Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 48



бет189/189
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#58660
түріПравила
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   189
5. Қоғаммен қарым-қатынас

3.5.1. Оқытушы тек педагог, жаттықтырушы және тәрбиеші ғана емес, қоғамдық ағартушы, мәдени құндылықтарды сақтаушы, тәртіпті және білімді адам болып табылады.


3.5.2. Оқытушы қауымдастықтың барлық тобымен орынды өзара әрекеттестік жасауға үлес қосады. Жеке ғана емес қоғамдық өмірде араздықтан, конфликтіден, ұрыс-керістен қашқақтайды. Оқытушы мәселелерді, алауыздықты көре алады және оны шешу жолдарын біледі.
3.5.3. Оқытушы өзінің азаматтық борышы мен әлеуметтік рөлін жақсы түсінеді және орындайды.
3.5.4. Оқытушы университеттік, аймақтық және мемлекеттік саясат аумағындағы ағартушылық туралы өзінің пікірін айтуға құқылы. Дегенмен оның пікірлері тенденциялы түрде нақты емес, арам ниетті және тіл тигізетін сипатта болмауы тиіс.
3.5.5. Оқытушы конфиденциалды қызметтік ақпаратты жариялауға құқығы жоқ.


ІУ. Кодекс ережелерін бұзғандығы үшін жауапкершілік

4.1. Осы Кодекстің ережелерін оқытушының бұзуы университеттің жарғысымен көзделген ректорат мәжілісінде және (немесе) Академиялық Кеңесте қаралады.


4.2. Осы Кодекстің ережелерін оқытушылардың қадағалауы оқытушыны атқарып жүрген қызметіне сәйкестігіне аттестаттаудан өткізу кезінде, тәрбие жұмыстарын атқарып жүрген қызметкер осы жұмысты жалғастыруға сыйыспайтын, адамгершілікке жат қылықтар жасаған жағдайда тәртіптік шара қолдану кезінде, сондай-ақ еңбек міндеттерін адал атқарып жүрген қызметкерлерді көтермелеу кезінде ескеріле алады.
4.3. Жаңа қызметкерді жұмысқа қабылдаған кезде әкімшілік оны өзінің кәсіби құзыреті шегіндегі іс-қимылдары туралы хабардар етуге, біліктілік мінездемесінің, жоғарғы мектеп оқытушысының кәсіби этика Кодексінің мазмұнымен таныстырып, қолын қойғызуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет