Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009


Химиялық ыдыстар және басқа құрал-жабдықтар



бет9/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

Химиялық ыдыстар және басқа құрал-жабдықтар

Қазіргі жағдайда лаборатория тәжірибесінде химиялық ыдыстардың және лабораториялық құрал-жабдықтардың көп түрі қолданылады. Олардың барлығын суреттеу мүмкін емес және ол осы оқулықтың басты мақсаты да емес. Сондықтан біз тек бейорганикалық химия лабораториясында дәстүрлі, кеңінен қолданылатындарына ғана тоқталамыз. Олардың сипаттамасы көптеген арнайы басылымдарда келтірілген (25(.




Шыныдан жасалған химиялық ыдыстар

Химиялық лабораторияда көбінесе шыныдан жасалған ыдыстар қолданылады. Өзінің жемірілуге тұрақтылығы, төзімділігі, мөлдірлігі және жылу кеңейткішінің сызықты коэффицентінің салыстырмалы аз болуына байланысты шыны лабораториялық ыдыстар, аспаптар және аппараттар дайындау үшін, сонымен бірге олардың арасын байланыстыратын элементтер ретінде бағалы конструкциялық материалдар пайдаланылады. Шынының мөлдірлігі реакциялық ыдыстағы жүріп жатқан процестерді үздіксіз көруге мүмкіндік береді, ал шыны бетінің тегістігі ыдысты жууды жеңілдетеді.


Шынының кемшілігі-оның сынғыштығы, температураның кенет ауытқуына және кейбір агрессивті ортада (сілтілердің концентрлі ерітінділері, фосфор, фторсутек қышқылдары және кейбір басқалары) тұрақтылығының төмендігі.
Сынауықтарды реактивтердің аз мөлшерімен жұмыс істеу үшін қолданады. Сынауықтардың формасы мен диаметрі әртүрлі пішінде болады: қарапайым цилиндрлі, конус тәрізді, өлшемді центрифугалы және бүйіріне иілген. Жұмыс істегенде сынауықты 1/8-1/4 көлемге дейін толтыру керек. Сынауықтағы реактив көлемі оның жартысынан аспауы керек. Сынауықты спирт шамының үстінде қыздырғанда ұстағышпен немесе арнайы қысқышпен ұстап, жаймен ғана біркелкі температурада газ көпіршіктері пайда болғанша қыздырады. Одан кейін сынауықты спирт шамы жалынында емес, оның жанында немесе үстінде ұстау керек. Мұнда сынауықтың ашық жағы тәжірибе жасаушыдан басқа жаққа қаратылып ұсталуы тиіс.
Стақандар қарапайым химиялық операцияларды жасауға және қосымша ыдыстар ретінде қолданылады. Оларды ішіндегі затымен ашық жалында немесе электр плитасында ашық қыздыруға болмайды. Қыздыруды тек қана арнайы талшықтас торы арқылы немесе жылутасушы жылытқышта (мысалы, су жылытқысында) қыздыру керек. Шыны стакандарды ерітінділерді буландыру үшін қолдануға болмайды. Сыртқы ортаның жағдайларынан қорғау үшін заттарды өлшеуге қолданылатын қырналған стакандарды шынышақша деп атайды.
Лабораториялық тәжірибеде әртүрлі өлшем мен пішіндегі құтылар кеңінен қолданылады. Жазық түпті, конус тәрізді (Эрленмейер құтысы) және дөңгелек түпті құтылар аналитикалық жұмыстарға, атмосфералық қысымда қарапайым операцияларға, сұйықтарды сақтауға және т.с.с. арналады. Оларды қабылдағыш ретінде айдау жұмыстарында ғана қолданады. Конус тәрізді құтылар өзінің формасына байланысты аз булануды қамтамасыз етеді, сондықтан да оларды заттарды кристалдау үшін қолданады. Жазық түпті құтыларды жоғары температурада және төменгі қысымда жүргізілетін жұмыстар үшін қолдануға болмайды.
Тубусты құтыларды әдетте (Бунзен құтысы) төменгі қысымда сүзгенде қабылдағыш ретінде қолданады. Оларды қалың қабатты етіп жасайды, себебі вакуум астында сүзгенде олар атмосфералық қысыммен жаншылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет