28. ХРОМ, МОЛИБДЕН, ВОЛЬФРАМ
№ 99 жұмыс. Хром (ІІ) қосылыстарын алу және оның қасиеттері
1. Хром (ІІІ) хлоридін сутек бөлінген кезде тотықтыру арқылы хром (ІІ) хлоридін алу.
Көлемі 100-200 мл құтыға 0,1-0,3 г хром (ІІІ) хлоридін салыңдар да, 10-15 мл 10% хлорсутек қышқылын, 0,5 мл бензин (бензинді неліктен құяды?) құйыңдар және оған мырыш түйірін салыңдар. Құтыны ұшы суға батырылған түтігі бар тығынмен жабыңдар. Құтыны шайқап тұрып көгілдір түс пайда болғанша реакцияны жүргізіңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |