1.7. Лабораториялық ыдыстарды жуу және кептіру
Ыдысты жууға кірісер алдында, оны ластаған заттың қасиетін, әсіресе, олардың суда, сілтілерде, қышқылдарда ерігіштігін, тотығуға қабілеттілігін ескеру керек. Ыдысты арнайы щеткамен жуған жөн. Мұнда ыдыстың қабырғасы мен түбін тесіп алмау керек.
Ыдысты жууға сабынды ерітінді, жасанды жуғыш заттардың ерітінділерін қолданады. Егер бұл жағдайда лас кетпесе қышқыл, сілті, хром қоспасы ерітінділерін қолданады. Хром қоспасын дайындаудың бірнеше әдістері бар.
а) 9,9 г өте ұсақталған K2Cr2O7 араластырып тұрып 100 мл H2SO4 - да ерітеді;
б) 10 г 50% Na2Cr2O7 сулы ерітіндісін араластырып тұрып жаймен 100 мл концентрлі H2SO4-ке қосады.
Хром қоспасымен ыдысты жууды тартқыш шкафта көзілдірік, резеңке қолғап киіп, ал халаттың сыртынан алжапқыш тағып жүргізеді.
Шайырларды кетіру үшін кейде органикалық еріткіштер қолдануға тура келеді.
Ыдыс жуудың соңғы кезеңі оны сумен шайқаудан тұрады. Мұнда су шыны бетінің барлық жеріне тиюі керек.
Ыдысты кептіргіш тақтаның қабырғасына бекітілген ағаш қазықшаға кигізіп немесе 100-1200С кептіргіш шкафта, не болмаса кептіргіш үстелде кептіреді.
1.8. Тығындар
Тығындар табиғи (ағаштан жасалған), шыны, резеңке және пластмассалы болады.
Табиғи тығын көптеген органикалық заттардың буларына шымыр, ыстыққа төзімді, химиялық тұрақты болады. Бірақ ол галогендердің, күшті тотықтырғыштардың, концентрлі азот және күкірт қышқылдарының, сонымен бірге сілтілердің әсеріне тұрақтылығы төмен.
Тығындарды тесу үшін бір ұшы тұтқамен жабдықталған, ал екінші ұшы қайралған металл түтіктерден тұратын қол бұрғыларының жиынтығы шығарылады. Таңдап алынған бұрғының диаметрі керекті тесіктің диаметрінен сәл аздау болу керек.
Бұрғыны бір бағытта көп күш жібермей айналдырып, тығынды төменгі жағынан бастап бұрғылау керек, әйтпесе тесік көбінесе ағаш тығындарда шет жағы үзілген, тегіс болмайды. Бұрғылағанда тығын үстелге емес ағаш тақтайға тірелу керек.
Жұмыс процесінде бұрғылар әдетте, өтпей қалады. Бұрғыларды қайрау үшін арнайы пышақ қолданылады.
Тесілген тығындардың химиялық тұрақтылығын арттыру үшін оларға парафин, полиэтилен-парафин массасын парафин сіңдіреді (15(.
Аспаптарды жинағанда түтік кигізілетін тығындағы тесікке глицерин жаққан дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |