2. Хром (ІІІ) гидроксидін алу және оның қасиеттері. Сынауыққа 3 мл хром (ІІІ) тұзын құйып оған 1 н натрий гидроксидінің ерітіндісін жасыл тұнба түскенше тамызыңдар. Алынған тұнбаны екіге бөліп, біреуіне натрий гидроксидінің артық мөлшерін құйып, тұнбаның жасыл түсті гексагидроксохромат (ІІІ) ионын түзе ерігенін байқаңдар. Тұнбаның екінші бөлігіне қышқыл (тұз немесе күкірт) қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
3 Хром (ІІІ) тұздарының және хроматтардың (ІІІ) қасиеттері.
а) Гексааквахром (ІІІ) хлоридінің көк-күлгін түсті бірнеше кристалын суда ерітіп, ерітіндінің түсін бақылаңдар. Ерітіндіні қайнағанша қыздырыңдар да, түсінің өзгеруіне көңіл аударыңдар.
б) Әмбебап индикатор көмегімен CrCl3(6Н2О ерітіндісінің рН-ын өлшеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
в) Хром (ІІІ) сульфатына (немесе хлоридіне) натрий карбонатының ерітіндісін құйып, тұнба түзілуіне көңіл аударыңдар. Алынған тұнбаны қышқылмен әрекеттестіргенде хром (ІІІ) карбонаты түзіле ме? Реакция теңдеуін жазыңдар.
г) Натрий гидроксидінің аз мөлшерін қолдана отырып, тетрагидроксохромат (ІІІ) ерітіндісін дайындаңдар да, оны қайнатыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
д) Кәрлен отбақырашта аздаған калий карбонаты мен натрий нитратының қоспасын балқытып, балқымаға хром (ІІІ) кристалын салыңдар. Қоспаны бірнеше минут қыздырыңдар да, одан соң суытып, суда ерітіңдер. Алынған ерітіндінің түсін байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
№ 101 жұмыс. Хром (VІ) қосылыстарының
Достарыңызбен бөлісу: |