3. Сынап (І) нитратын алу. Сынауыққа 1 г сынап металын салыңдар да, оған 1,5 мл азот қышқылының 25% ерітіндісін құйыңдар. Кристалдар түзілгенше қоспаны 1-2 сағатқа қалдырып қойыңдар. Не себептен тәжірибені сынаптың артық мөлшерімен жүргізеді? Қандай жағдайда сынапты азот қышқылында ерітіп сынап (І) нитратын және сынап (ІІ) нитратын алуға болады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
4. Сынап (І) қосылыстарының қасиеттері. Алдыңғы тәжірибеде алынған тұздың 2-3 кристалын суда ерітіңдер. Не байқалады? Тұнбада қандай зат түзіледі? Бұл тәжірибеден нені көруге болады? Сынап (ІІ) нитратының бірнеше кристалын 1-2 мл азот қышқылының ертіндісімен қышқылданған 5 мл суда ерітіңдер. Бұл жағдайда тұнба түзіле ме? Байқалатын құбылысты түсіндіріңдер. Алдыңғы тәжірибеде (2) алынған ерітіндіні 3 сынауыққа бөліп құйыңдар. Бірінші сынауыққа 1-2 мл натрий хлоридін, екіншіге - 1 мл қалайы (ІV) хлоридін, үшінші сынауыққа 1 мл алюминий сульфидін қосыңдар. Не байқалады? Байқалатын құбылыстарды түсіндіріңдер. Түзілетін тұнбалардың құрамдары қандай? Реакция теңдеулерін жазыңдар.