Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 48



бет34/189
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#58660
түріПравила
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   189
Жалпы ережелер
Кәсіптік практика білім беру бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады сонымен қатар теориялық білімдерін бекітуге, практикалық дағдылары мен құзыреттіліктерін қалыптастыруға, озық тәжірибені игеруге бағытталған. Кәсіптік практиканың барлық түрінің жалпы көлемі 6 кредиттен кем болмауы тиіс.
Кәсіптік практика оқу жұмыс бағдарламалары мен оқу жұмыс жоспарларына сәйкес оқу (таныстыру),педагогикалық, өндірістік және диплом алды түрлеріне айқындалған.
Кәсіптік практиканың әр түрінің мақсаты, міндеттері мен бағдарламасы бар,оларға байланысты кәсіптік практиканың тиісті базасы айқындалады.
Білім алушыны кәсіптік практиканың барлық түрлеріне жіберу,өту мерзімдерін, практиканың базасы мен жетекшісін көрсете отырып,оқу орнынын оқу ісі жөніндегі проректоры-бірінші проректорының бұйрығымен рәсімделеді.
Білім алушыларға Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдама беріледі.
Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері, көлемі мен мазмұны стандарттармен, үлгілік және оқу жұмыс жоспарларымен және бағдарламалармен айқындалады.
Білім алушының кәсіптік практикалары академиялық күнтізбеге сәйкес өткізіледі. Кәсіптік практиканың келісім шарттары практиканың базасымен, практика басталғанға бір ай бұрын кеш емес мерзімде жасалады. Кәсіптік практикалардың барлық түрлері бойынша бағдарламаларды ҚР МЖМБС негізінде кафедралар практика базалары басшыларымен келісе отырып әр бір білім алушыға дербес әзірлейді және университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры-бірінші проректоры бекітеді.
Білім алушылардың кәсіптік практиканы өткізу үшін базасы ретінде жарғылық қызметі мамандарды даярлаудың бейініне және білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін ұйымдар айқындалады.
Кәсіптік практиканың базасы ретінде айқындалған ұйыммен білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізуге арналған үлгілік шарттың нысаны негізінде құрастырылған кәсіптік практика түрі көрсетілген, оны өткізу туралы үш жақты жеке дара шарттар және кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу қағидаларынын қосымшаларына сәйкес нысандары бойынша жасалады. (1,2,3 Қосымшалар).
Білім алушыларды кәсіптік практиканың барлық түрлеріне жіберу, өту мерзімдерін, практика базасы мен жетекшісін көрсете отырып, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің оқу ісі жөніндегі проректор-бірінші проректордың бұйрығымен практика басталудан 1 ай бұрын рәсімделеді.
Практикалардың жетекшілері ретінде мамандықтың ерекшелігін және практика базасының қызметін жақсы білетін, креативті кәсіби ойлайтын, оқытушыларға сұраныс байқауынан өткен кафедралардың тәжірибелі оқытушылары тағайындалады.
Практика жетекшісі бағдар беру және қорытынды конференцияларын ұйымдастырады, практика бағдарламасына сәйкес кеңестер өткізеді, практиканың өтілу барысына бақылау жүргізеді, практика бойынша есептерін тексеріп, қорғау жұмыстарын жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет