Реактивтер және оларды қолдана білу
Реактивтер мен олармен жұмыс істеу барысында мына жағдайларды есте сақтаған жөн:
1.Реактивтерді ластанудан сақтау керек.
2.Реактивтерді үнемдеп жұмсау керек.
3.Реактивтер мен барлық ыдыстарда реактивтің және оның тазалық дәрежесі көрсетілген этикеткасы болуы керек.
4.Жарық әсерінен өзгеретін реактивтерді тек қана сары немесе қоңыр ыдыста сақтау керек.
5.Улы, отқа қауіпті немесе зиянды заттармен, концентрлі қышқылдар мен сілтілермен жұмыс істегенде ерекше сақ болу керек.
6.Отқа қауіпті реактивтермен оттан және қосылып тұрған қыздырғыш аспаптардан алыс жұмыс істеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |