Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: қарапайым калориметр (200 мл, 400 мл стақандар және мақта), термометр, шыны таяқша, сынауық, кристалдар: NH4NO3, Na2SO4, Na2SO4(10H2O, CuSO4, CuSO4(5H2O
|
1.Натрий хлоридінің суда еруі.
Натрий хлоридінің 10,5 г өлшеп алып, заттардың тығыздығы кестесін пайдаланып, осы тұздың массасы қандай көлем алатынын есептеңдер. 50 мл өлшегіш цилиндрге 45 мл су құйыңдар, оған араластырғаш шыны таяқша және термометр салыңдар. Цилиндрдегі су көлемін және температураны белгілеңдер. Құрғақ құйғы қолдану арқылы ыдыс қабырғаларына тигізбей тұзды салыңдар да, таяқшамен араластыру арқылы толық ерітіңдер. Ерітінділер бөлме температурасына сәйкес келген кезде олардың көлемін белгілеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |