Керекті құралдар мен реактивтер: мыс (І) оксидінің хлорсутекті ерітіндісі, 20% натрий гидроксиді ерітіндісі, 10% аммиак ерітіндісі.
Мыс (І) оксидінің хлорсутекті ерітіндісіне (алдыңғы тәжірибелерде алынған) тамшылатып 20% натрий гидроксидін құйыңдар. Не байқалады? Тұнбадан ерітіндіні сүзіп алып, тұнбаға (тамшылатып) 1-2 мл 10% аммиак ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. Бөлінген тұнбаның түсі және құрамы қандай? Тұнбаның еруі немен түсіндіріледі? Реакция теңдеуін жазыңдар.
№ 118 жұмыс. Мыс (ІІ) оксидінің алынуы
Достарыңызбен бөлісу: |