Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009


Тұздардың еруі кезіндегі жылу құбылысы



бет90/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз
Zadaniya s rech kMod1(18.02.13), 6035344306a28 3, альдегидтер мен кетондар, орг.хим. жктелу, 0005c324-0423cfa3, Сапарова Гулшат 308А кунделик 1 кун, Философия конспектілер, Филос 1 Тақырып, Адамзаттың асыл тәжі, 4,5,6,7, Аманқос Г. Арал теңізі, КТЖ АКТ 1 сынып, ТЖБ талдауы ІІ тоқсан, 1 А,Ә, Е кл. 05.05.Русский язык
Тұздардың еруі кезіндегі жылу құбылысы
Тәжірибе үшін сыйымдылығы 400 мл стақан ішінде сыйымдылығы 200 мл стақаннан түратын қарапайым калориметрді (колориметрмен шатастырмаңдар) қолдану керек. Стақандар бір бірінен жылу өткізбейтін затпен, мысалға, мақтамен бөлектенуі қажет. Температураны өлшегіш бірлігі 0,1 градус термометрмен өлшейді. Ішкі стақан термометр, сынауық, шыны араластырғыштар үшін тесіктері бар қақпақпен жабылады.
Аммоний нитраты, сусыз натрий сульфаты, натрий сульфатының кристаллогидраты (Na2SO4(10H2O), сусыз мыс сульфаты, мыс сульфатының кристалогидраты (CuSO4(5H2O) тұздарынан 0,2 моль өлшеп алыңдар. Стақанға 100 мл су құйып оның температурасын өлшеңдер және оған тұздардың сәйкес мөлшерін салып, ерітіндіні шыны араластырғышпен жақсылап араластырып, температураны тағы да өлшеңдер. Температураның өзгерісі тоқтаған кезде температура көрсеткішін жазып алыңдар.
Сусыз тұздың еру жылуын есептеңдер. Заттың еру жылуы мынаған тең: q (сусыз)=m(C(t, мұндағы m - ерітінді массасы, c – ерітіндінің жылу сыйымдылығы (оны бірге тең деп алуға болады), (t- температура өзгерісі.
1 моль заттың еру кезінде бөлінетін жылуды Q(сусыз) есептеу үшін q(сусыз)-дың мәнін n есе көбейту керек. Мұндағы n - 1 моль зат массасының алынған тұз массасына қатынасы:
Q(сусыз)( q(сусыз) (n
Осы жолмен кристаллогидраттың еру жылуын анықтап q(крист) және оны 1 мольға есептеңдер:
Q (крист)( q(крист) (n
q(сусыз) анықтау кезінде де өлшеу жүргізу керек, бірақ бұл жағдайда калориметрге 100 мл емес 99,1 г су құю керек, себебі су кристаллогидраттың құрамына кіреді.
Алынған нәтижелер негізінде алынған тұздардың гидратация жылуын есептеңдер:
Q(гидр)( Q(сусыз)- Q(крист)
Не себепті мыс сульфатының кристаллогидраты еріген кезде жылу сіңіріледі, ал сусыз мыс сульфаты ерігенде жылу бөлінеді(

26 жұмыс. Еру процесі кезіндегі құбылыс. Еріген кезде көлемнің өзгеруі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет