Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009



бет219/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

3. Лантаноид иондарының түсі. Лаборанттан лантаноид тұздарының жиынтығын алып, иондардың түсін дәптерлеріңе мынадай ретпен жазып алыңдар:

Түсі

Ион







Ион

Түсі




La







Lu







Ce







Yb







Pr







Tu







Nd







Er







Pm







Ho







Sm







Dy







Eu







Tb










Ион

Түсі













Gd










Гадолинийдің жоғарғы жағында орналасқан иондардың бір-бірімен түстерін салыстырыңдар. Иондардың түстерінде қандай заңдылықтар байқалады? Атомдарында бір 5d электроны болатын иондардың түсі бола ма?

94 жұмыс. Церий тұздарының қасиеттері





Қажетті құралдар мен реактивтер: сынауықтар, құтылар, 10 % H2C2O4, Na2CO3, NaF, KJ ерітінділері, церий (ІІІ) тұзының 10 % ерітіндісі, церий карбонатының ерітіндісі, 5 % күкірт, азот, тұз қышқылдары, КУ-2 катиониты, аммоний персульфатының кристалдары, церий (ІV) оксиді.

1. Ерімейтін тұздардың түзілуі. Төрт сынауыққа 1 мл-ден H2C2O4, Na2CO3, NaF, KJ құйып, әрқайсысына 1 мл церий (ІІІ) тұзын қосыңдар. Әрбір сынауықта не түзіледі? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Церий карбонаты бар сынауыққа натрий карбонатының артық мөлшерін құйыңдар. Не байқалады? Лантаноидтар қандай лигандалармен комплексті қосылыстар түзеді? Лантаннан лютецийға дейін комплексті қосылыстардың беріктігі қалай өзгереді?
2. Церий (ІІІ) церий (ІV)-ке дейін тотығуы. 1 мл церий (ІІІ) ерітіндісіне бірнеше тамшы күкірт қышқылын қосыңдар да, аммоний персульфатын салыңдар. Түсі бойынша церийдің тотығу дәрежесін анықтауға бола ма? Реакция теңдеуін жазыңдар.
3. Церий (ІV) тотықтырғыштық қасиеті. Сынауыққа 0,1 г СеО2 салып, 3-4 мл азот қышқылын құйыңдар. Тұнба ери ме? Оған 2-3 мл сутек пероксидін қосыңдар. Тұнба қандай өзгеріске ұшырайды?
4. Церий (ІІІ) ионының катиониттермен сорбциясы және оны шайырдан алу. Конус тәрізді құтыға 10 мл су және 1 мл церий (ІІІ) тұзын құйыңдар да, ерітіндіні араластырыңдар. Оған 1 г КУ-2 катионитін салыңдар. Құтының ішіндегісін 3-5 минут бойы араластырып, ерітіндісін сынауыққа құйып алып, онда церий (ІІІ) тұздарының жоқ екенін анықтаңдар. Катионитті декантация әдісімен сумен шайыңдар. Жуылған катионитке 10 мл 5 % тұз қышқылының ерітіндісін қосыңдар. Құтыны араластырып, ерітіндіде церий (ІІІ) иондары бар ма екенін анықтаңдар. Тәжірибелерді түсіндіріп беріңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет