Дипломдық жұмыс (жоба) жазу тәртібіне қойылатын талаптар
Дипломдық жұмыс (жоба) жазу үшін кафедраның ұсынысы бойынша әрбір студентке ғылыми жетекші тағайындалады.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшілері болып ғылыми зерттеулер саласы мен ғылыми жарияланымдары білім алушының мамандық бейініне сай келетін профессорлар, доценттер, университеттің ең тәжірибелі оқытушылары мен ғылыми қызмектерлері, не болмаса басқа ұйымдардың ғылыми қызметкерлері мен жоғары білікті мамандары тағайындалады.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі:
- дипломдық жұмыс (жоба) орындау үшін тапсырмалар береді;
- студентке дипломдық жұмыс (жоба) орындаудың барлық кезеңіне күнтізбелік жұмыс кестесін жасауға көмектеседі;
- студентке тақырып бойынша қажетті негізгі әдебиеттерге, анықтамалық және архив материалдарына, типтік жобалар мен басқа да дереккөздерге ұсыныс береді;
- кеңес беру кестесін белгілейді, оны жүргізу кезінде студенттің диплом жұмысын орындаудың күнтізбелік кестесін қадағалауына ағымды бақылау жасайды;
- дипломдық жұмыстың (жобаның) барлық бөлімдерінің көлемін айқындайды және диплом жазушы мен кеңес берушілердің жұмыстарын үйлестіріп отырады.
Күнтізбелік жұмыс кестесі барлық кезеңге жасалып, жекелеген бөолімдерді орындау кезектілігі көрсетіледі және ғылыми жетекшімен келісіледі.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісінің ұсыныс беруімен, қажет болған жағдайда, кафедра ғылыми жетекшілікке бөлінген уақыт есебінен дипломдық жұмыстың (жобаның) жекелеген бөлімдері бойынша кеңес беруші шақыра алады.
Профессорлар, доценттер, жоо-ң оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ басқа ұйымдардың ғылыми қызметкерлері кеңес берушілер бола алады. Кеңес берушілер студент орындағын жұмыстың тиісті бөлімдерін тексеріп, оған қолдарын қояды.
Бітіртуші кафедра дипломдық жұмысты (жобаны) орындау басталғанға дейін әдістемелік нұсқаулықтар жасап, студенттерді қамтамасыз етуі тиіс, оларда мамандық және осы ережелер бойынша кәсіби-білім бағдарламаларына сәйкес дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға қойылатын талаптар белгіленеді.
Кафедра меңгерушісі студенттің дипломдық жұмысты (жобаны) орындауы бойынша мезгіл-мезгіл есеп беру мерзімдерін белгілейді. Осы мерзім ішінде студент ғылыми жетекшісі мен кафедра меңгерушісінің алдында есеп беріп, олар дипломдық жұмыстың (жобаның) дайындық деңгейін тіркеуге алып, бұл туралы факультет деканынан хабарлайды.
Дипломдық жұмыс (жоба) мамандық бойынша әдебиеттерді (оқулықтар, оқу құралдары, мерзімді әдебиеттер, лекциялық курстар, журналдар, оның ішінде шетел тілдеріндегі, нормативтік әдебиеттер т.б.) терең зерттеу негізінде орындалады.
Әрбір дипломдық жұмыстың (жобаның) тапсырмаға сәйкес жекелеген перспективті теориялық немесе практикалық мәселелерінің әзірленімі болуы тиіс.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі мәтіні шығармашылық пайымды ашуы, зерттеудің қолданылған әдістерін негіздеуі, әдетте компьютерлік технологияларды қолдану арқылы орындалатын есептеулердің өзі мен есептеудің қабылданған әдістері, жүргізілген сынамалардың сипаттамасы, олардың талдауы мен олар бойынша тұжырымдар, нұсқалардың техника-экономикалық салыстырмалары және қажет болса иллюстрациялар, графикалар, эскиздер, диаграммалар, схемалармен, бағдарламалық өнімдермен және т.с.с. қоса жүруі тиіс.
Дипломдық жұмыспен (жобамен) жұмыс істеуді студент жоо-да, сондай-ақ кәсіпорындарда, ұйымдарда, ғылыми, жобалау-конструкторлық және басқа ұйымдарда орындай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |