Резеңке тығындар оңай өңделеді және ыдыс немесе аспаптың герметикалығын жеткілікті қамтамасыз етеді. Бірақ олар бұзылып, жарықтың, хлорсутектің және күшті тотықтырғыштардың (галогендер, азот оксидтері және басқалары) әсерінен иілгіштігін жоғалтады. Одан басқа да олар органикалық еріткіштердің буларының, әсіресе, ароматты көмірсутектердің әсерінен жеңіл іседі де айдау кезінде көбінесе органикалық заттардың ластануына себебін тигізеді.
Резеңке тығындарды ағаш тығын сияқты теседі, бірақ бұрғыны бір бағытта айналдырмау керек. Әрбір жарты айналымнан кейін айналу бағытын өзгерту қажет; мұнда бұрғыны шығарып алып, тесікке глицерин қосу керек. Әйтпесе тесік тереңдеген сайын тарыла береді. Резеңке тығындардағы тесіктерді тазалайтын арнайы пресс шығарылады. Резеңке тығындардың нөмірлері тығынмен герметикаланатын ыдыстың мойнына сәйкес келеді.
Резеңке тығындар 5; 7,5; 10; 12,5; 14,5; 16; 19; 21,5; 24; 29; 34,5; 40; 45; 50; 60; 85 нөмірлерімен шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |