Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009



бет240/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

қасиеттерін зерттеу


Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті.

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: концентрлі күкірт, тұз қышқылдары, калий гидроксиді, калий нитраты, марганец диоксиді, хлор суы, сірке қышқылы, калий манганаты, спирт, барий хлоридінің ерітіндісі.

1. Марганец (ІV, VІ) қосылыстары.
Марганец (ІV) оксидінің тотықтырғыштық қасиеттері.
Екі сынауыққа аздап құрғақ марганец диоксидін салып, 2-3 тамшы концентрлі тұз және күкірт қышқылдарын құйыңдар. Әр сынауықты ақырын қыздырыңдар. Қандай газ бөлінеді? Шоқтанған шырақпен, йод крахмалды қағазбен тексеріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Марганец (ІV) оксидінің тотықсыздандырғыштық қасиеті.
Отбақырашқа кристалдық калий гидроксидінің түйірін (тек шымшуырмен алу керек!) және дәл сондай мөлшерде натрий нитратын салыңдар. Қоспа балқығанша отбақырашты от жалынында қыздырыңдар. Қыздыруды жалғастыра отырып, балқымаға марганец (ІV) оксидінің аз мөлшерін қосыңдар. Алынған құйманың түсі қандай болады? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Құйманы келесі тәжірибелерге сақтаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет