3. Әкімшілікпен өзара қарым-қатынас
3.3.1. Оқытушының кәсіби этика Кодексі сөз және сенім еркіндігі, шыдамдылық, демократиялық және әділдік қағидасына негізделеді. Білім беру үдерісінің негізгі субъектісі ретінде оқытушыға қабілеттері мен икемділіктерінің толық ашылуына барынша мүмкіндік береді.
3.3.2. Университетте өзара сыйластық, жақсы ниеттілік және тіл табысу орын алған қарым-қатынас мәдениеті сақталады. Мұндай атмосфераның құрылуын университет басшылығы және этика бойынша комиссия қадағалайды.
3.3.3. Әкімшілік саяси, діни, философиялық көзқарастардың, талғамдар мен пікірлердің әртүрлілігіне шыдамдылық таныта отырып, пікіралмасу, келісім жасау және тіл табысу үшін жағдай жасайды.
3.3.4. Әкімшілік оқытушыларды жеке пікірлері мен сенімдері немесе симпатиясы мен антипатиясы негізінде кемсітуге, шеттетуге немесе ізіне түсуге құқығы жоқ. Әкімшіліктің оқытушыларға қатынасы теңқұқылы негізде жүзеге асырылады.
3.3.5. Әкімшілік оқытушының еңбек міндетіне байланысты емес жеке өмірі туралы мәліметтерді талап ете алмайды.
3.3.6. Оқытушының университет қызметіне қосқан үлесі әділетті және объективті бағалануы тиіс.
3.3.7. Университет үшін мәні бар ақпараттарды әкімшіліктен алуға құқығы бар.
3.3.8. Оқытушылар әкімшілікке сыйластық қатынас танытып, субординация сақтауға міндетті. Егер конфликт туындаған жағдайда этикалық нормаларды сақтай отырып, шешуге тырысады.
3.3.9. Оқытушылар мен әкімшілік қызметкерлері университеттің материалды-техникалық базасы мен басқа да ресурстарына ұқыптылықпен қарайды және негіздемемен тұтынады.
Достарыңызбен бөлісу: |