Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009



бет94/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

2. Қышқылдардың күштерін салыстыру
Үш сынауыққа 2-3 мл 1 М тұз, күкірт және сірке қышқылдарын құйыңдар. Бірдей шамадағы мыс түйіршіктерін алып (шамамен 0,2-0,3 г), оларды қышқылы бар сынауықтарға салыңдар. Сутектің бөлінгенін және қай сынауықта сутек жылдам бөлінетіндігін бақылаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар және бұл құбылысты түсіндіріңдер. Қышқылдардың күші қандай қасиетпен анықталады?
3. Сәйкес біртекті иондарды қосқан кезде сутекті және гидроксильді иондар концентрациясының өзгеруі
а) Екі сынауыққа мырыш түйіршіктерін бір-бірден салыңдар да, 1 М тұз қышқылының ерітіндісінен 3 мл құйыңдар. Сутектің бөлінуі бірдей болған кезде бір сынауыққа шамамен 3 мл сірке қышқылды натрийдің концентрлі ерітіндісін құйыңдар, ал екіншісіне сондай мөлшерде дистилденген су құйыңдар. Енді сутектің бөліну жылдамдығын салыстырыңдар. Бақылап отырған құбылысты түсіндіріңдер, Тұз қышқылының мырышпен және сірке қышқылды натриймен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
б) Екі сынауыққа 0,1 М сірке қышқылының ертіндісінен 3 мл-ден құйыңдар. Бірінші сынауыққа ерітінді қаныққанға дейін құрғақ натрий ацетатын салыңдар. Екі сынауыққа да бірдей уақытта, бірдей мөлшерде магний лентасын салыңдар. Сутектің әртүрлі жылдамдықта бөлінуі немен түсіндіріледі? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
в) Екі сынауыққа 0,1 М аммиак ерітіндісінен 3 мл-ден құйыңдар. Біреуіне ерітінді қаныққанға дейін құрғақ аммоний хлоридін салыңдар. Екі сынауыққа да магний хлориді ерітіндісінен 2-3 мл-ден құйыңдар. Неге бір жағдайда тұнба түзілмейді? Реакция теңдеуін жазыңдар және әрекеттесуші массалар заңын пайдалана отырып, байқаған құбылысты түсіндіріңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет