Негізгі оқу бағдарламаның құрылым мен мазмұны
Пәндердің негізгі оқу бағдарламалары мынадай бөлімдерді қамтуы тиіс:
-сыртқы беті;
- алғы сөз;
- түсіндірме жазба;
- пәннің тақырыптық жоспары;
- пәннің мазмұны;
- ұсынылатын әдебиеттер тізімі (негізгі және қосымша).
Сыртқы беті үлгіге сәйкес рәсімделеді (1-қосымша). Пәннің атауы міндетті түрде мамандықтың негізгі оқу жоспарына сәйкес болуы тиіс.
Алғы сөзде 2-қосымшаға сәйкес пән бойынша негізгі оқу бағдарламасын әзірлеушілері, рецензенттері (рецензенттердің саны екеуден кем болмауы тиіс, біреуі – басқа білім беру ұйымынан, өндірістен және т.б.).
Түсіндірме жазбада пәннің мақсаты, оның бәсекеге қабілетті кадрлар даярлаудағы рөлі мен маңызы, мамандықтың кәсіптік білім беру бағдарламаларының пәнаралық байланыстарын жүйелендіруі, пәнді оқытатын пәндер тізбесі және пәнді меңгеру үшін қажетті білімді, іскерлік пен дағдыны қамтитын пәндер тізбесі көрсетілуі тиіс.
Пәннің мазмұны кіріспе мен негізгі бөлімнен тұрады.
Кіріспеде пәнді оқытудың мақсаты мен міндеті, пәннің объектілері мен оны оқытудың әдістері туралы мәліметтер, пәннің басқа да ғылымдар арасындағы рөлі мен алатын орны қамтылады.
Пән мазмұнының негізгі бөлімі пәнді меңгеру үшін білім көлемі туралы нақты ақпарат беруі, әрбір тақырып бойынша білім саласына сәйкес келетін іргелі, жалпыға танылған және арнайы түсініктен тұруы тиіс.
Оқу бағдарламасында пән мазмұны тараулар мен тақырыптар бойынша жасалады. Осы ретте тақырыптар тізбесі пәнді толық түсіну сияқты оқылатын объект туралы түсінік алуды да қамтамасыз етуі тиіс. Пәннің мазмұнына ғалымдардың осы ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы ақпарат енеді, оның дамуының қазіргі заманғы үрдістері мен келешегі көрсетіледі.
Пәннің мазмұны қысқаша, айқын тілмен, шегіністерсіз баяндайлу қажет.
Негізгі бөлімнің соңында практикалық (семинарлық) және зертханалық сабақтар (лабораториялық практикум) тақырыптарының болжамды тізбесі, курстық жобалар мен жұмыстардың, графикалық және есеп-графикалық жұмыстардың, сондай-ақ сабақтар мен тапсырмалардың пәннің құрылымына сәйкес басқа да түрлері мен болжамды тақырыптары жазылады.
Ұсынылған әдебиеттердің (негізгі және қосымша) тізімі пән мазмұнының барлық мәселелерінің қазіргі заманғы ғылыми және әдіснамалық деңгейде толық қамтылуын қамтамасыз ететін атаулардың жеткілікті санынан тұруы тиіс.
Ұсынылыған әдебиет жаратылыстану-техникалық бағытындағы мамандықтарға соңғы 10 жылдағы басылымдарды қамту қажет, әлеуметтік-гуманитарлық мамандықтарға – соңғы 5 жылдағы.
Пәндердің негізгі оқу бағдарламалары мынадай талаптарға сәйкес рәсімделеді: А-4 форматында, әрбір беті нөмірленген, шектері – 2 см барлық жақтарынан, бір жоларалық интервал арқылы ені тураланып, автоматты түрде көшірілуімен Times New Roman, 14 шрифтімен терілуі тиіс. Абзац басындағы шегініс – 1 см.
1-қосымша
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Достарыңызбен бөлісу: |