Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009



бет87/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз
Zadaniya s rech kMod1(18.02.13), 6035344306a28 3, альдегидтер мен кетондар, орг.хим. жктелу, 0005c324-0423cfa3, Сапарова Гулшат 308А кунделик 1 кун, Философия конспектілер, Филос 1 Тақырып, Адамзаттың асыл тәжі, 4,5,6,7, Аманқос Г. Арал теңізі, КТЖ АКТ 1 сынып, ТЖБ талдауы ІІ тоқсан, 1 А,Ә, Е кл. 05.05.Русский язык

ЕРІТІНДІЛЕРДІ ДАЙЫНДАУ


22 жұмыс. Берілген пайыздық концентрацияда
ерітінділер дайындау



Қажетті құрал-жабдықтар және реактивтер: стақан немесе өлшеуіш шынышақша, технохимиялық таразы, өлшегіш өлшеуір, 200 мл-ге сай өлшеуіш құты, құйғы, ареометрлер жиынтығы.

Қатты заттардан. Na2CO3(10H2O кристаллогидратынан 200 г 5% натрий карбонатының ерітіндісін дайындау керек (бұл үшін қанша мөлшерде кристалды сода қажет екенін есептеңдер). Ұсақталған соданың бұл мөлшерін алдын-ала өлшенген стаканда немесе шынышақшада технохимиялық таразымен өлшеңдер. Алынған затты еріту үшін судың қандай көлемі қажет екенін есептеңдер. Дайындалған ерітіндінің температурасын өлшеңдер. Егер ол төмендегі кестеде көрсетілген температураға сәйкес келмесе, онда ерітіндіні қыздыру немесе салқындату арқылы көрсетілген шамаға дейін жеткізу керек. Ерітіндіні құрғақ өлшеуірге құйыңдар және ареометр көмегімен тығыздығын анықтаңдар. Ареометрді сумен жуып, абайлап құрғағанша сүртіңдер.

Кесте 4. 200С температурадағы кейбір тұздардың ерітінділерінің пайыздық мөлшері және тығыздықтары





%

NaCl

Na23

BaCl2

%

NaCl

Na2СO3

BaCl2

1

1,005

1,009

-

12

1,086

1,124

1,113

2

1,013

1,019

1,016

14

1,101

1,146

1,134

3

1,027

1,040

1,034

16

1,116

-

1,156

4

1,041

1,061

1,058

18

1,132

-

1,179

5

1,056

1,082

1,072

20

1,148

-

1,203

6

1,071

1,103

1,092

22

1,164

-

1,228

Кестені пайдалана отырып, табылған тығыздық бойынша ерітіндідегі натрий корбанатының пайыздық мөлшерін анықтаңдар. Алынған көрсеткішті берілген ерітінді концентрациясымен салыстырыңдар. Дайындалған ерітіндінің молярлық концентрациясын және эквивалентінің молярлық концентрациясын (бұрын нормальды концентрация деп аталған) есептеңдер. Басқа студенттер осы жолмен барий хлориді, натрий хлориді, натрий сульфаты, натрий тетрабораты (BaCl2, NaCl, Na2SO4, Na2B4O7(10H2O) және т.б. (мұғалімнің тапсырмасы бойынша) ерітінділерді дайындайды.


23 жұмыс. Берілген молярлық концентрациядағы немесе эквиваленттің молярлық концентрациядағы ерітінділер дайындау



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: стақан немесе шынышақша, 200 мл өлшеуіш құты, құйғы, BaCl2(2H2O, концентрлі HCl немесе H2SO4 ерітінділері.

Концентрлі ерітіндіден. Берілген концентрлі ерітіндіден 250 мл 0,1 М тұз қышқылының ерітіндісін дайындаңдар (мұғалімнің тапсырмасы бойынша күкірт немесе басқа қышқылдарды алуға болады). Концентрлі ерітіндінің тығыздығын ареометрмен анықтаңдар. Анықтамалық кестеден оның пайыздық концентрациясын табыңдар. Өлшендіні есептеп алып, одан кейін берілген ерітіндіні дайындауға қажет болатын ерітіндінің көлемін есептеу керек. Өлшеуіш құтыға жартысына дейін су құйыңдар да, оның үстіне құйғы арқылы өлшенген көлемдегі тұз қышқылын (күкірт қышқылын) құйыңдар. Құйғыдағы қышқылды шайып, ерітіндіні араластырып, белгіге дейін су құйып, тығынмен жауып араластырыңдар. Қышқылдық - негіздік титрлеу әдісімен алынған ерітіндінің молярлық және нормалдық концентрациясын анықтаңдар (әдістемені аналитикалық химия оқулықтарынан қараңдар).

24 жұмыс. Сұйықтың сұйықтағы ерігіштігі







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет