1. Қышқылдық ортада ванадий (V) және ванадий (ІV) иондарының тотықсыздануы.
Көлемі 100 мл ыдысқа 15-20 мл натрий ванадатын құйыңдар да, оған 10% күкірт қышқылын қосып, 3-4 түйір мырыш салыңдар. Ерітіндінің түсінің өзгергенін байқайсыңдар. Қышқылдық ортада ванадий (V)-тің ванадий (ІV)-ке ауысу реакциясының теңдеуін жазыңдар. Ванадий (ІV) иондарының түсі қандай?
2. Ванадий (ІV) қосылыстарының қасиеттері. Түзілген көк түсті ванадий (ІV) ерітіндісінің бір бөлігін екі сынауыққа құйып, оның қышқылдар мен сілтілерге әсерін зерттеңдер. Ванадий (ІV) гидроксидінің қасиеттері жөнінде не айтуға болады? Екінші сынауыққа калий перманганатын құйыңдар. Ерітіндінің түссізденгенін бақылаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
3. Ванадий (ІV)-тің ванадий (ІІІ)-ке тотықсыздануы және олардың қасиеттерін зерттеу. Бастапқы көк түсті ерітіндінің түсінің өзгеруін байқаңдар (мырыш кесегін қосыңдар). Ванадий (ІV)-тің ванадий (ІІІ)-ке тотықсыздану теңдеуін жазыңдар. Түзілген жасыл ерітіндіні екі сынауыққа бөліп құйыңдар да, біреуіне сілті ерітіндісін қосыңдар. Түзілген тұнбаның түсін анықтаңдар. Оның қышқылдарға және сілтілерге әсерін бақылаңдар. Екінші сынауыққа калий пермаганатының ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
4. Ванадий (ІІІ)-тің ванадий (ІІ)-ге тотықсыздануы және олардың қасиеттерін зерттеу.
Натрий ванадатын әрі қарай мырышпен тотықсыздандыру кезінде жасыл түсті V(ІІІ)-тің V(ІІ)-ге ауысқанын байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Түзілген күлгін ерітіндінің натрий гидроксиді мен калий пермаганатына әсерін анықтаңдар. Барлық жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар. Әртүрлі тотығу дәрежесіне сәйкес келетін ванадий гидроксидінің қатарын жазыңдар. Ванадий гидроксидінің қышқылдық-негіздік сипатының қалай өзгеретінін көрсетіңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |