5. Мамандықтың оқу-әдістемелік кешеніне енгізуге міндетті: - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын;
- типтік оқу жоспарын;
- жұмыс оқу жоспарын;
- мамандық пәндерінің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуін;
- кәсіптік практиканың өтілуі бойынша әдістемелік нұсқауларын;
- диплом жұмысы (жоба) орындалуы бойынша әдістемелік нұсқауларын (талап етілген жағдайда);
- білім алушылардың қорытынды аттестаттау бойынша әдістемелік нұсқауларын;
6 Пәннің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеудің мақсаты мен негізгі ережелері: - нақты мамандықтың білім бағдарламасындағы оқу пәнінің алатын орны мен маңызын анықтау;
-білім бағдарламасында пәнаралық логикалық байланысты жүзеге асыру;
- оқу дәрістерінің түріне және тақырыптарына байланысты оқу сағаттарын бөлу;
- білім алушылардың дәрісханалық және дәрісханадан тыс жұмыстарын ұйымдастыру;
- білім алушының танымдық және шығармашылық қабілетін арттыру;
- оқу және зерттеу үдерістерінің өзара байланысын қамтамасыздандыру.
6.1 ПОӘК мамандықтың ҚР МЖМБС-на, мамандық пәндері бойынша бекітілген типтік оқу жоспарлары мен негізгі (үлгілік) оқу бағдарламалары сәйкес құрастырылады.
6.2 ПОӘК мамандық бойынша академиялық оқу топтарының тілдік оқу түріне байланысты қазақ/орыс немесе шетел тілдерінде даярланады.
6.3 ПОӘК тьютормен әзірленеді.
6.4 ПОӘК осы Ереже негізінде дайындалып, кафедра мәжілісінде, бағыт бойынша Академиялық кеңесінде қаралып, оң баға алынған жағдайда факультет деканымен бекітіледі.
6.5 ПОӘК бекітілгеннен кейін түптеліп, 1 данасы кафедрада сақталады, 1 данасы университет кітапханасының оқу залына өткізіледі немесе электрондық нұсқасы серверге орналастырылады.