Металды жылытқыштар. Металды жылытқыштарды тұзды жылытқыштар сияқты мақсатта қолданады. Жылу тасығыш ретінде төменгі t-да балқитын tбалқу = 65,50C Вуд құймасын (50% Bі, 25% Pb, 12,5% Sn және 12,5% Cd) немесе tбалқу =940C Розе құймасын (50% Bі, 25% Pb, 12,5% Sn) қолданады. Металды жылытқыштардың балқу температуралары төмен болады, бірақ металдардың жоғары жылу өткізгіштіктері жылудың тез берілуіне әсерін тигізеді.
Металл жылутасығыштарының кемшіліктері: олардың жоғары тығыздығы және ауа қатысында жоғары температурада тотығуы (түзілетін оксидтер жылыту бетін бүлдіріп, жылу беруді кемітеді). Металды жылытқыштарды көбінесе кішкене құтыларды қыздыруға қолданады; жылытқыш ыдыс ретінде темір тостаған болуы мүмкін. Қыздырып болғаннан кейін құты мен термометрді ыстық балқымадан (ол қатып қалмас бұрын) шығарады. Металл жылытқыштармен жұмыс істеуді тартқыш шкафтың астында жүргізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |