3. Электронды оқу басылымдарына қойылатын жалпы талаптар ЭОБ-ның негізгі объектісі берілген оқу дисциплина көлемінде оқылатын және оқу мақсаттарына сау құрылған СБР болуы тиіс.
3.1 ЭОБ – да қолданушы интерактивті түрде қарым қатынас жасай алатындай сонымен қатар ЭОБ-ның толығымен және жеке бөліктері қалай жұмыс жасап жатқандығы түсінікті болатын формада жазылып, көрнекі және түсінікті интерфейсі болуы керек.
3.2 ЭОБ – да имитациялы компьютерлік модельдер тапсырмалар мен оқылып жатқан объектілердің, процестердің және құбылыстардың құрылымын өзгерте алатын ыңғайлы құралы болуы керек. Оқушының компьютер модельдерімен қатынасы оқу, ғылыми және дидактикалық есептермен жүргізіліп, оның түсінікті болуына жұмсалатын интеллектуалды күштің көлемін азайту керек.
3.3 ЭОБ ашық және жабық айналада қолданыла алуы керек. ЭОБ жабық кеңістікте тасымалданатын ақпарат көздерінде орналасып жеке компьютерде де желіде де жеңіл орындалуы керек. ЭОБ ашық кеңістікте глобалды желіде орналасып, жұмыс істеуі үшін браузер бағдарламаларын қолданады.
3.4 ЭОБ операциялық жүйе версиясын ескеріп, сонымен қатар қосымша бағдарламалық құралдарды қажет етпейтін ашық кодты операциялық жүйелерде де орнатылуы керек. Орнату комплектінде тәуелсіз жұмыс істеуге қажеттінің бәрі болу керек: қаріптер, мемлекеттік және халықаралық стандарттарға сай драйверлер мен бағдарламалар пакеті.
3.5 ЭОБ бастапқы кодтарды өзгертпей оның мазмұнына өзгертулер мен жетілдірулер жасалатындай қарапайым және қолжетімді болу керек. Сонымен қатар ол оқу материалдары мен статистикалық ақпараттарды қорғай алуы керек.