5. Дипломдық жұмысты (жобаны) рәсімдеу ережелері
37. Дипломдық жұмыс (жоба) компьютер мен принтерді пайдаланып, баспа тәсілімен, А4 форматтағы ақ қағаздың бір бетіне бір интервал арқылы орындалуы тиіс. Шрифт – TimesNewRoman, кәдімгі, кегль 14.
Дипломдық жұмыс (жоба) мәтінін беттің келесі көлемдерін сақтай отырып басу керек: сол жағы – 30 мм, үстіңгі жағы – 20 мм, оң жағы – 10 мм және төменгі жағы – 25 мм.
Белгілі бір терминдер, формулалар, теоремаларға назар түсірудің компьютерлік мүмкіндіктерін түрлі гарнитураларды қолдана отырып пайдалануға рұқсат етіледі.
Дипломдық жұмыс (жоба) орындау тәсіліне қарамастан басылған мәтіннің және иллюстрациялар, кестелер, басып шығарылғандардың сапасы оларды айқын шығару талаптарына жауап беруі тиіс.
Дипломдық жұмыс (жоба) орындау процесінде қате басылу, жаңылыстар мен графикалық дәлсіздіктерді өшіріп тазарту немесе ақ бояумен бояп, сол жерге түзетілген мәтінді (графиканы) машинкаға теру немесе қолмен жазу тәсілімен (қара сия немесе қара тушьпен) түзетуге рұқсат етіледі.
Дипломдық жұмыстағы (жобадағы) тегі, мекеме, ұйым, фирмалар атауы мен бұйым атаулары және басқа жалқы есімдер түпнұсқа тілінде беріледі.
Жалқы есімдерді транслитерациялауға және ұйым атауын дипломдық жұмыс (жоба) жазу тіліне аударып келтіруге рұқсат етіледі.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілемелер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланған әдебиеттер тізімі» жұмыстың құрылымдық элементтерінің тақырыбы қызметін атқарады.
Дипломдық жұмысты (жобаны) бөлімдер мен бөлімшелерге бөлу керек. Әрбір бөлім мен бөлімшеде аяқталған ақпарат болуы тиіс.
Бөлімдердің жиынтық атауы дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбын ашуы, ал бөлімшелердің жиынтық атауы тиісті бөлімді ашуы тиіс.
Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары өздерінің мазмұнын айқын әрі қысқаша көрсетуі тиіс.
Бөлімдер мен бөлімшелердің атауларын жаңа жолдан бос жер қалдырып, бас әріптермен соңына нүкте қоймай, астын сызбай жазу керек.
Егер атау екі сөйлемнен тұрса оларды нүктемен бөледі.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) беттерін араб сандарымен, барлық мәтін бойына номерлеуді сақтай отырып номерлеу керек. Беттің номерін парақтың төменгі жағының қақ ортасына нүктесіз қояды.
Титуль парақ беттердің жалпы номерленуіне кіреді. Титуль парақтың бет номері қойылмайды.
Бөлек парақтарға орналасқан иллюстрациялар мен кестелерді дипломдық жұмыстың (жобаның) беттерінің жалпы номерленуіне кіргізеді.
A3 форматтағы иллюстрациялар, кестелер бір бет деп есептеледі.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) бөлімдерінің барлық құжат шегінде реттік номерлері болуы тиіс, олар араб сандарымен нүктесіз белгіленіп, жаңа жолдан бос жер қалдырып жазылады. Бөлімшелер әр бөлім шегінде номерленуі тиіс. Бөлімше номері бөлім мен бөлімшенің номерлерінен тұрып, нүктемен бөлінеді. Бөлімше номерінің соңында нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі және одан көп бөлімшелерден тұруы мүмкін.
Мысал
1. Типтік және негізгі көлемдері
1.1
Достарыңызбен бөлісу: |