3. Жас оқытушы мен тәлімгер оқытушының міндеттері
13. Тәлімгер оқытушының міндеттері:
- ғылыми-педагогикалық қызметте пайдаланылатын ұйымдастырушылық, оқу-әдістемелік құжаттарды дайындауға жас оқытушыларды үйрету;
- жас оқытушыларды білім беруді ұйымдастыру мен жүзеге асырудың заңнамалық, нормативтік-құқықтық құжаттарымен, еліміздегі және шетелдегі жоғары кәсіби білім берудің даму тенденцияларымен таныстыру;
- жас оқытушыларды жаңа педагогикалық технологияларды игеруге баулу;
оқу бағдарламалары, силлабустар, пәннің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуде жас оқытушыға көмек көрсету;
жас оқытушының сабағына қатысу;
инновациялық технологиялар мен жаңа педагогикалық тәсілдерді оқу үдерісіне енгізуде жас оқытушыларға көмектесу.
14. Жас оқытушының міндеттері:
- өзінің кәсіби әлеуетін үздіксіз жетілдіріп отыру үшін қазіргі заманғы білім беру мәселелерін талқылауға арналған әдістемелік семинарларға, шеберлік сабақтарына, тренингтерге, дөңгелек үстелдерге, конференцияларға үнемі қатысу;
- кафедраның жылдық жоспарына сәйкес бекітілген ашық сабақтар мен өзара сабақтарға қатысу;
- тәлімгер оқытушының сабағына қатысу;
- тәлімгер оқытушы тарапынан берілген кеңестер мен ұсыныстар бойынша жұмыс жүргізу;
- жаңа әдістемелік әдебиеттермен танысу;
- үнемі педагогикалық ізденісте болу.
Достарыңызбен бөлісу: |