Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009



бет37/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз
Zadaniya s rech kMod1(18.02.13), 6035344306a28 3, альдегидтер мен кетондар, орг.хим. жктелу, 0005c324-0423cfa3, Сапарова Гулшат 308А кунделик 1 кун, Философия конспектілер, Филос 1 Тақырып, Адамзаттың асыл тәжі, 4,5,6,7, Аманқос Г. Арал теңізі, КТЖ АКТ 1 сынып, ТЖБ талдауы ІІ тоқсан, 1 А,Ә, Е кл. 05.05.Русский язык
Пластмасса тығындар көбінесе полиэтиленнен тұрады, тығындауға ыңғайлы, бірақ оларды аппаратураны монтаждағанда қолдануға болмайды.
Полиэтилен тығындар 70-800С-ға дейін қыздыруға шыдайды, орташа концентрациядағы қышқылдар мен сілті ерітінділеріне тұрақты, бірақ концентрлі минералды қышқылдар, күшті тотықтырғыштар, H2S және CCl4 әсерінен бұзылады.
Полиэтилен тығындар диаметрлері 11,13,16,20 және 23 мм түрінде шығарылады.


1.9. Резенке және пластмассалы түтіктер мен оларға арналған қысқыштар
Суды және газды шығару үшін, лабораториялық аспаптар мен қондырғыларды монтаждау, оның ішінде төменгі немесе аз ғана артық қысымда жұмыс істейтін аппаратураларда резеңке және пластмасса түтіктер кеңінен қолданылады.
Резеңке техникалық түтіктер, жұмсақ және қаттылығы орташа, жіңішке және қалың қабырғалы қышқыл-сілтіге төзімді, (20% дейін, азот және сірке қышқылдары кірмейді), жылуға төзімді (900C-ға дейін), аязға төзімді (450C-ға дейін) және май, бензинге төзімді болып жіктеледі.
Қалыңдығы тесіктің диаметріне тең (немесе үлкендеу) вакуумды резеңке түтіктерді 8-700С температура шегінде 1,3(10-6 Па (10-6мм сын. бағ.) дейін сиреуге қолдануға болады. Жұқа қабырғалы түтіктерді вакуумда жұмыс істеуге арналған аппараттарды жинауға қолдануға болмайды, себебі олар сирегенде бір-біріне жабысып қалады.
Резеңке түтікті кигізердің алдында оның ішіне глицерин жаққан дұрыс. Қатып қалған резеңке түтіктерді қолдануға болмайды және оларды жұмсартуға тырысудың қажеті жоқ.
Пластмасса түтіктерді көбінесе пластифицирленген поливинилхлорид және полиэтиленнен дайындайды.
Атмосфералық қысымда жұмыс істейтін аспаптарға су және газ келтіру үшін медициналық поливинилхлорид ыңғайлы.
Поливинилхлорид шлангтер резеңкеге қарағанда өте созылмалы емес, бірақ озонға, хлорға, галогенсутектерге және басқа да агрессивті заттарға тұрақты. Шлангының ұшын аз ғана уақыт қайнаған суға салғанда (поливинилхлоридтің жұмсару температурасы 800С) созылмалылықтың үлкейетіндігі соншалықты, көп күш салмай-ақ шланг диаметріне қарағанда үлкен диаметрлі түтікке кигізіледі.
Шланг арқылы сұйықтық немесе газ ағынын сәл тоқтату немесе азайту үшін көбінесе серіппелі немесе бұрандалы металл қысқыштар қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет