Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұны мен құрлымы
Өз мазмұны бойынша дипломдық жұмыс (жоба) жоғары оқу орны студентінің нақты мамандық бойынша бітіруші курста қолжазба түрінде өз бетінше дайындайтын ғылыми-зерттеу жұмысын (жобалық шешімін) білдіреді.
Дипломдық жұмыс (жоба) көлемі, ереже бойынша, ғылыми-жаратылыстық және техникалық бағыттардың мамандықтары бойынша 40-60 бет, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттардың мамандықтары үшін 50-70 бет болады. Гуманитарлық мамандықтар бойынша дипломдық жұмыс көлемі 100 бетке дейін жетуі мүмкін. Қосымшалар дипломдық жұмыстың (жобаның) көрсетілген көлеміне кірмейді.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылымдық элементтері болып табылады:
- мұқаба;
- титуль парақ;
- реферат;
- мазмұн;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды (тұжырымдар);
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар.
Мұқабада келесі мәліметтер беріледі:
- дипломдық жұмыс (жоба) орындалған ұйым атауы;
- студенттіңтегі мен инициалдары;
- дипломдық жұмыс (жоба) тақырыбының атауы;
- жұмыс түрі – дипломдық жұмыс (жоба);
- мамандықтың шифры мен атауы;
- қала, жылы.
Титуль парақ дипломдық жұмыстың (жобаның) бірінші беті болып табылады және құжатты іздеу мен өңдеуге қажетті ақпарат көзі қызметін атқарады.
Титуль парақта келесі мәліметтер беріледі:
- дипломдық жұмыс (жоба) орындалған ұйым атауы;
- дипломдық жұмыс (жоба) орындалған кафедраның атауы;
- шектеуші гриф (ол қажет болғанда);
- кафедра меңгерушісінің бекіткен қолы;
- жұмыс түрі – дипломдық жұмыс (жоба);
- дипломдық жұмыс (жоба) тақырыбының атауы, «.... тақырыбына » деп көрсетілген;
- мамандықтың шифры мен атауы;
- сол жақта – «орындаған» сөзі, қарсысындағы оң жақта студенттің тегі мен инициалдары көрсетіледі;
- бір жол қатар төменде «ғылыми жетекші» деп жазылып, жетекшінің тегі мен инициалдары, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы көрсетіледі;
- қала, жылы.
Мұқаба мен титуль парақты рәсімдеу үлгісі сәйкесінше 1 және 2 Қосымшаларда берілген.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі рефератта болуы тиіс:
- жұмыстың көлемі туралы, иллюстрациялар, кестелер, пайдаланылған көздер саны туралы мәліметтер;
бітіруші жұмыстың мазмұнын сипаттайтын кілт сөздердің тізбесі;
жұмыстың мақсаттаыр мен міндеттері, пайдаланлыған әдістер мен аппаратура, алынған нәтижелер;
олардың практикалық пайдаланылуы.
Реферат көлемі 1000 белгіден аспауы тиіс.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұны кіріспе, барлық бөлімдер, бөлімшелердің реттік номерлері мен атаулары, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі және дипломдық жұмыстың (жобаның) элементтері басталатын беттерінің номерлері көрсетілген қосымшалар атауын қамтиды.
Кіріспеде дипломдық жұмыстың (жобаның) өзектілігін, ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығын негіздеу, шешілетін ғылыми проблеманың қазіргі жағдайын бағалау болуы тиіс, сондай-ақ дипломдық зерттеудің мақсаты, міндеттері мен объектісі, дипломдық жұмысты (жобаны) жазудың теориялық және методологиялық негізі мен практикалық базасы келтірілген болуы тиіс.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлігінде орындалған жұмыстың мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен негізгі нәтижелерін көрсететін мәліметтерді келтіреді.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлігі, ереже бойынша, бөлімдер мен бөлімшелерге (тараулар мен параграфтар) бөлінеді.
Қорытындыда (тұжырымда) дипломдық зерттеудің нәтижелері бойынша қысқаша тұжырымдар, қойылған міндеттердің толық шешілуіне берілген бағасы, зерттелген объекті бойынша нақты ұсынымдар болуы тиіс.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмысқа қойылатын талаптарға сәйкес рәсімделеді.
Қосымшада дипломдық зерттеуді орындауға қатысты, бірақ негізгі бөлімде көрініс таппаған материалдар қамтылады.
Дипломдық жұмыстағы (жобадағы) барлық мәліметтердің қабылданған дәлдігі мен жан-жақтылығына студент - дипломдық жұмыстың (жобаның) авторы жауапкершілік арқалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |