Газ алуға арналған АКТ-500 қондырғысы (Кипп қондырғысы) Қондырғы металдарға (мырыш, магний) сұйытылған тұз және күкірт қышқылымен әсер ету арқылы көміртек (ІV) оксидін алуға арналған. Кейде қондырғыны күкіртсутек алуға қолданады. Басқа газдарды қондырғыда алу қажет емес. АКТ-500-де жарылыс қауіпіне байланысты ацетилен алуға болмайды.
Қондырғы (12-сурет) шар тәрізді бөлік-негізгі ыдыс ортасы тарылған реактордан (1) және жарты шарлы тіреуіш бөліктен
тұрады. Реакторға 500 мл газ сияды (аспап маркасында көрсетілген). Реактордың жоғарғы саңылауы түбі жіңішкеріп келетін құйғының қондырғының түбіне дейін жететін шар тәрізді формадағы салмақты құйғыны (2), ал бүйір тесігі шүмегі бар газ шығатын түтікті орнатуға арналған. Көптеген қондырғылардың тіреуіш бөлігінде оларды жинағанда қолданылған сұйықты төгуге арналған саңылауы (4) болады. Қондырғы жиынтығына көмекші құралдар
реагенттерді салып қоюға арналған винилпластан немесе резеңкеден жасалған диск. Қондырғымен жұмыс істеу алдында оған химиялық ыдыстарды жалғау әдістерімен танысып алыңдар.