Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009


Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер



бет239/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: марганец (ІІ) тұздарының ерітінділері, натрий гидроксиді, тұз және күкірт қышқылдары (сұйыт,конц.), аммоний сульфиді, сірке қышқылы (сұйыт.), аммиак, марганец (ІІ) сульфаты, күміс нитраты, натрий гидрокарбонаты (10%), аммоний тиоцианаты, калий перманганаты, аммоний персульфаты (крист.), шыны таяқша, марганец оксалаты, көмірқышқыл газы, марганец оксиді, спирт, қымыздық қышқылы, бром суы, сынауықтар, түтікті муфель пеші, конус тәрізді құты.

1. Марганец (ІІ) гидроксиді.
а) Марганец (ІІ) тұздарынан марганец гидроксидін алыңдар. Тұнбаның түсі қандай? Марганец гидроксидіне ауадағы оттектің, қышқыл және сілті ерітінділерінің әсерін зерттеңдер. Сәйкес реакция теудеулерін жазыңдар.
б) Марганец гидроксиді тұнбасына бром суының әсерін зерттеңдер. Тұнбаның түсі өзгере ме? Қандай зат түзіледі? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
2. Марганец (ІІ) тұздарының қасиеттері.
а) Марганец (ІІ) тұзының ерітіндісіне аммоний немесе натрий сульфидтерінің ерітінділерінің бірдей мөлшерлерін құйыңдар. Түзілген тұнбаның түсін байқаңдар. Тұнбаның бір бөлігін шыны таяқшамен ашық ауада араластырыңдар. Тұнбада қандай өзгеріс болады? Неліктен? Тұнбаның ерігіштігін сұйытылған тұз және сірке қышқылдарымен зерттеңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
б) Екі сынауыққа бірдей мөлшерде аммиак ерітіндісін құйыңдар. Бірінші сынауыққа бірнеше тамшы су, ал екіншісіне сондай мөлшерде аммоний хлоридін қосыңдар. Содан кейін екі сынауыққа да бірдей мөлшерде марганец (ІІ) тұздарын қосыңдар. Аммоний хлоридінің қатысында неліктен марганец гидроксидінің тұнбасы түзілмейтінін түсіндіріңдер. Молекулалық және иондық түрде реакция теңдеулерін жазыңдар.
в) Марганец (ІІ) сульфатының қышқылданған ерітіндісіне 1- 2 тамшы күміс нитратын және бірнеше түйір аммоний персульфатын қосыңдар да қоспаны қыздырыңдар. Ерітіндінің түсі марганецтің қандай иондарының болуына байланысты өзгереді? Осы реакциядағы күміс нитратының атқаратын ролі қандай? Реакция теңдеуін жазып, марганец (ІІ) тұзының қасиетін сипаттаңдар.

106 жұмыс. Марганец (ІV, VІ) қосылыстарының




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет