Толерантты мінез құлықты дамыту
13-апта семинар
«Толеранттылық – бейбітшілікке жетуге мүмкіндік беретін және соғыс жағдайынан бейбітшілік жағдайына жеткізетін дүние», - деп 1995 жылы (БҰҰБҒМҰ)-ның бас Конференциясында қабылданған толеранттылық қағидаттары жөніндегі Декларациясында айтылған. Толеранттылық – дегеніміз бейбітшілікті қалау қасиеті, сонымен қатар этникалық, діни, саяси, конфессионалдық және жеке адамдар арасындағы келіспеушіліктерге, жас және гендерлік айырмашықтарға қатысты шыдамдылық таныту және «өзге адамдардың» өмір сүруге тең құқылы екендігін мойындау болып табылады. Толеранттылық - ол адами рақымшылдық: түрлі адамдар мен идеялар әлемінде өмір сүру өнері, сонымен қатар, құқық пен еркіндікке ие бола тұра өзге адамдардың құқықтары мен еркіндігін бұзбау. Дегенмен, толеранттылық - көну, мейірімділік көрсету немесе құптаушылық емес, ол өзгені мойындау негізіндегі белсенді өмірлік ұстаным. Көптеген сарапшылар толеранттылық мәселесін тәрбие саласына, яғни қарым-қатынас мәдениетіне жатқызады. Олай ойлаудың өз себебі бар, өйткені толеранттылық жеке бір қасиет емес, ал тұлғаның өзара байланысты қасиеттерінің нәтижесі. Ал тұлғаның жетілуі тәрбиемен, қатынаспен және біліммен тікелей байланысты. Толерантты мінез-құлықты қалыптастыру мәселесі тек мектептерде ғана емес, сонымен қатар жалпы қоғамда орын алатын маңызды мәселелердің бірі. Барлық адамдардың бірегей емес екендігін және оларды сол күйінде қабылдау керектігін жетерліктей түсіне тұра, әрдайым әдепті және дұрыс болмайтынымыз рас. Оңай дүние болмағанымен, өзгелерге қатысты шыдамдылық таныта білуіміз өте маңызды.
Бұндай қасиеттің болуы мәдениеттің және жеке тұлғаның мінезі мен психологиялық деңгейімен байланысты. Тәрбиелеудегі және жалпы әлеуметтенудегі амалдардың алуан түрлілігі шиеленісті ұғынудың түрлі әдістерімен және оған деген көзқараспен байланысты екендігі белгілі. Шиеленіс қатысушылары оны қалай қабылдайтыны, қандай көзқараста болатыны жиі жағдайларда шиеліністі шешудегі негізгі мәселе болып келеді. Жанжалтану (конфликтология) ұстаным тұрғысынан, толеранттылық дегеніміз – полиэтникалық және мәдениет-аралық қоғамдық шиеленіске деген сабырлықты айқындайтын әлеуметтік норма. Бұл анықтама этникалық және мәдени түрлілігімен ерекшеленетін Қазақстан, Ресей, Бразилия, Канада, Қытай, АҚШ және т.б. елдер үшін әсіресе өзекті болып келеді.
1. Саяси толеранттылық – түрлі партиялар мен бірлестіктердің атқаратын жұмысына деген қатынас. 2. Ұлтаралық толеранттылық – түрлі ұлт өкілдеріне деген қатынас, кейбір ұлт өкілдерінің кемшіліктері мен жағымсыз іс-әрекеттерін өзгелермен байланыстырмау. 3. Нәсілдік толеранттылық – өзге нәсіл өкілдеріне қатысты теріс ұғымды ұстанбау. 4. Діни толеранттылық – түрлі концессиялардың діни ерекшеліктерін мойындау. 5. Гендерлік толеранттылық – өзге жыныс өкілдеріне дұрыс көзқараспен қарау. 6. Жас ерекшелік толеранттылығы – түрлі жас мөлшердегі адамдарға дұрыс көзқараспен қарау. 7. Физиологиялық толеранттылық – науқас, мүгедек, сыртқы кемшіліктері бар адамдарға деген қатынас. 8. Білімдік толеранттылық – сауаты жоғары тұлғалардың білім дәрежесі төмендеу адамдардың сөздеріне және іс-әрекеттеріне шыдамды қатынасы. 9. Географикалық толеранттылық – шағын қалашық, ауыл және басқа аймақтардың тұрғындарына және керісінше дұрыс көзқараспен қарау. 10. Таб-аралық толеранттылық – түрлі дәрежедегі дүние-мүлік иелерінің – байлардың кедейлерге, кедейлердің байларға шыдамды көзқарасы.11. Маргиналдық толеранттылық (қоғамның маргиналды өкілдеріне қатысты толеранттылық) – кедейлерге, мүсәпірлерге, сотталғандарға және т.б. деген қатынас.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, «толеранттылықтың», танымпаздық, эмоционалды бағалау, жүріс-тұрыстық компоненттерінің интегративті сипатын көрсететін және өзгелердің мәдени, әлеуметтік тәнділігіне, ұлтына, діни нанымдарына, біліміне, жас шамасына, кәсібіне және көзқарастарына қарамай өзара түсінісу барысындағы белсенді көргенді ұстанымды білдіретін тұлғалық қасиет болып танылатын феномен анықтамасын дұрыс деп есептейміз.