2. Калий хроматын алу.
Темір отбақырашқа 1 г калий карбонатын және 1 г калий гидроксидін, 1 г калий нитратын салыңдар да, қоспаны балқығанша қыздырыңдар. Балқыманы темір сыммен араластырып, оған 0,8 г хром (ІІІ) оксидін қосыңдар. Қоспаны 5-10 минут бойы жанарғыда қыздырыңдар. Суыған құйманы сумен өңдеп, сүзіп алып, ерітіндіні кристалл қабыршағы пайда болғанша суалтыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
3. Хроматтардың қасиеттері.
а)Калий (VІ) хроматының аздаған мөлшерін суда ерітіп, ерітіндінің түсі өзгергенше сұйытылған күкірт қышқылын қосыңдар. Молекулалық және қысқартылған иондық түрде реакция теңдеуін жазыңдар.
б)Калий (VІ) дихроматына ерітіндінің түсі өзгергенше натрий (немесе калий) гидроксидінің сұйытылған ерітіндісін қосыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
в)Үш сынауыққа 2 мл күкірт қышқылымен қышқылданған калий (VІ) дихроматының ерітіндісін құйыңдар. Бірінші сынауыққа аммоний сульфидін, екіншісіне натрий сульфитін, үшіншісіне темір (ІІ) тұзын құйыңдар. Сынауықтардағы ерітінділерді қыздырыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |