Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009


Газдың молекулалық массасын сутек немесе ауа бойынша салыстырмалы тығыздықтарының көмегімен анықтау



бет55/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

2.Газдың молекулалық массасын сутек немесе ауа бойынша салыстырмалы тығыздықтарының көмегімен анықтау.
Газдың молекулалық массасын анықтау үшін салыстырмалы тығыздық түсінігін қолданған ыңғайлы.
Салыстыру үшін бірдей жағдайда алынған бір газдың тығыздығының екінші газдың тығыздығына қатынасы салыстырмалы тығыздық деп аталады.
Авогадро заңы бойынша бірдей жағдайдағы кез-келген газдың бірдей көлемінде молекулалардың саны бірдей болады, демек моль саны бірдей болады. Егер молярлық массалары М1 және М2 әртүрлі екі газ болатын болса, онда олардың массалары тең болады, сәйкесінше m1=(1M1 және m2=(2M2. Бірдей көлемде газдар массасының қатынасы мынадай болады: m1/m2=(1M1/(2M2=M1/M2=Mr(1)/Mr(2) яғни, бірінші газдың молярлық массасының екіншісінің молярлық массасына қатынасына тең, сонымен бірге бірінші газдың салыстырмалы молекулалық массасының екіншісінің салыстырмалы молекулалық массасына қатынасына тең.
Осылайша, бірдей жағдайда өлшенген және көлемдері бірдей болған бір газдың массасының екіншісінің массасына қатынасы бірінші газдың екінші газ бойынша салыстырмалы тығыздығын береді немесе бір газ екінші газдан неше есе ауыр, не жеңіл екенін көрсетеді. Демек, газдың басқа газ бойынша салыстырмалы тығыздығы олардың молярлық массаларының қатынасына тең.
Эталон ретінде салыстыру үшін ең жеңіл газ-сутекті, немесе ауаны алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет