Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009



бет81/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

Жұмыстың орындалуы: нөмірленген бірдей 4 сынауықтың әрқайсысына 2,5% күкірт қышқыл ерітіндісінен 2,5 мл-ден құйыңдар да, басқа 4 сынауыққа мынадай ретпен ерітінділерді құйыңдар:
біріншісіне-2,5 мл 5% Na2S2O3 ерітіндісі + 7,5 мл су,
екіншісіне-5 мл 5% Na2S2O3 ерітіндісі + 5 мл су,
үшіншісіне-7,5 мл 5% Na2S2O3 ерітіндісі + 2,5 мл су,
төртіншісіне-тек 10 мл 5% Na2S2O3 ерітіндісі.
Ерітіндінің көлемін өлшеуірмен тура өлшеп, оларды бір-біріне тез құю керек (натрий тиосульфаты ерітіндісін күкірт қышқылы ерітіндісіне құйған дұрыс). Ерітінділерді бір-біріне қосу уақытынан бастап күкірт жүзгіндерінің түзілу уақытына дейінгі аралықты секундомермен өлшеңдер.
Күкірт жүзгіндерінің түзілу тығыздығы барлық тәжірибелерде бірдей болу керек. Тұнба тығыздығының бірдейлігін ерітінді қабаты арқылы бақылап отырған белгі (мысалы, стаканның астына немесе жанына шыныға жазатын қарындашпен белгі салып қоюға болады) көрінбей қалғанша анықтауға болады. Байқаулардың нәтижелерін 1 кестеге толтырыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет