Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 48


Электронды оқу басылымының мазмұнына және құрылымына қойылатын талаптар



бет121/189
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#58660
түріПравила
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   189
4. Электронды оқу басылымының мазмұнына және құрылымына қойылатын талаптар
4.1 ЭОБ (электронды оқулық, электронды әдістемелік құрал, электронды кітап) негізгі контентте білімді тексеру үшін тесттік сұрақтар және қосымша мультимедиа компоненттерінен тұрады.
4.2 Негізгі контентте тапсырмалар, мысалдар, ЭОБ мақсаты мен міндетіне қатысты, оқу материалының барлығы болу керек. Теориялық материал құрамында оқу курсы бойынша өзекті ақпарат болуы тиіс және ол алдыңғы тақырыптарды қайталауды қажет етпей өзіндік оқу, тапсырма орындау және білім тексерісінен өту үшін жеткілікті болу керек. Оқу материалын жеткізу түсінікті, нақты, толық және қарама-қайшылықтарсыз болу керек.
1) Мысалдар сұраққа жауаптын тұжырымдамасын, тапсырманың шешімін, жаттығуды орындаудағы теориялық материалдардың маңызды жеке аспектілерінің егжей-тегжейлі талқылауды қамтамасыз ету қажет және т.с.с
2) Тапсырманы талқылау үшін оның ойдағыдай пішініне сонымен қатар күткен нәтижелердің талаптарына, орындалған әрекеттің алгоритмін түсіндірумен болу керек.
4.3 Тесттер сұрақтан және оның жауап нұсқалардан құрауы қажет. Оқу материалынан алған терең білімнің арқасында оқытушы дұрыс жауабын таба алатындай, бұрыс жауаптары өз мазмұнына сай дұрыс жауапқа жақын болу керек. Тесттер құрамында құрушылардың әрекеті мен жауабындағы көп кездесетін қателіктер туралы ескертулер және оларды жөндеу мен қателеспеу үшін түсіндірмелер болуы мүмкін. Тест тапсырмаларының түрлері.
1) Көптің біреуі – тек біреуі дұрыс болатын бірнеше жауап нұсқасы. Автор қайсысының дұрыс екенін нақты көрсетуі керек.
2) Көптің көбі – бірнешеуі дұрыс болатын бірнеше нұсқа. Автор қайсысының дұрыс екенін нақты көрсетуі керек.
3) Енгізу алаңы – автор енгізген барлық нұсқалар дұрыс болады. Тыңдаушы енгізген нұсқа автордың бір нұсқасымен сәйкес болса оның жауабы дұрыс деп саналады.
4) Сәйкестік – ұғымның бірнеше жұбы.
5) Реттеу – қолданушы реттеу керек ұғымдардың жиыны.
6) Ия/Жоқ – қолданушы ия немесе жоқ деп жауап беруге тиісті. Ал автор жауаптың қайсысы дұрыс екендігін алдын ала көрсетуі керек.
7) Суреттегі аймақ – сұрақ пен суреттің автормен көрсетілген байланыс, қолданушы өз кезегінде жауап ретінде сол бөлікті таңдау керек.
8) Бірнеше сөздің бос орындары - Автор бірнеше сөзі жоқ сөйлемдерді құрады. Қолданушы оны толтыруы керек. Автор бір сөздің орнына дұрыс жауап ретінде бірнеше сөзді қолдана алады.
9) Бірнеше енгізу орындары – тыңдаушыға бірнеше сөзді теруге тапсырма беріледі. Автор әр алаңға дұрыс жауап ретінде бірнеше ұғымды енгізе алады.
4.4 Қосымша мультимедиа компоненттеріне кіретіндер: оқу курсында қарастырылатын объекті, процестер және құбылыстардың ең маңызды жақтары мен жағдайларын көрсету мен ашу үшін қажетті қосымша дидактикалық материалдарды көрсетуге арналған графика, аудио, бейне. Электронды кітапқа қосымша мультимедия компоненттері сәйкесінше кірмейді.
4.5 ЭОБ – оқу бейне лекциясы 3 негізгі этаптан тұрады:
1) Кіріспеде дисциплина тақырыбын зерттеудің мақсаты мен мәселелерін анықтау керек, кәсіпқой дайындық дисциплиналарымен байланысын көрсетіп, оқылатын материалдың ерекшеліктерін атап өту керек.
2) Ақпаратты толық меңгеру үшін ойлаудың 3 дәрежесі белсенді болу керек: пәндік-сезімдік, түсініктік-логикалық және бейнелі-эмоционалдық.
3) Материалды жақсы меңгеру үшін оқу бейне лекцияны жеке бөліктерге өлген дұрыс. Мүмкіндігінше оқу материалын пәндік-сезімдік ойлаудан түсініктік-логикалық және (немесе) бейнелі-эмоционалдық ойлауға өтетін 6, 12, 24 минутты интервалдарға бөлген жөн.
4) Оқу бейне лекциясын жасау кезінде сөйлесудің табиғи, әңгімелік сонымен қатар шартты түрі қолданылады: суреттер, математикалық, химиялық, логикалық формулалар мен өрнектер, сонымен қатар техникалық әдістер: Компьютерлік анимация, фон, ақпарат пен лектордың сөздерін сәйкестендіру, көлемді виртуалды моделдер, ақпаратты көп экранды түрде көрсету.
5) Оқу материалын көрсету монотонды болмау керек.
6) Оқу бейне лекциясына әртүрлі демонстрациялық материал қосылады (авторлық құқықты сақтау арқылы).
4.6 ЭОБ контенті оқудың үшдеңгейлі семантикалық бірліктеріне бөлінуі тиіс: 1 деңгей – модульдер, 2 деңгей – блоктар, 3 деңгей – тақырыптар.
1) Модуль ірі синтаксистік, семантикалық және прагматикалық оқу бірлігі болып табылады және ол блоктан блокқа өту барысында көлем мен мазмұнның өсуімен бірге мағыналық байланыстары бар логикалық байланысы бар қатардан тұрады.
2) Блок орташа синтаксистік, семантикалық және прагматикалық оқу бірлігі болып табылады және ол блоктан блокқа өту барысында көлем мен мазмұнның өсуімен бірге мағыналық байланыстары бар логикалық байланысы бар қатардан тұрады.
3) Тақырып ең кіші синтаксистік, семантикалық және прагматикалық оқу бірлігі болып табылады және ол танымды, көрнекті-танымды және басқаратын СОР тұрады.
4.7 Теориялық материал құрамында оқу курсы бойынша өзекті ақпарат болуы тиіс және ол алдыңғы тақырыптарды қайталауды қажет етпей өзіндік оқу, тапсырма орындау және білім тексерісінен өту үшін жеткілікті болу керек.
4.8 Графика, аудио және бейне - процестер және құбылыстардың ең маңызды жақтары мен жағдайларын көрсету мен ашу үшін қажетті қосымша дидактикалық материалдарды көрсетуге арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет