2. ҒЗЖ нәтижелерін білім беру үдерісіне ендірудің түрлері
7. ҒЗЖ нәтижелерін білім беру үдерісіне ендіру түрлері сан алуан, оқу қызметінің барлық элементтерін қамтиды және ішінара бір білім беру бағдарламасы аясының шегінде болуы да мүмкін.
8. ҒЗЖ нәтижелерін білім беру үдерісіне ендірудің формаларына мыналар жатады:
білім алушылардың болашақ кәсіби қызметімен өзара байланыстыра отыра ҒЗЖ тақырыптамасы бойынша проблемалық дәрістер оқу;
дәрістер мен семинарларға жаңа теориялық бөлімдер қосу;
ҒЗЖ тақырыптамасы есебінен міндетті және қосымша оқу әдебиеттері тізбесін кеңейту;
пәннің оқу бағдарламасының зертханалық практикумына жаңа жұмыстарды енгізу;
қосылыстарды зерттеу, талдау, сәйкестендірудің жаңа әдістемелерін игеру;
жаңа аспаптарда жұмыс жасау қағидаларын меңгеру;
ҒЗЖ тақырыптамалары бойынша білім алушылардың рефераттар, курстық жұмыстар, теориялық шолулар жазуы;
кафедраның ҒЗЖ байланысты оқу-ғылыми орталықтарда көшпелі теориялық және тәжірибелік сабақтар;
Кафедраның ғылыми бағыттары бойынша білім алушылардың ғылыми-зерттеу жобаларын орындауы;
ҒЗЖ тақырыптамасы бойынша білім алушыларды экспериментталды, ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту;
білім алушыларды студенттік ғылыми конференцияларға қатысуға дайындау;
білім алушыларды университеттегі және университеттен тыс ғылыми конференцияларға қатысуға дайындау;
ҒЗЖ қорытындылары бойынша мақала жазуға білім алушыларды тарту;
кафедралар үшін ҒЗЖ проблематикасы және қорытындылары бойынша білім алушылардың стенділер, плакаттар, слайдтар, мультимедиялық таныстырылымдарды жасауы мен безендіруі;
Осы ереже ҒЗЖ ендірудің басқа түрлерін шектемейді.
9.ҒЗЖ нәтижелерін оқу үдерісіне ендіру кезінде ғылыми ұжымның ҒЗЖ туралы мәліметтерінен тұратын ақпараттық құралдардың барынша кең ауқымының пайдаланылғаны мақсатқа сай болады. Олар: монографиялар, патенттер; ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters, Scopus мәліметтер базасына енетін жоғары рейтингілі ғылыми басылымдарда жарияланған ғылыми мақалалар мен шолулар; алыс шетелдердегі конференциялар, симпозиумдар материалдарындағы баяндамалар тезисі; жоғары деңгейдегі конференциялар мен кеңестердегі стенділік баяндамалар; диссертация қорғау және басқа ғылыми ақпарат көздері.
Достарыңызбен бөлісу: |