Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009



бет82/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

Тапсырма: Реакция теңдеулерін аяқтаңдар. Алынған нәтижелерді миллиметрлік қағазда (өлшемі 10(10 см) график түрінде бейнелеңдер, абцисса осіне компоненттердің бірінің шартты концентрациясын (б), ордината өсіне реакцияның шартты жылдамдығын (() орналастырыңдар. Масштабты ордината және абцисса остеріндегі ең үлкен мәндердің ара қашықтығы шамамен 6-8 см болатындай етіп алыңдар.
Әрекеттесуші заттардың концентациясына химиялық реакцияның жылдамдығы қалай тәуелді болады? Бұл тәуелділік қандай заңмен өрнектеледі? Осы реакцияның жылдамдығының математикалық өрнегін жазыңдар.

Кесте 1. Тәжірибе нәтижелері



Тәжі-рибе
ғ

Ерітінді көлемі, мл

Шартты концентра-ция
Na2S2O3

Реакцияның жүру уақыты,
t, сек

Реакцияның шартты жылдамдығы




H2SO4
а

Na2S2O3
б



H2O
в

С=б/(а+б +в)




((1/t

1

5

5

15










2

5

10

10










3

5

15

5










4

5

20

0










17 жұмыс. Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі



Керекті құрал-жабдықтар мен реактивтер: секундомер, 5-% Na2S2O3 ерітіндісін құю үшін нөмірленген 4 стакан (немесе сынауық), 2,5 % H2SO4 ерітіндісін құю үшін нөмірленген 4 стакан (немесе сынауық), термометр.

16 жұмыста жасалған тәжірибенің біреуін тек температураны әрбір 100С-қа өзгерте отырып қайталаңдар да, алынған мәліметтерді 2 кестеге толтырыңдар.
Кесте 2.

Тәжірибе ғ

Температура 0С

Уақыт, сек

Реакцияның шартты жылдамдығы, ((1/t

Реакция жылдамдық-тарының қатынастары

1

10










2

20










3

30










4

40










Алынған мәліметтер бойынша, абцисса өсіне температураны, ал ордината осіне шартты реакция жылдамдығын сала отырып, реакцияның салыстырмалы жылдамдығының температураға тәуелділігінің графигін тұрғызыңдар. Температураны әрбір 100С-ға көтерген кезде реакция жылдамдығы қалай өзгереді? ((((( екенін дәлелдей отырып, реакция жылдамдығының температуралық коэффицентін есептеңдер.


100 және 300 немесе 200 және 400С температуралардағы мәліметтерді пайдаланып, реакция жылдамдығының коэффиценті мен реакцияның жүру уақыты кері пропорционалды тәуелділікпен байланысқанын ескере отырып, процесстің активтену энергиясын есептеңдер. Реакцияның жүру механизмі туралы қорытынды жасаңдар.
18 жұмыс. Химиялық реакция жылдамдығына
катализатордың әсері



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: тұрғы, бөлікті өлшеуір, 50 мл өлшегіш цилиндр, газ өткізгіш түтік, 2% H2O2, 0,2% K2Cr2O7, кристаллизатор, 3% FeCl3, MnO2, PbO2 ерітінділері, 5% H2C2O4, 2 М H2SO4, MnSO4 ерітіндісі, тамшуыр, сынауықтар, секундомер.

Катализатор деп - реакция жылдамдығын арттыратын, бірақ реакция нәтижесінде түзілген заттардың құрамына кірмейтін заттарды айтады. Арнаулы заттардың әсерінен химиялық реакциялар жылдамдығының арту құбылысын катализ деп атайды.
Катализаторлар көмегімен жүретін реакцияларды катализдік реакциялар деп атайды.
Катализатор мен әрекеттесуші заттардың фазалық күйіне байланысты каталитиздік реакциялар гомогенді және гетерогенді катализ деп бөлінеді. Реакцияға қатысатын заттар мен катализатор бірдей агрегаттық күйде (газ немесе көбіне сұйық) болатын катализдік реакцияларды гомогендік катализ, ал қатысатын заттар мен катализатор әр түрлі агрегаттық күйде болатын катализдік реакцияларды гетерогендік катализ дейді. Гетерогендік катализде әрекеттесуші заттар мен катализатор әртүрлі агрегаттық күйде болады: көбіне катализатор қатты зат, ал әрекеттесуші заттар газ немесе сұйық болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет