жасалған ыдыстағы сұйықты электр плитасында қыздыруға болмайды. Мұндай жағдайларда көбінесе ішіне салынып тұратын әртүрлі күштегі үй тұрмысында қолданылатын электр қайнатқыштарын пайдаланады.
Соңғы кездері тікелей электр қыздырғышы бар құтыларды шығарады. Қыздырылатын элемент құтының түбіне орналастырылады да, тікелей ток көзіне жалғастырылады.
Ауа жылытқыштары Қыздыру жылытқыларында қолданылатын жылу тасығыштардың барлығының ішінен ауаның жылу өткізгіштігі төмен және ыстық ауадан қыздырылатын затқа өтетін жылу аз. Бейорганикалық химия практикумында ауа жылытқыштары сирек қолданылады.
Сұйық жылытқыштарСұйық жылытқыштар үшін жылу тасығыштар ретінде су және сулы-тұзды ерітінділер, минералды майлар, силикон майлары, глицерин, дибутилфталат, күкірт немесе фосфор қышқылдары және басқалары қолданылады.
Жылутасығыш металл ыдысқа немесе үстінен металл сақиналарының жиынтығымен жабылатын арнайы цилиндрлі немесе конус тәрізді мыс (жез) ыдысқа орналастырылады. Бұл қыздырылатын ыдысты сұйық жылутасығышқа салып қою қажет болғанда жылытқыш саңылауының керекті диаметрін таңдап алуға мүмкіндік береді.