7. Магистрлік диссертацияны қорғауға ұсыну және қорғау ісі
68. Бекітілген талаптарға сәйкес рәсімделген магистрлік диссертация/магистрлік жоба алдын ала қорғау процедурасынан өтіп, ғылыми жетекшінің пікірін алу үшін болжанған қорғау күніне дейін үш ай бұрын бітіртуші кафедраға ұсынылады. Егер магистрлік диссертация/магистрлік жоба бойынша ректордың бұйрығымен сабақтас ғылым саласынан ғылыми кеңесші қосымша тағайындалса, онда ғылыми жетекші мен ғылыми кеңесшінің пікірлері бір-бірінен тәуелсіз, бөлек дайындалады.
69. Ғылыми жетекші мен ғылыми кеңесшінің пікірлері (бар болса) алдын ала қорғау процедурасынан өткен күннен бастап 10 (он) күн ішінде «қорғауға жіберілді» немесе «қорғауға жіберілмеді» деген дәлелді қорытындысын көрсетіп магистрантқа беріледі.
Университет диссертацияны диссертация орындалған кафеданың (кафедралардың) мәжілісінде кафедра мүшелерінің кемінде 2/3 (үштен екісі), сондай-ақ ғылыми жетекші мен ғылыми кеңесшінің (болған кезде) қатысуымен талқылауды қамтамасыз етеді.
70. Алдын ала қорғау процедурасынан сәтті өткеннен кейін, ғылыми жетекші (3 Қосымша) мен ғылыми кеңесшінің (болған кезде) оң пікірлері мен диссертацияны плагиатқа тексеру туралы қорытынды болған кезде диссертант диссертациясын қорғауға ұсынады.
71. Диссертантты қорғауға жіберу және қажетті құжаттарды дайындау процедурасы кешенді емтихан мен диссертация қорғау арасындағы кезеңде жүргізіліп, бір айдан аспауы тиіс.
72. Қорғауға қабылданған диссертацияның бір данасын магистрант университеттің ғылыми-техникалық кітапханасына қорғауға дейін бір ай бұрын ұсынады және диссертация қорғалғанға дейін сонда қолжазба құқығымен сақталады. Ойдағыдай қорғалғаннан кейін диссертация университет архивіне беріледі.
73. Магистрлік диссертация/магистрлік жоба бойынша ресми оппонент тағайындалады, оның біліктілігі (ғылыми дәрежесі) қорғалатын жұмыстың бейініне сәйкес болады.
Ресми оппонент тиісті:
1) диссертация тақырыбы бойынша жарияланған магистрант жұмыстарының бірлескен авторы болмауы;
2) диссертация орындалған немесе магистрант тапсырыс беруші немесе орындаушы (бірге орындаушы) болып табылатын жұмыстар жүргізіліп жатқан университет бөлімшесі мен ғылыми ұйымның қызметкері болмауы;
3) МАК мүшесі болмауы.
74. Ресми оппоненттердің кандидатуралары қорғауға дейін 1 ай бұрын бітіртуші кафедраның ұсынысы арқылы ректордың бұйрығымен бекітіледі, онда ресми оппонетті тағайындау туралы негіздемелер, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы мен жетекшілік ететін магистрлік диссертацияның саласы бойынша негізгі жарияланымдарының тізімі (соңғы 5 жылда кемінде 3 жұмысы) көрсетілген анкеталық мәліметтері және болжанған оппоненттің жазбаша келісімі бар болады.
75. Ресми оппонент магистрлік диссертацияны/магистрлік жобаны және диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстарды зерттеу негізінде, ресми оппоненттерді тағайындау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап 10 (он) күн ішінде жазбаша рецензия дайындайды (4 Қосымша), онда диссертацияға жан-жақты сипаттама береді, таңдап алынған тақырыптың өзектілігін, диссертацияда түзілген ғылыми ережелер, тұжырымдар мен ұсынымдардың негізделу деңгейін, олардың жаңашылдығын жан-жақты бағалайды. Ресми оппоненттің рецензиясының түйіндемелік бөлімінде бағасы («үздік», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» көрсетілген және магистр немесе тиісті мамандық бойынша ғылым магистрі дәрежесін беру мүмкіндігі дәлелденген қорытындысы берілуі тиіс. Ресми оппоненттің қойған қолы бекітілген тәртіпте куәландырылады.
76. Ресми оппоненттің рецензиясының көшірмесі магистрантқа диссертация қорғағанға дейін 10 күн бұрын беріледі.
77. Факультет деканы мен диссертант МАК-на келесі құжаттарды ұсынады:
1) магистранттың жеке жоспарды орындағаны, барлық пәндер бойынша алынған бағалары, олардың көлемі, тапсырған курстық жұмыстары мен практика түрлері туралы факультет деканының анықтамасы;
2) магистранттың ғылыми жетекшісінің (ғылыми кеңесшісунің) пікірі;
3) магистрлік диссертацияның/магистрлік жобаның ресми оппонентінің рецензиясы;
4) қатты қағазбен түптелген диссертация;
5) кафедраның оң қорытындысы;
6) диссертацияның тақырыбы мен ғылыми жетекшісін және ғылыми кеңесшісін бектіу туралы ректордың бұйрықтарының көшірмелері;
7) магистрант қол қойған және университеттің Ғылыми Кеңесінің хатшысы куәландырған жұмыстар тізімі мен баспа-таңбасы;
8) диссертацияны университет кітапханасына тапсыру туралы анықтама.
МАК-не ұсынылған барлық материалдардың көшірмелерінің бір данасы университеттің жоо кейінгі білім бөліміне өткізіледі.
МАК хатшысы құжаттарды қабылдау жүргізеді.
МАК-не орындалған магистрлік диссертацияның/магистрлік жобаның ғылыми және практикалық құндылығын сипаттайтын басқа да материалдар, бейресми пікірлер, диссертация бейіні бойынша практикалық қызмет жүргізіп отырған ұйымның жазбаша қорытындылары, ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу туралы анықтамалар немесе актілер, материалдар, бұйымдар, ауылшаруашылық өнімдерінің макеттері, минералдар, гербарийлер коллекциялары және осындай тағы басқалар да ұсыныла алады.
78. МАК егер пікір көрсетілген талаптарға сай келмесе оны ресми оппонентке қайтаруға немесе диссертация қорғау күнінен кемінде 10 күн бұрын ресми оппонентті ауыстыруға құқылы.
79. МАК мәжілісі егер оған мүшелердің кемінде 2/3 қатысса, заңды деп саналады.
80. Ресми оппонент пен ғылыми жетекші диссертация қорғауға қатысуға міндетті. Диссертацияға оң баға берген ресми оппонент дәлелді себеппен қатыспаса, айрықша түрде магистрлік диссертацияны қорғау жүргізуге рұқсат етіледі (бұл жағдайда ресми оппонентті кері шақыру МАК мәжілісінде толық жария етіледі). Тағы айрықша жағдайда, оппоненттерге МАК-ң осы мәжілісінде on-line режимінде бейне-конференция түрінде сөйлеуге рұқсат етіледі.
81. Диссертацияны көпшілік алдында қорғау ғылыми пікірталас сипатында болып, жоғары талапшылдық, принципшілдік пен ғылыми әдепті сақтау жағдайында өтуі тиіс, бұл ретте диссертациядағы ғылыми және практикалық сипаттағы нәтижелер, тұжырымдар мен ұсынымдардың негізделуі, жаңашылдығы тыңғылықты талдауға алынуы тиіс.
82. Магистрлік диссертацияны/магистрлік жобаны қорғау нәтижелері туралы шешімді МАК жабық мәжілісте, оған қатысқан МАК мүшелерінің көпшілік жәй ашық дауыс беруімен қабылдайды және бекітілген үлгідегі хаттамамен рәсімделеді.
83. Хаттамаға мәжіліске қатысқан МАК төрағасы мен мүшелері қолдарын қояды.
84. Қорғау нәтижелері бойынша МАК теріс шешім шығарған диссертация, теріс шешім шығарылғаннан кейін кемінде бір жылдан кейін қайта өңделген түрде қайтадан қорғауға ұсыныла алады. Қайтадан қорғау кезінде қорғауға жіберудің барлық процедурасы қайтадан жүргізіледі, ресми оппонент ауыстырылуы тиіс.
85. Диссертациялық жұмысты қорғау нәтижелері оларды жүргізу күні жарияланады.
1 Қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ҚорқытАта атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Политехникалық факультет
«Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасы
ӘОЖ 539.17.01
СМАЙЛОВ ЖАСУЛАН ДЮСЕНБАЕВИЧ
Ғылыми жетекшісі:
техника ғылымдарының докторы,
профессор Н.Б.Иванов
Қазақстан Республикасы
Қызылорда, 20__ ж
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ҚорқытАта атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Политехникалық факультет
«Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі__________
«___»__________201_жыл
Магистрлік диссертация (магистрлік жоба)
МҰНАЙ САҚТАУҒА АРНАЛҒАН БОЛАТ резервуарЛАРДЫҢ ТӨЗІМДІЛІГІ
мамандығы: 6М072900- Құрылыс
(ғылыми-педагогикалық бағыт)
Магистрант ___________________
(қолы) (инициалдары, тегі)
Ғылыми жетекшісі,
Техника ғылымдарының
Докторы ___________________
(қолы) (инициалдары, тегі)
Факультет деканы ___________________
(қолы) (инициалдары, тегі)
Кызылорда, 20__ ж.
2 Қосымша
СУРЕТТЕР, КЕСТЕЛЕР МЕН ӘДЕБИЕТЕРДІ РӘСІМДЕУ МЫСАЛДАРЫ
1) Суретті рәсімдеу мысалы
I - Суточные колебания содержания лейкоцитов. Обозначения кривых: контроль (1); 2-3 сутки роста опухоли (2); 3-7 сутки роста (3); Л - коэффициент суточной периодичности (а); показатель суточной адаптивности (б): А - отсутствие адаптации, Б - слабая адаптация,. В - умеренная адаптация, Г - сильная адаптация к смене дня и ночи.
1 сурет- Колебания содержания лейкоцитов периферической крови
2) Кестелерді рәсімдеу мысалы
1 кесте - Распределение КСП отдельных клеток лейкоцитарной формулы
Типы
|
Контроль
|
ЛСП, 7 день
|
Клеток
|
зима
|
Лето
|
зима
|
лето
|
Нейтрофилы
|
0,93
|
0,87
|
0,91
|
1,09
|
Эозинофилы
|
1,30
|
2,46
|
0,75
|
1,46
|
Моноциты
|
1,07
|
1,54
|
0,79
|
1,14
|
Лимфоциты
|
1,01
|
1,03
|
1,04
|
0,93
|
3) Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (үлгісі)
Тулегенова Г.С. Биология трансплантированных опухолей. -Алматы: Наука, 2003. - 216с.
Ефимов М.Л., Аскарова Г.С. Суточные биологические ритмы и злокачественный рост//Усп. совр. биологии. - 2003. - Т. 103. -№ 2. - С. 255-270.
Пат. 72931 РК. Способ переработки сырья //Иванов МИ., Малдыбаев Н.К.; опубл. 30.03.93, Бюл. №12. - 2 с: ил.
А.С. 386018. РК. Способ извлечения металлов//А.Г.Акатаев, Б.И.Петров; опубл 17.05.97, Бюл. №15. -2с: ил.
Георгиева Р.С. Изменения в системе свертывания крови у больных злокачественными опухолями//Вопросы экспер. и клин, онкол.: сб. науч. тр. Института онкологии и радиологии.- Алматы, 2004. - С.214-217.
Баженов Л.Г., Кулинская Л.Л., Сорочинская И.Н. Сезонные изменения содержания иммуноглобулинов в крови клинически здоровых лиц//Тезисы докл. III Всес. конф. по хронобиол. и хрономед. - Ташкент, 1990.-320 с.
Садыков Л.П., Березовская И.В. Сезонные изменения показателей свертывания крови у крыс и кроликов//Институт ветеринарии.–М.,1989. - 210с. - Деп. в ВИНИТИ 13.09.89, № 5853 – В.89.
Изучение кинетики и химизма процессов: отчет о НИР//ИМиОН АН РК. - Алматы, 1985. - 240с.-Инв. №81047478.
Омарова Г.П. Экспериментальная терапия саркомы Т-1 в зависимости от ее митотической активности:автореф. дисс. канд. биол. наук:.04.03.04. -М.:МГУ, 2004. -16 с.
Vachaspati T., Videnkin A., Evolution of cosmic nets. // Phys.Rev.-2003. – Vol. 46, № 2. - Р. 1133-1140.
Паустовский К.Г. Золотая роза//Соч.: В 7 т. – М., 1984. - Т. 3. -С.287 - 528.
ГОСТ Р 51771 - 2001. Аппаратура радиоэлектронная бытовая. Входные и выходные параметры и типы соединений//Технические требования. - Ввел. 2002-01-01. – М.: Госстандарт России: Изд-во стандартов, 2001. - IV, 27с: ил.
Айдосов А.Х. Основной закон: богатый диапазон действия// Кызылординские вести. - 2005. - 11 августа. - С.2.
3 Қосымша
Ғылыми жетекшінің (кеңесшінің)
ПІКІРІ
_________________________________________
( магистранттың Т.Е.Ә.)
_______________________________________________ мамандығы бойынша (білім бағдарламасының атауы)
магистр дәрежесіне ізденуге ұсынылған
«_________________________________________________________________
(диссертация атауы)
_________________________________________________________________»
диссертациялық жұмысына
Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Нәтижелердің негізделуі және шынайылық деңгейі
Нәтижелердің теориялық және практикалық маңызы
Диссертацияның мазмұны мен рәсімделуі бойынша кемшіліктер
Диссертацияның ғылыми біліктілік жұмысына қойылатын талаптарға сәйкестігі.
Диссертацияны көпшілік алдында қорғауға ұсыну (немесе бас тарту)
Ғылыми жетекші, кеңесші,
(ғылыми дәрежесі, атағы) (Т.Е.Ә.)
4 Қосымша
Ресми оппоненттің
ПІКІРІ
_________________________________________
( магистранттың Т.Е.Ә.)
_______________________________________________ мамандығы бойынша
(білім бағдарламасының атауы)
магистр дәрежесіне ізденуге ұсынылған
«_________________________________________________________________
(диссертация атауы)
_________________________________________________________________»
диссертациялық жұмысына
1.
|
Зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның жалпығылыми, жалпы мемлекеттік бағдарламалармен байланысы (ғылым мен техниканың дамуы және практика сұраныстарына).
|
2.
|
«Магистр» (немесе ғылым магистрі) дәрежесіне ізденуге арналған ғылыми біліктілік жұмысқа белгіленген талаптар шеңберіндегі ғылыми нәтижелері.
|
3.
|
Диссертацияда түзілген магистранттың әрбір нәтижесінің (ғылыми ережесінің), тұжырымдары мен қорытындысының негізделу және шынайылық деңгейі.
|
4.
|
Диссертацияның әрбір нәтижесінің (ережесінің), тұжырымы қорытындысының жаңашылдық деңгейі.
|
5.
|
Алынған нәтижелердің ішкі бірлігінің бағасы.
|
6.
|
Алынған нәтижелердің өзекті проблемаларды, теориялық және/немесе қолданбалы міндеттерді шешуге бағытталуы.
|
7.
|
Диссертацияның негізгі ережелері, нәтижелері, тұжырымдары мен қорытындысының жариялануын дәлелдеу.
|
8.
|
Рефераттың диссертация мазмұнына сәйкестігі.
|
9.
|
Диссертацияның мазмұны мен ресімделуіндегі кемшіліктер.
|
10.
|
Диссертацияның өз бетінше жасалатын ғылыми біліктілік жұмысына қойылатын талаптарға сәйкестігі.
|
Рецензент:
(ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы) (т.е.ә.)
«______»______________20____ж.
Қойылған қолды
куәландырамын:
т.е.ә., қолы, мөр
ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚҰ ҚҰРАЛДАРЫН ҚҰРУ ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.1 Бұл ережелер электронды оқулық жасаудың негізгі талаптарын анықтап, ҚР 34.017 – 2005 «Ақпараттық технологиялар. Электронды басылым. Электронды оқулық баспасы» бабына сәйкестендіріліп жасалған.
1.2 Электронды оқулық баспасы
- заманауи ғылымның дамуына,студенттер білімі мен қабілетін оқу процесстері мақсатына байланысты белсенді және шығармашылық түрде қабылдауына жағдай жасауға
- ақпаратқа толы болып, әдістемелік әдістердің сапасымен, анықтылығымен, логикалық түсініктілігімен және оқу материалдарының реттелгендігімен, сонымен қатар технологиялық орындаудың жоғары деңгейі мен әдемі безендірілуімен ерекшеленуі тиіс.
2. Негізгі терминдер мен анықтамалар
2.1 Сандық білім ресурсы (СБР) – білім беру процесстерінде қолданылатын сандық ақпараттық объектіге жақындатылған, сандық ақпараттық формада сақталып таратылатын ақпараттық білім беру ресурсы.
СБР функционалдық ерекшелігіне қарай: танымдық, теориялық материалды игеруге арналған(танымдық аудио және видео дәрістер, кітаптың сандық сипаттамасы және т.с.с), көрнекі танымдық – материалдың көрнекілік танылуына және модельдеуі үшін қолданылатын(виртуалды лабораториялар, лаборатория құрылғыларының қызметін алмастыратын жаттығу құрылғылары), басқарушы – өтілген теориялық материалды тексеріп есте сақтау үшін(тесттік формалар және есептер мен тапсырмаларды орындауға арналған формалар).
2.2 Электронды оқу басылымы (ЭОБ) – магниттік(оптикалық) құрылғыда немесе локалды, аймақтық немесе глобалды ЭЕМ желілерінде сақталатын оқу құралдарының электронды түрдегі басылымы.
Электронды оқу басылымы оның мәртебесіне (таңба) және оқу мәліметтерінің толықтығымен нысанына қарай электронды оқулық, электронды оқу құралы, видео дәрістер, виртуалды лабораториялық комплекс және электронды кітапдеп бөлінеді.
2.3 Электронды оқулық – оқу пәнінің жүйелік сипаттамасынан тұратын, техникалық және ғылыми-әдістемелік жоғары деңгейде дайындалған, бөлімдері берілген басылымның ISBN белгісі мен ресми мәртебесі бар, басылымның талаптарына толығымен сәйкес келетін негізгі электронды басылым.
2.4 Электронды оқу құралы– оқу пәнінің маңызды бөліктерінен тұратын, сонымен қатар есептер жинағы, анықтамалықтар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу экспериментінің нұсқаулығы, тәжірибелік, курстық жұмыстық және дипломдық нұсқаулықтан тұратын, ұйымның редакциялық-басылымдық кеңесі тағайындайтын берілген басылымның ISBN белгісі бар,ресми мәртебеге ие негізгі электронды басылым.
2.5 Видео дәрістердің кешені - оқу пәнінің тақырыптарын бөліп түсіндіретін немесе белгілі бір мұғалімнің оқу программасының авторлық көзқарасын көрсететін көрнекі оқу – теориялық басылым.
2.6 Виртуалды лабораториялық комплекс – белгілі бір дисциплина көлемінде лабораториялық жұмыс сипаттамасы, орындау барысында туындайтын есептердің шығару жолдарын көрсететін әдістемелік нұсқаулығы бар электронды басылым.
2.7 Электронды оқулық – баспадағы оқу басылымының мазмұны бойынша іздеу мүмкіндігі бар сандық көшірмесі (pdf, djvu форматындағы)болып табылатын электронды басылым.
3. Электронды оқу басылымдарына қойылатын жалпы талаптар
ЭОБ-ның негізгі объектісі берілген оқу дисциплина көлемінде оқылатын және оқу мақсаттарына сау құрылған СБР болуы тиіс.
3.1 ЭОБ – да қолданушы интерактивті түрде қарым қатынас жасай алатындай сонымен қатар ЭОБ-ның толығымен және жеке бөліктері қалай жұмыс жасап жатқандығы түсінікті болатын формада жазылып, көрнекі және түсінікті интерфейсі болуы керек.
3.2 ЭОБ – да имитациялы компьютерлік модельдер тапсырмалар мен оқылып жатқан объектілердің, процестердің және құбылыстардың құрылымын өзгерте алатын ыңғайлы құралы болуы керек. Оқушының компьютер модельдерімен қатынасы оқу, ғылыми және дидактикалық есептермен жүргізіліп, оның түсінікті болуына жұмсалатын интеллектуалды күштің көлемін азайту керек.
3.3 ЭОБ ашық және жабық айналада қолданыла алуы керек. ЭОБ жабық кеңістікте тасымалданатын ақпарат көздерінде орналасып жеке компьютерде де желіде де жеңіл орындалуы керек. ЭОБ ашық кеңістікте глобалды желіде орналасып, жұмыс істеуі үшін браузер бағдарламаларын қолданады.
3.4 ЭОБ операциялық жүйе версиясын ескеріп, сонымен қатар қосымша бағдарламалық құралдарды қажет етпейтін ашық кодты операциялық жүйелерде де орнатылуы керек. Орнату комплектінде тәуелсіз жұмыс істеуге қажеттінің бәрі болу керек: қаріптер, мемлекеттік және халықаралық стандарттарға сай драйверлер мен бағдарламалар пакеті.
3.5 ЭОБ бастапқы кодтарды өзгертпей оның мазмұнына өзгертулер мен жетілдірулер жасалатындай қарапайым және қолжетімді болу керек. Сонымен қатар ол оқу материалдары мен статистикалық ақпараттарды қорғай алуы керек.
4. Электронды оқу басылымының мазмұнына және құрылымына қойылатын талаптар
4.1 ЭОБ (электронды оқулық, электронды әдістемелік құрал, электронды кітап) негізгі контентте білімді тексеру үшін тесттік сұрақтар және қосымша мультимедиа компоненттерінен тұрады.
4.2 Негізгі контентте тапсырмалар, мысалдар, ЭОБ мақсаты мен міндетіне қатысты, оқу материалының барлығы болу керек. Теориялық материал құрамында оқу курсы бойынша өзекті ақпарат болуы тиіс және ол алдыңғы тақырыптарды қайталауды қажет етпей өзіндік оқу, тапсырма орындау және білім тексерісінен өту үшін жеткілікті болу керек. Оқу материалын жеткізу түсінікті, нақты, толық және қарама-қайшылықтарсыз болу керек.
1) Мысалдар сұраққа жауаптын тұжырымдамасын, тапсырманың шешімін, жаттығуды орындаудағы теориялық материалдардың маңызды жеке аспектілерінің егжей-тегжейлі талқылауды қамтамасыз ету қажет және т.с.с
2) Тапсырманы талқылау үшін оның ойдағыдай пішініне сонымен қатар күткен нәтижелердің талаптарына, орындалған әрекеттің алгоритмін түсіндірумен болу керек.
4.3 Тесттер сұрақтан және оның жауап нұсқалардан құрауы қажет. Оқу материалынан алған терең білімнің арқасында оқытушы дұрыс жауабын таба алатындай, бұрыс жауаптары өз мазмұнына сай дұрыс жауапқа жақын болу керек. Тесттер құрамында құрушылардың әрекеті мен жауабындағы көп кездесетін қателіктер туралы ескертулер және оларды жөндеу мен қателеспеу үшін түсіндірмелер болуы мүмкін. Тест тапсырмаларының түрлері.
1) Көптің біреуі – тек біреуі дұрыс болатын бірнеше жауап нұсқасы. Автор қайсысының дұрыс екенін нақты көрсетуі керек.
2) Көптің көбі – бірнешеуі дұрыс болатын бірнеше нұсқа. Автор қайсысының дұрыс екенін нақты көрсетуі керек.
3) Енгізу алаңы – автор енгізген барлық нұсқалар дұрыс болады. Тыңдаушы енгізген нұсқа автордың бір нұсқасымен сәйкес болса оның жауабы дұрыс деп саналады.
4) Сәйкестік – ұғымның бірнеше жұбы.
5) Реттеу – қолданушы реттеу керек ұғымдардың жиыны.
6) Ия/Жоқ – қолданушы ия немесе жоқ деп жауап беруге тиісті. Ал автор жауаптың қайсысы дұрыс екендігін алдын ала көрсетуі керек.
7) Суреттегі аймақ – сұрақ пен суреттің автормен көрсетілген байланыс, қолданушы өз кезегінде жауап ретінде сол бөлікті таңдау керек.
8) Бірнеше сөздің бос орындары - Автор бірнеше сөзі жоқ сөйлемдерді құрады. Қолданушы оны толтыруы керек. Автор бір сөздің орнына дұрыс жауап ретінде бірнеше сөзді қолдана алады.
9) Бірнеше енгізу орындары – тыңдаушыға бірнеше сөзді теруге тапсырма беріледі. Автор әр алаңға дұрыс жауап ретінде бірнеше ұғымды енгізе алады.
4.4 Қосымша мультимедиа компоненттеріне кіретіндер: оқу курсында қарастырылатын объекті, процестер және құбылыстардың ең маңызды жақтары мен жағдайларын көрсету мен ашу үшін қажетті қосымша дидактикалық материалдарды көрсетуге арналған графика, аудио, бейне. Электронды кітапқа қосымша мультимедия компоненттері сәйкесінше кірмейді.
4.5 ЭОБ – оқу бейне лекциясы 3 негізгі этаптан тұрады:
1) Кіріспеде дисциплина тақырыбын зерттеудің мақсаты мен мәселелерін анықтау керек, кәсіпқой дайындық дисциплиналарымен байланысын көрсетіп, оқылатын материалдың ерекшеліктерін атап өту керек.
2) Ақпаратты толық меңгеру үшін ойлаудың 3 дәрежесі белсенді болу керек: пәндік-сезімдік, түсініктік-логикалық және бейнелі-эмоционалдық.
3) Материалды жақсы меңгеру үшін оқу бейне лекцияны жеке бөліктерге өлген дұрыс. Мүмкіндігінше оқу материалын пәндік-сезімдік ойлаудан түсініктік-логикалық және (немесе) бейнелі-эмоционалдық ойлауға өтетін 6, 12, 24 минутты интервалдарға бөлген жөн.
4) Оқу бейне лекциясын жасау кезінде сөйлесудің табиғи, әңгімелік сонымен қатар шартты түрі қолданылады: суреттер, математикалық, химиялық, логикалық формулалар мен өрнектер, сонымен қатар техникалық әдістер: Компьютерлік анимация, фон, ақпарат пен лектордың сөздерін сәйкестендіру, көлемді виртуалды моделдер, ақпаратты көп экранды түрде көрсету.
5) Оқу материалын көрсету монотонды болмау керек.
6) Оқу бейне лекциясына әртүрлі демонстрациялық материал қосылады (авторлық құқықты сақтау арқылы).
4.6 ЭОБ контенті оқудың үшдеңгейлі семантикалық бірліктеріне бөлінуі тиіс: 1 деңгей – модульдер, 2 деңгей – блоктар, 3 деңгей – тақырыптар.
1) Модуль ірі синтаксистік, семантикалық және прагматикалық оқу бірлігі болып табылады және ол блоктан блокқа өту барысында көлем мен мазмұнның өсуімен бірге мағыналық байланыстары бар логикалық байланысы бар қатардан тұрады.
2) Блок орташа синтаксистік, семантикалық және прагматикалық оқу бірлігі болып табылады және ол блоктан блокқа өту барысында көлем мен мазмұнның өсуімен бірге мағыналық байланыстары бар логикалық байланысы бар қатардан тұрады.
3) Тақырып ең кіші синтаксистік, семантикалық және прагматикалық оқу бірлігі болып табылады және ол танымды, көрнекті-танымды және басқаратын СОР тұрады.
4.7 Теориялық материал құрамында оқу курсы бойынша өзекті ақпарат болуы тиіс және ол алдыңғы тақырыптарды қайталауды қажет етпей өзіндік оқу, тапсырма орындау және білім тексерісінен өту үшін жеткілікті болу керек.
4.8 Графика, аудио және бейне - процестер және құбылыстардың ең маңызды жақтары мен жағдайларын көрсету мен ашу үшін қажетті қосымша дидактикалық материалдарды көрсетуге арналған.
4.9 Тезаурус ЭОБ пәндік жағына қатысты терминдер мен қысқартулар сөздігі болу керек.
5. Электронды оқу баспалар қызметіне қойылатын талаптар
ЭОБ жұмысында келесі функциялар жүзеге асырылуы керек: пайдаланушыларды тіркеу; деректерді қорғау; навигация; мазмұнын көрсетуді ұйымдастыру; оқу траекториясын анықтау; оқыту мен тексеру; тестілеу; статистикалық есеп.
5.1 Пайдаланушыларды тіркеу функциясы ЭОБ қолданушысы туралы деректерді енгізу, түзету және жоюды қамтамасыз ету керек.
5.2 Деректерді қорғау функциясы ЭОБ мазмұны мен тестілеу нәтижелерінің бүтіндігін, сонымен қатар қолданушыға белгілі бір деректерге рұқсат беріп, басқа деректерге рұқсат бермеу үшін авторизация жасалуды қамтамасыз ету қажет.
5.3 Навигация функциясы ЭОБ құрылымы бойынша орын ауыстыруға мүмкіндік беру керек.
5.4 Мазмұнын көрсетуді ұйымдастыру функциясы тапсырма орындауды, сұрақтарға жауап беруді және ағымдағы білімін тексеруді қажет етпей ЭОБ мазмұнымен алдын-ала танысуға мүмкіндік беруі қажет.
5.5 Оқу траекториясын анықтау функциясы тестілеу, толық немесе өз таңдауы негізінде оқу сабақтарының ретін құру мен білім тексеруді қамтамасыз ету керек.
1) Өз таңдауы оқу траекториясына өз еркімен модульдерді, блоктарды және тақырыптарды ЭОБ мазмұнындағы номерлерін белгілеу арқылы қосуға мүмкіндік беру керек.
2) Тестілі таңдау оқу траекториясына оқушының ЭОБ оқу материалының барлық көлемі бойынша алынған тестілеу нәтижесіндегі дұрыс жауаптар жеткіліксіз болған барлық модуль, блок және тақырыптарды қосуды қамтамасыз ету керек.
3) Толық таңдау оқу траекториясына автоматты түрде ЭОБ барлық модульдері, блоктары мен тақырыптарын қосуды қамтамасыз ету қажет.
5.6 Оқыту мен тексеру функциясы оқу траекториясы бойынша теорияны зерттеу, тапсырмаларды интерактивті орындау, сұрақтарға жауап беру және ағымдағы, аралық және қорытынды білім тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар егер жинаған дұрыс жауаптар жеткіліксіз болған жағдайда оқушы ағымдағы ЭОБ оқуын қайта өту қажет. Оқу процесінде имитациялы компьютерлік моделдеу функциясы болуы мүмкін.
5.7 Тестілеу функциясы нәтижелерді бекіту немесе бекітпеу мүмкіндігінің көмегімен ЭОБ көлемі бойынша автоматтандырылған тестілеу арқылы бапталатын тестіден өту уақытын шектеуді ескеру керек.
5.8 Статистикалық есеп функциясы сұранысқа байланысты оқушының берілген оқу бірлігін меңгеру дәрежесін және басқа да статистикалық деректерді көрсетуді қамтамасыз ету керек.
6. Электронды оқу баспаларын дайындау реті
ЭОБ құру түріне байланысты келесі этаптардан тұрады:
6.1 Электронды кітап жасау келесі этаптардан тұрады:
1) Электронды түрдегі қолжазба негізінде құрылған электронды кітап:
- Қолжазбаны ҰРБК қарастыру мен бекіту.
- Баспадағы қолжазбамен жасалатын түзетушілік жұмыс және ЭОБ құрумен айналысатын құрылымдық бөлімде қолжазбаны портативті әмбебап (pdf, djvu) форматтарға аудару.
- Дайын электронды кітапты баспада ҰРБК ұсынатын көлемде басып шығару.
- Дайын өнімді кітапханаға тапсыру.
2) Баспа оқу құралдарына негізделіп жасалынған электронды кітап.
- Баспа оқу құралдарын ғылыми кітапхананың ақпараттық технологиялар бөлімінде сандық түрге аудару және оны портативті әмбебап форматтарға көшіру.
- Дайын электронды кітапты баспада ҰРБК ұсынатын көлемде басып шығару.
- Дайын өнімді кітапханаға тапсыру.
6.2 Электронды оқу құралдарын құру келесі этаптардан тұрады:
1) ҚР ҒБМ таңбасы бар электронды оқу құралы:
- РОӘК қолжазбаны қарастыру мен бекіту.
- Баспадағы қолжазбамен жасалатын түзетушілік жұмыс.
- ЭОБ құрумен айналысатын құрылымдық бөлімде қолжазба негізіндегі электронды оқу құралын жасау.
- Электронды оқу құралын оқулықтар орталығында сараптама жасау және ҚР ҒБМ таңбасын басу.
- Дайын электронды кітапты баспада ҒӘК (ғылыми-әдістемелік кеңес) ұсынатын көлемде басып шығару.
- Дайын өнімді кітапханаға тапсыру.
2) Университет таңбасы бар электронды оқу құралы:
- Қолжазбаны ҒӘК қарастыру мен бекіту.
- Баспадағы қолжазбамен жасалатын түзетушілік жұмыс.
- ЭОБ құрумен айналысатын құрылымдық бөлімде қолжазба негізіндегі электронды оқу құралын жасау.
- Дайын электронды кітапты баспада ҒӘК ұсынатын көлемде басып шығару.
- Дайын өнімді кітапханаға тапсыру.
6.3 Электронды оқулық жасау келесі этаптардан тұрады:
- Қолжазбаны ҒӘК қарастыру мен бекіту.
- Баспадағы қолжазбамен жасалатын түзетушілік жұмыс.
- ЭОБ құрумен айналысатын лабораторияда қолжазба негізіндегі электронды оқу құралын жасау.
- Электронды оқу құралын оқулықтар орталығында сараптама жасау және ҚР ҒБМ таңбасын басу.
- Дайын электронды кітапты баспада ҒӘК ұсынатын көлемде басып шығару.
- Дайын өнімді кітапханаға тапсыру.
6.4 Пән бойынша бейне лекцияларды дайындау келесі этаптардан тұрады:
- Бейнелекция түсіріліміне ұсыныс туралы факультет әдістемелік бюросының анықтамасы.
- Бейне лекция түсірімі және монтажымен айналысатын ұйымында бейнені түсіру мен монтаж.
- Дайын бейне лекцияларды баспада тираждау.
- Дайын өнімді кітапханаға тапсыру.
6.5 Виртуалды зертханалық кешен құру келесі процестерден тұрады:
- Виртуалды лабораториялық кешен құру ұсынысы туралы факультет әдістемелік бюросының анықтамасы.
- Виртуалды лабораториялық кешен құрумен айналысатын ұйымында виртуалды лабораториялық кешен құру.
- Дайын виртуалды лабораториялық кешенді баспада тираждау.
- Дайын өнімді кітапханаға тапсыру.
|
|
|
|
|
|
|
|
DIPLOMA SUPPLEMENT ЕУРОПАЛЫҚ ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМҒА ҚОСЫМШАНЫЖАСАУ ЖӘНЕ БЕРУ ТУРАЛЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
Еуропалық дипломға қосымша (бұдан әрі - Еуропалық қосымша) немесе Diploma Supplement КЖАЕЖ-мен(Кредиттерді жинақтау және аударудың Еуропалық жүйесі) бірге Еуропалық жоғары білім беру саласында академиялық және кәсіби ұтқырлықты қамтамасыз етудің тиімді құралы болып табылады.
Болон үдерісінің анықтамасы бойынша, Diploma Supplement - Дипломға қосымша, Еуропалық комиссия, Кеңес және ЮНЕСКО ашықтықты, салыстырмалылықты және біліктілікті (дипломдар, академиялық дәрежелер, сертификаттар) академиялық және кәсіби түрде тануды қамтамасыз ету үшін әзірлеген құжат. Жоғары білімі туралы дипломға қосымша беріледі. Ұлттық және ағылшын тілдерінде толтырылады. Ол табысты аяқталған оқудың нәтижелерін, табиғатын, деңгейін, контекстін, мазмұнын, мәртебесін сипаттайды. Тиісті білім беру жүйесінде осы біліктіліктің орнын анықтауға мүмкіндік беретін жоғары білім берудің ұлттық жүйесіне қатысты қосымша ақпаратты қамтамасыз етеді.
Түлектерге сынақтық бірлік негізінде жалпы Еуропалық қосымшаны беру еуропалық білім беру ісіне қатынасты арттыруды және, барлық академиялық дәрежелер және басқа да біліктіліктер еуропалық еңбек нарығына бағытталатын болғандықтан, түлектерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Еуропалық дипломға қосымшаны беру үдерісі білім туралы құжаттарды өзара тану құралы ретінде Болон үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегіне (бакалавр, магистр) Еуропалық дипломға қосымшаны әзірлеу және беру үшін осы әдістемелік нұсқаулар Еуропалық дипломға қосымшасының толтыру тәртібін, мазмұнын, әзірленуін, келісу, беру және сақтау тәртібін анықтайды.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегіне Еуропалық дипломға қосымшаны әзірлеудің мақсаты шетелде оларды одан әрі білім алу және жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық еңбек нарығында олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін, университеттің түлектеріне алынған біліктілікті академиялық және кәсіби тану рәсімдерін жеңілдету болып табылады.
Еуропалық дипломға қосымша Diploma Supplement білім берудің халықаралық құралы, сәйкесінше, бүкіл әлемде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру біліктілігін танудың халықаралық құралы болып табылады. Оған қоса, Еуропалық дипломға қосымша - бұл жоғарғы оқу орны түлектерінің дипломына қоса тіркелетін қосымша, түсіндірме жазба. Бұл құжат дәреже немесе біліктілікті негізделген түрде бағалау үшін қажетті барлық ақпаратпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ стандартты халықаралық нысанға сәйкес беріледі және дәреже (біліктілік) алу үшін жүзеге асырылатын барлық қызметтер туралы хабардар етеді.
Еуропалық дипломға қосымшаның моделі Еуропалық Комиссия, Еуропа Кеңесі және ЮНЕСКО-ның бастамасы бойынша 1996 жылдың желтоқсанында әзірленді.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегінің Еуропалық дипломға қосымшасы Diploma Supplement білім беру туралы түпнұсқа құжатты (мемлекеттік диплом) алмастыра алмайды, куәлік басқа елдерде қабылданған біліктілік (дәреже) эквиваленттілігіне қатысты ақпаратты қамтымайды, және шетелде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегінің дипломын тану үшін негіз болып табылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |