Газды ауаны ығыстырып шығару арқылы жинау. Газ алуға арналған құтыны немесе сынауықты тұрғыға орнатады. Газ шығатын түтіктің ұшын газқабылдағыш сынауықтың түбіне дейін түсіреді. Егер газдың тығыздығы шамамен ауаның тығыздығына тең немесе одан үлкен болса, онда тесігі жоғары қаратылып тігінен қойылған ашық сынауыққа жинайды. ("Оттек" тақырыбындағы суретті қараңдар). Егер газ ауадан жеңіл болса, газқабылдағыш сынауықты төмен қаратып ұстайды (немесе тұрғыға орнатады).
Газды су үстінде жинау. Газды су үстінде жинау үшін астауша қажет. Мұндай астауша ретінде кішкене ғана кристалдандырғыш, кәрлен тостаған немесе ұқсас басқа ыдыс қолдануға болады. Газ жинайтын сынауықты сумен толтырып, тесігін саусақпен жауып, түбін жоғары қаратып суы бар астаушаға салады.
Судың астында сынауықты ақырын ашып, оның ішіндегі су төгілмейтіндей етіп қояды. Реакциялық ыдыстан барлық ауа бөлінетін газбен ығыстырылғанда, газ шығатын түтіктің ұшын суға салып, газқабылдағыш сынауықтың тесігінің астына әкеледі ("Оттек" тақырыбындағы суретті қараңдар). Сынауықты газбен толтырып, оны судың астында саусақпен немесе тығынмен жауып, астаушадан шығарып алады.
Егер газды қыздыру арқылы алатын болса, онда газ шығатын түтіктің ұшын газқабылдағыш толған соң дереу астаушадан шығарады, себебі аспап суығанда оған су тартылуы мүмкін. Егер бөлінетін газдың түсі мен иісін немесе оның жануын белгілеу керек болса, онда газды бөлек ыдысқа жинау қажет емес. Газдың түсі сынауық шынысы арқылы көрінеді, ал иісін қолды жеңіл желпу арқылы газ ағынын өздеріңе қарай бағыттап білуге болады (1-суретті қараңдар).
Қажет болған жағдайда газды шайғыш шынысауыттағы сумен немесе қандай да болмасын кептіргіш толтырылған сәйкес келетін ерітіндімен тазалайды және кептіреді. Бұл шынысауыттарды газ алатын аппарат пен газ қабылдағыштың арасына орналастырады.
Дистилденген су Суды дистилдеу (айдау) арқылы диминерализациялау су буларының қысымымен онда еріген тұздардың айырымына негізделген. Өте жоғары емес температурада тұздар ұшқыш емес және диминерализацияланған су-судың булануымен және оның буларының әрі қарай конденсациялануымен алынуы мүмкін деп есептеуге болады. Бұл конденсатты дистилденген су деп атау қабылданған.
Дистилденген суда тотықсызданатын заттар болмау керек. Судың тазалығын өте дәл көрсететін көрсеткіш-оның электр өткізгіштігі. Әдебиеттерде берілген мәліметтер бойынша 180С-да өте таза судың электр өткізгіштігі 4,4L10-10 смм-1 - ге тең. Аз мөлшерде дистилденген су қажет болған жағдайда суды айдауды қарапайым қысымда шыныдан жасалған қондырғыда жүзеге асыруға болады. Көп мөлшерде дистилденген су қажет болған жағдайда электр қыздырғышы бар дистиляторлар қолданылады. Бір рет айдалған су әдетте CO2, NH3 және органикалық заттармен ластанған. Егер өткізгіштігі өте төмен су қажет болса, онда CO2 - ні (17( толық аластау керек. Өте дәлдікпен жүргізілетін жұмыстар үшін екі рет айдалған су - бидистилят қолданылады. Дистилденген суды шыны ыдыста ұзақ сақтау оның шынының шаймалау өнімдерімен ластануына әкеледі. Сондықтан дистилденген суды ұзақ сақтауға болмайды.