Ареометрді қалай қолдану керек? Архимедтің денелердің жүзу заңы ареометр құрылысына негізделген. Ареометр шыны түтіктен тұрады, кеңейтілген (төменгі) бөлігі балластпен - таза және құрғақ металл сынықтарымен толтырылып, балқу температурасы 800С-тан төмен шайыр құйылған. Сұйықтың бетінде ареометр сұйықтың тығыздығына байланысты көп не аз бөлікте батады. Тығыздықты өлшеу кезінде балласт арқылы ареометр тік күйде болады. Жоғарғы бөлігінде шкала белгіленген. Ондағы сандар жоғарыдан төменге қарай өседі. Сұйықтықтың салыстырмалы тығыздығы қаншалық аз болса, соншалық ареометр терең батады. Сондықтан оның шкаласының жоғарғы бөлігінде салыстырмалы тығыздықтың ең кіші мәні жазылып, ал төменгі бөлігінде үлкені жазылады. Мысалы, салыстырмалы тығыздықтары 1-ден кем ерітінділер үшін ареометрлердің төменгі бірлігінде 1,000, жоғары 0,990, одан жоғары 0,980 және т.б. тұрады.
|
Сандарды арасы кҢшкене бҰлҢктерге бҰлҢнген, ол салыстырмалы тыыздыты ш он бҢрлҢк дқлдҢгҢне дейҢн анытауа ммкҢндҢк бередҢ. Е тура ареометрлерде шкала 0,2-0,4 бҢрҢлҢктер мқндерҢндегҢ салыстырмалы тыыздыты анытайды (мысалы, 1,000-тен 1,200-ке дейҢн, 1,200-ден 1,400-ге дейҢн жқне т.с.с. тыыздытарды анытау шҢн). МҒндай ареометрлер салыстырмалы тыыздыты ке интервалда анытауа ммкҢндҢк беретҢн жиынты ретҢнде сатылады. Кейде ареометрлердҢ термометрҢ болады, ол бҢр мезгҢлде температураны да анытауа ммкҢндҢк бередҢ. КҰрсеткҢштердҢ есептеу тҰменгҢ менискҢ бойынша жргҢзҢледҢ. АреометрдҢ кҰбҢне тыыздытары шамалас
|
33-сурет.
Ареометр
|
ерітінділерде дәл мәнін анықтауда қолданылады (мысалы, концентрациялары әртүрлі ерітінділер). Өлшеудің дәлдігі дұрыс болу үшін шкаланың өсімшесі жіңішке етіп жасалынады, сонда азғана тығыздық мәнінің өзгеруі тереңдікке батуына әсер етеді. Тығыздықты өлшеу үшін ареометр сиятындай шыны цилиндрге ерітіндіні құяды және 200С температурада абайлап таза құрғақ ареометрді салады. Ареометрді оның ерітіндіге батпайтығындығына көз жеткізгенше қолдан жібермеу керек, сонымен бірге ареометр цилиндрдің шеті мен түбіне тимеуі керек. 3-4 минутан соң ареометр шкаласындағы мәндерге қарап, ерітіндінің төменгі минискісі бойынша дәл есептейді.
Тығыздықты анықтаған соң ареометрді сумен жуып (егер сулы ерітінділердің тығыздығы анықталса), сүртіп алынған қорапқа немесе жәшікке салады.
Егер суда ерімейтін сұйықтықтардың салыстырмалы тығыздығын анықтайтын болсақ, онда ареометрді қандай да бір органикалық еріткіштермен жуу керек.
Ареометрді сындырып алмай, онымен абайлап жұмыс істеу керек.
Сұйықтықтың қажетті сипаттамаларын бірден беретін арнайы ареометрлер болады. Спирт үшін оның пайыздық мөлшерін бірден көрсететін арнайы спиртометрлер болады; сүт үшін ондағы май мөлшерін көрсететін лактометрлер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |