Эдвайзер 1 курс білім алушыларына кеңес береді:
білім алушыларды академиялық ережелермен таныстыру;
элективті пәндер каталогын қарап, онда ұсынылған таңдау пәндерімен таныстыру;
білім алушыларға кредиттер санын және оларды қалай жинауға болатынын түсіндіру.
әрбір білім алушыны «Platonus» бағдарламасына тіркеу;
әрбір білім алушыға оқу сабақ кестесін және жаңа оқу жылына жасалған академиялық күнтізбені таныстыру.
оқу үдерісі кезінде білім алушының оқу үлгерімін үздіксіз қадағалау.
5 Эдвайзер білуі керек:
Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын;
мамандықтардың үлгілік оқу жоспарларын;
оқу жылына жұмыс берушілердің ұсынысымен академиялық кеңестерде талқыланып, бекітілген элективті пәндер каталогының құрылымы, мазмұнын;
мамандықтың жұмыс оқу жоспарын
6. Құқықтары
Эдвайзердің құқықтары:
-өзінің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша қажетті ақпараттарды және құжаттарды алуға;
-өзінің құзыретіне қатысты сұрақтар бойынша факультет кеңесіне қатысуға;
-жұмыс оқу жоспарлары және бағдарламаларын, элективті пәндер каталогын құрастыруда академиялық кеңестердің, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары бойынша комитеттердің, университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің жұмыстарына және семинарларға қатысуға;
білім беру іс-әрекетін жетілдіру бойынша академиялық мәселелер жөніндегі департаментке ұсыныстар беруге.
7. Жауапкершілігі
- Осы Ережеде белгіленген міндеттерді сапалы және мерзімінде орындауға Эдвайзер толығымен жауапты болып табылады.
- Өз міндеттеріне жауапкершіліксіз қараған Эдвайзер факультет деканы және кафедра меңгерушісінің ұсынысымен Эдвайзер қызметінен босатылады.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
1. ҚОЛДАНУ АЙМАҒЫ
1.1 Ереже Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетте (әрі қарай Қорқыт Ата атындағы ҚМУ) басқарудың алқалы органдары болып табылатын ғылыми- әдістемелік кеңестің мүшелерін сайлау тәртібін және Ғылыми-әдістемелік кеңес (бұдан әрі – ҒӘК) қызметін ұйымдастыру тәртібін анықтайды.
2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2.1 ҒӘК университетте оқу үдерісін жетілдіруде және мамандарды даярлаудың сапасын арттыруда оқу - әдістемелік жұмыстарды үйлестіреді.
2.2 ҒӘК университет ректоры бұйрығымен құрылады, қайта құрылады және таратылады.
2.3. ҒӘК өз қызметінде басшылыққа алады:
Қазақстан Республикасының Қонституциясын;
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары мен қаулыларын;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің нормативті-құқықтық құжаттарын;
Университеттің СМЖ құжаттарын;
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Жарғысын;
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ішкі тәртіп Ережесін;
Осы Ережені.
2.4 Университет басшылығы ҒӘК қызметіне қажетті жағдай жасайды.
3. НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ
Міндеттері:
оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз етудің сапа мониторингісін ұйымдастыру;
университетте шығарылатын оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге, құралдарға және басқа да материалдарға сараптаманы және басып шығаруға ұсынымды ұйымдастыру;
университеттегі оқу үдерісін жетілдіру және әдістемелік қамтамасыз ету;
оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру жөніндегі озық тәжірибелерді тарату;
біліктілікті арттыру, педагогикалық және ғылыми кадрларды қайта даярлау және аттестаттау жүйесін жетілдіру, оқу үдерісінің мазмұнын талдау;
сапа менеджменті жүйесін дамыту және оқу үдерісіне әдістемелік әзірлемелердің нәтижесін енгізу жөніндегі ұсынымдарды дайындау;
университетте әдістемелік жұмыстарды үйлестіру;
университеттегі білім беру үдерісіне жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу, жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
педагогтік ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
білім беруді дамыту және басым бағыттарды қалыптастыру, оны іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Бағыттары:
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарын ескере отырып, жұмыс оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын сараптауын ұйымдастыру;
университетте әдістемелік қамтамасыз етуге байланысты нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
профессор-оқытушылар құрамының даярлаған оқу (оқу-әдістемелік) құралдар (оның ішінде электрондық түрде) және дидактикалық материалдарды талдау, олардың баспадан шығарылуына ұсыныс беру;
өндіріс пен ғылыми технологиялардың басым бағыттарын болжау негізінде университет мамандықтарының тізбесін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды талқылау;
оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге және университет профессор-оқытушы құрамына практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстардың әртүрлі нысандарын енгізу мәселелерін қарау;
білім алушылардың өздік жұмысын және оқытушының қолдауымен өткізілетін өздік жұмыстарды әдістемелік қамтамасыз ету;
оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша семинарлар, конференциялар, кеңестер ұйымдастыру, өткізу;
ҚР БҒМ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарына талдау жүргізіп, жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау;
оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу және оқытудың автоматтандырылған жүйесін бағдарламалық қамтамасыз ету;
білім беруді ақпараттандыру және озық педагогикалық іс-тәжірибені тарату;
оқу үдерісін оқу әдебиеттермен және әдістемелік әзірлемелермен қамтамасыздандырылуының мониторингісін жүргізу.
4. УНИВЕРСИТЕТ ҒӘК ҚҰРАМЫН САЙЛАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
Кеңестің құрамына факультет өкілдері, кафедраның жетекші оқытушылары, әдіскерлер, құрылымдық бөлімше басшылары кіреді. Кеңестің құрамы университет ректоры бұйрығымен бекітіледі.
Кеңестің жалпы басшылығын оқу ісі жөніндегі проректор-бірінші проректор жүргізеді.
Кеңес мүшелерінен ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
Кеңестің қызметі университет Ғылыми Кеңесімен бекітілген жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Кеңестің отырысы екі айда бір рет өткізіледі.
ҒӘК отырысында қаралған мәселе қатысып отырған кеңес мүшелерінің басым көпшілік дауысы нәтижесі бойынша қабылданады және хаттамамен рәсімделеді. Отырыстың хаттамалары мен ҒӘК шешімдеріне Кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.
Егер ҒӘК отырысында оның мүшелерінің үштен екі бөлігі қатысып отырса, онда Кеңес құқығы өкілетті деп табылады.
5. УНИВЕРСИТЕТ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІМЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫС
ҒӘК келесі университет құрылымдық бөлімшелерімен өзара байланыс жасайды:
5.1 Университет Ғылыми Кеңесімен:
- ҒӘК жылдық жұмыс жоспарын бекітуде;
- ҒӘК төрағасының қызмет нәтижелері туралы есеп беруде.
5.2 Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен:
- оқу үдерісін ұйымдастыру және жетілдіру мәселелерін қарастыруда;
- практикаларды ұйымдастыру және өткізу мәселелерін талқылауда;
-үш тілде білім беру мәселелерін қарастыруда.
5.3 Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментімен:
- ғылыми-инновациялық әлеуетті дамыту;
- білім, ғылым және өндіріс салаларындағы интеграцияны тереңдету бағытындағы
жұмыстарын үйлестіруде;
5.4 Ақпараттық технологиялар басқармасымен:
- ҒӘК бекіткен оқу құралдарының электрондық нұсқасын шығару жұмыстарын ұйымдастыруда;
5.5 Сапа менеджменті және ақпараттық сараптама бөлімі:
- университетте сапа менеджмент жүйесінің қызметі туралы мәлімет беруде.
5.6 Оқу процесін тіркеуші офисімен:
- білім алушылардың біліміне, үлгеріміне бақылау ұйымдастыруды жетілдіруде;
- ішкі ережелерді бекітуде.
5.7 Факультет, кафедралармен:
- ҒӘК-ке оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстары және озық іс-тәжірибені тарату мәселелері бойынша мәлімет беруде;
- оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, құралдарды және басқа да материалдарды басып шығаруға ұсыным жасауда;
6. ЕРЕЖЕНІ ҚАЙТА ҚАРАУ
6.1 Ереже келесі жағдайда қайта жасалады:
- университет құрылымына өзгерістер енгізілгенде;
- ҒӘК-ке жүктелген міндеттері мен қызметі өзгерген жағдайда.
Ереже Ғылыми-әдістемелік кеңесінде қаралды
Хаттама № «____» «____________________» 2016 ж.
ФАКУЛЬТЕТТІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК БЮРОСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Негізгі ережелер
1. Осы Ереже жоғары және жоо кейінгі білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің білім беру қызметін ұйымдастыруға қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейді.
2. Университеттің даму стратегиясына сәйкес әдістемелік бюро қызметінің басым бағыттары болып табылады:
- университеттік білімнің бірыңғай, органикалық өзара байланысты, үздіксіз жүйесін құру;
- сыртқы және ішкі еңбек рыногында ойдағыдай бәсекелесе алатын заманауи маман моделін әзірлеу;
- білім алушының жеке ниеті мен мүмкіндіктеріне сәйкес түрлі білім деңгейін алуын кең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету;
- барлық деңгейдегі білім бағдарламаларының қарқындылығы мен бейімділігін қамтамасыз ету;
- алынған тәжірибе базасында және отандық, шетелдік әріптес жоо тәжірибелерін пайдалана отырып, университет көрсететін білім беру қызметтерінің сапасы мен деңгейіне кешенді диагностика жүйесін іске асыру;
- факультет ОПҚ оқу құралдарын, оқулықтарын әзірлеу, баспадан шығару және оқу процесіне енгізу;
- білім беру қызметін ақпараттандыру жүйесін одан әрі енгізу шараларын жүргізу;
- қашықтықтан оқыту технологиясын пайдаланып оқу процесін ұйымдастыруды жетілдіру.
3. Әдістемелік бюро факультеттің жұмыстық органы болып табылады және бакалавриат, магистратура мен докторантурада оқу-әдістемелік жұмысты үйлестіру және жетілдіру, инновациялық және компьютерлік технологияларды оқу процесіне енгізу, қашықтықтан оқыту технологиясын, оқытушы-профессор құрамының біліктілігін жоғарылату және бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандар даярлау жүйесін жетілдіру, қосымша білім беру қызметерінің түрлері мен формаларын кеңейту және Қорқыт Ата атындағы ҚМУ даму стратегиясының бағыттары бойынша басқа жұмыстар орындау мақсатында ұйымдастырылады.
4. Факультеттің әдістемелік бюросы өз жұмысында ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Қорқыт Ата атындағы ҚМУ нормативтік құжаттарын басшылыққа алады.
5. Әдістемелік бюроның құрамы мен саны Факультет кеңесінде анықталып, бекітіледі.
Әдістемелік бюроның басшы органы төраға, төрағаның орынбасары және хатшыдан тұрды, олар әдістемеліке бюро мүшелерінің қатарынан сайланады.
6. Әдістемелік бюроның төрағасына жүктеледі:
- факультеттің әдістемелік бюро жұмысын ұйымдастыру;
- әдістемелік бюроның жұмыс жоспарын жасау және орындау;
- университеттің Ғылыми және Ғылыми-әдістемелік кеңестерінің шешімдерін, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ғылыми-әдістемелік конференциялары мен дөңгелек үстелдерінің ұсынымдарын жүзеге асыру;
- факультеттің әдістемелік бюро жұмысы туралы жылдық есептерді дайындау.
7. Әдістемелік бюро төрағасының орынбасары құжаттамалардың жүргізілуіне, хатшы – құжаттамалардың техникалық рәсімделуіне жауап береді.
Әдістемелік бюроның басқа мүшелеріне келесі қызметтік міндеттер жүктеледі:
- факультет деңгейінде ғылми-әдістемелік семинарлар ұйымдастырып, өткізу және факультет ОПҚ-ң Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ғылыми-әдістемелік конференцияларына қатысуы;
- кафедралардың әдістемелік комиссияларына кеңес беру көмектерін көрсету, факультеттің әдістемелік бюросының бұрын қабылдаған шешімдерінің орындалуына жүйелі бақылау жасау және тексеру нәтижелері туралы факультеттік әдістемелік бюроның мәжілістерінде мезгіл-мезгіл есеп беру;
- оқу-әдістемелік әдебиеттерді, ғылыми-әдістемелік конференция материалдарын талқылау мен жариялауға ұсынуды ұйымдастыру, оқу процесінің заманауи оқулық және ғылыми әдебиеттермен, оның ішінде электронды тасымалдағыштардағылармен қамтамасыз етілуіне бақылау жасау;
- оқу пәндерін оқыту, сабақ беру әдістемесі, барлық оқыту мерзімдері мен түрлерінің оқу жоспарларын, жұмыстық бағдарламаларды жетілдіру жағдайына, тест тапсырмаларының мазмұнына, емтиханға дайындалуға арналған сұрақтардың сапасына бақылау жасау;
- оқытудың жаңа технологиялары мен белсенді формаларын, оқытушылардың ғылыми әзірленімдерінің нәтижелерін оқу процесіне енгізу;
- ағымды, аралық, қорытынды және мемлекеттік аттестаттау сұрақтарының мазмұнын бақылау.
Әдістемелік бюроның жұмысы бір оқу жылына жасалған жоспар бойынша жүреді. Жұмыс жоспарын жасау кезінде университеттің Даму стратегиясын, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ғылым мен көптілді білімді дамыту тұжырымдамасын, факультет кеңесінің жұмыс жоспарын, сондай-ақ университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің жұмыс жоспарын басшылыққа алу қажет.
Әдістемелік бюроның мәжілісі қажетіне қарай, бірақ кемінде айына бір рет өткізіледі. Әдістемелік бюроның мәжілісінде талқыланған мәселелер бойынша шешімдер әдістемелік бюро мәжілісінде әдістемелік бюро мүшелерінің ашық және көпшілік дауыс берумен қабылданады.
Әдістемелік бюро атқарылған жұмыстар туралы Факультет кеңесінің мәжілістерінде мезгіл-мезгіл есеп беріп отырады, оқу жылының соңында Факультет кеңесіне жазбаша есеп ұсынады.
Барлық оқу түрі бойынша оқу процесін жетілдіруге бағытталған кафедра жұмысының тәжірибесін тұжырымдау нәтижесі болып табылатын Әдістемелік бюроның ұсынымдары Факультет кеңесінің мәжілістерінде талқыланып, бекітіледі.
Әдістемелік бюроның тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін Факультет бөледі:
- әдістемелік бюроның мәжілісін өткізу және ағымды жұмыс жүргізу үшін бөлме;
- әдістемелік бюроның құжаттарын сақтау үшін сейф;
- оқу-әдістемелік құжаттамаларды техникалық рәсімдеу үшін компьютер.
Әдістемелік бюроның жұмысының негізгі бағыттары
Факультеттің әдістемелік бюросы жұмысының мазмұны университеттің алдында тұрған нақты міндеттерді және факультеттің өзіндік ерекшеліктерін ескеру арқылы анықталады.
Әдістемелік бюросы жұмысының негізгі бағыттары:
13. Оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру жүйесін жетілдіру.
- мамандарды көпдеңгейлі даярлаудың негізгі ережелері мен тұжырымдамасын одан әрі жетілдіру.
- оқу процесін ақпараттандыру.
мамандықтың жұмыстық оқу жоспарын іске асыру бойынша кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстарын үйлестіріп отыру. Барлық оқу түрі үшін мамандықтардың жұмыстық оқу жоспарлары мен пәндердің жұмыстық бағдарламаларын талдау және ағымды түзету жасау.
14. Оқу пәндерін оқыту сапасын жетілдіру.
Оқу пәндерінің тізбесі мен бағдарламалар мазмұнының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына, типтік оқу жоспарына, мамандар даярлау бейініне сәйкестігіне бақылау жасау.
Бакалавриат, магистратура мен докторантурада оқытылатын бағдарламалардың келісімділігі мен пәндердің сабақтастығына бақылау жасау.
Кафедралардың жоспары бойынша факультет оқытушыларының лекциялық, семинарлық және басқа сабақ түрлеріне қатысу және талдау жасау. Жалпы білім беретін пәндер бойынша сабақтарға қатысу және талдау жасау.
Жас мұғалімдермен жұмыс жүргізу, оларға арнап факультеттің тәжірибелі оқытушыларымен, университеттің Жас оқытушылар мектебімен бірлесіп арнайы ашық лекциялар мен семинарлар ұйымдастырып, өткізу.
Оқу жоспарының пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешендер мен контенттердің жағдайына ағымды тексеру және талдау жүргізу.
15. Оқу-әдістемелік әдебиеттер шығаруды жоспарлау. Факультеттің оқулық және оқу-әдістемелік әдебиеттер, типтік оқу бағдарламаларын шығару жоспарын жасап, орындалуын бақылау, факультеттің оқытушы-профессор құрамын хабардар етіп, олардың университеттің жыл сайынғы ғылыми-әдістемелік конференциясына қатысуын ұйымдастыру.
16. Оқу процесінің заманауи оқулық және ғылыми әдебиеттермен, оның ішінде электронды тасымалдағыштағылармен қамтамасыз етілуін бақылау.
17. Жаңа технологияларды, белсенді оқыту түрлерін енгізу, жаңашыл оқытушылардың тәжірибелерін жинақтап, тарату.
18. Факультеттің оқытушылары мен қызметкерлерінің ғылыми әзірленімдерін ұйымдастырып, нәтижелерін оқу процесіне енгізу, енгізу актілерін рәсімдеу.
Әдістемелік бюроның ұйымдастыру-өкімдік құжаттамалары
және оны қалыптастыру тәртібі.
Әдістемелік бюроның келесі құжаттамалары болуы тиіс:
Әдістемелік бюроның бекітілген жұмыс жоспары.
Әдістемелік бюроның мәжілістерінің хаттамалары.
Әдістемелік бюроның соңғы үш оқу жылындағы есептері.
Факультеттің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес басқа да оқу-әдістемелік құжаттамалар.
Әдістемелік бюроның төрағасын қайта сайлаған кезде әдістемелік бюроның құжаттамалары жаңадан сайланған төрағаға алыс-беріс актілері бойынша беріледі.
ПӘННІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІН ӘЗІРЛЕУ
ЖӘНЕ РӘСІМДЕУ ЕРЕЖЕСІ
1.Пайдалану аймағы
Оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу және рәсімдеу туралы Ереже (бұдан әрі Ереже) мамандықтардың оқу-әдістемелік кешенін және пәндердің оқу-əдістемелік кешендерін жасауға жəне рəсімдеуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
2. Нормативтік сілтемелер
Ереже төмендегі нормативтік құжаттарды негізге ала отырып жасалған:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен бекітілген «Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» (ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 292 өзгерістер енгізілген);
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 20 сәуірінде № 152 бұйрығымен бекітілген «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары» (ҚР Білім және ғылым министрінің 28.01.2016 № 90 өзгерістер енгізілген);
3. Белгілеулер мен қысқартулар
МЖМБС – Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
ЖББП – жалпы білім беру пәндері;
БП – базалық пәндер;
КП – кәсіптендіру пәндер;
ПОҚ – профессор-оқытушылар құрамы;
ПОӘК- пәннің оқу-әдістемелік кешені;
МОӘК – мамандықтың оқу-әдістемелік кешені.
4. Осы Ережеде негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
- академиялық кезең (Теrm) - үш нысанның біреуін таңдайтын өз білім беру ұйымының еркімен белгіленетін теоретикалық кезең: семестр, триместр, тоқсан;
- академиялық күнтізбе (Асаdеmіс Саlеndar) - оқу жылы бойына демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды өткізу күнтізбесі;
- академиялық сағат кесте бойынша оқу сабақтардың (аудиториялық жұмыс) барлық түрлері немесе жеке бекітілген графика бойынша білім алушылардың оқытушымен байланыс жұмысының уақыты;
- белсенді үлестірмелі материалдар (КҮМ) (Hand-оuts) - білім алушының тақырыпты шығармашылықпен табысты меңгеру үшін оқу сабақтарында таратылатын көрнекі безендірілген материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарийлер, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар);
- білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының емтихан сессиясы кезеңінде бір пәннің толық көлемін немесе бір бөлігінің мазмұнын аяқтап болғаннан кейін оның игеру сапасын бағалау мақсатында өткізілетін рәсім;
- білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Qualification Eхamination) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің игеру дәрежесін немесе көлемін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;
- білім алушылардың оқудағы жетістігі - білім алушылардың оқу үдерісінде алатын және жеке тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін көрсететін білімі, іскерліктері мен дағдылары, құзыреті;
- білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау - жоғары оқу орындары дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың әртүрлі нысандары арқылы (ағымдық, межелік, қорытынды) білім алушылардың білім деңгейін тексеру;
- білім алушылардың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - БӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде ақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ), магистранттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - МӨЖ) және докторанттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - ДӨЖ) болып бөлінеді; БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушылардан күнсайын өзіндік жұмыстарды талап ететін тапсырмалармен расталады;
- білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау - академиялық кезең ішінде, оқытушымен өткізілетін аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда білім алушылардың білімін оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;
- білім алушының академиялық рейтингі (Rating) - аралық аттестаттау нәтижелері бойынша жасалатын білім алушының оқу бағдарлама пәнін игеру деңгейінің сандық көрсеткіші;
- білім беру бағдарламаларын модульдік негізде құрастыру - білім беру бағдарламасының мазмұны мен құрылымын оқытудың мақсатына сай білім алушының кәсіби құзыреттілігінің жиынтығы болатын оқу үдерісін ұйымдастыру тұжырымдамасы негізінде кәсіптік оқыту мақсатына қол жеткізу құралы;
- кредит (Credit, Credit-hour) - білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі;
- кредиттік оқыту технологиясы - білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын дербес жоспарлауы негізінде оқыту;
- қорытынды бақылау - емтихан түріндегі аралық аттестаттау кезеңінде жүргізілген оқу пәні бағдарламасын бағалау сапасының мақсатын игеру, білім алушылардың оқудағы жетістігін бақылау; егер бірнеше академиялық кезеңдер барысында пәндер оқытылатын болса, онда оқытылған нақты академиялық кезеңде, пәндерге бөлімдер бойынша, қорытынды бақылау жүргізіледі;
- межелік бақылау - бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;
- модуль – білім алушылардың білімі, білігі, дағдысы және құзыреттілігі бағалау критерийлеріне сәйкес келетін нақты тұжырымдалған, дербес, білім беру нәтижелері тұрғысынан аяқталған білім беру бағдарламаларының құрылымдық элементі;
- модульдік білім беру бағдарламасы - білім алушылардың қандай да бір дәреже және/немесе біліктілік алуы үшін қажетті негізгі құзыреттіліктерді меңгеруіне бағытталған оқу модульдерінің жиынтығын қамтитын оқыту бағдарламасы;
- модульдік оқыту - білім беру бағдарламаларын, оқу жоспары мен оқу пәндерін модульдік негізде құрастыратын оқу үдерісін ұйымдастыру тәсілі;
- оқу жетістіктерін бағалаудың балдық рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйедегі сандық эквивалентіне сәйкес келетін және білім алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесі;
- оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі - ОЖЖ) - мамандықтың ҮОЖ және білім алушының жеке оқу жоспары негізінде білім беру ұйымдары дербес әзірлейтін құжат;
- оқу модулі - білім алушылардың құзыреттіліктері тұтас немесе жартылай қалыптасатын олардың нақты оқыту нәтижелерін меңгеруіне бағытталған білім беру бағдарламасының құрылымдық элементі;
- оқу үлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GPA) - (ағымдық оқу кезеңі бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы) білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы;
- оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОБӨЖ) - бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына қарай ол: оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОСӨЖ), оқытушының басшылығымен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОМӨЖ) және оқытушының басшылығымен жүргізілетін докторанттардың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОДӨЖ) болып бөлінеді;
- пәндер бағдарламасы (Syllаbus) - оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, оның үйренуі тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, кеңес беру уақытын, білім алушылардың білімін тексеру кестесін, оқытушы талаптарын, бағалау өлшемдерін қамтитын оқу бағдарламасы және әдебиеттер тізімі;
- пәннің сипаттамасы (Curse Description) - пәннің мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін, қысқаша нысанды қамтитын пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлемнен тұрады);
- постреквизиттер (Роstreguisite) - аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер;
- пререквизиттер (Рrereguisite) - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер;
- транскрипт (Тrаnsсrірt) - білімді бағалаудың сандық және әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар құжат;
- тьютор - студенттің нақты пәнді игеруі бойынша академиялық кеңесші рөлін атқаратын оқытушы;
- үлгілік оқу жоспары – білім беру бағдарламасының оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін, оларды оқытудың тәртібін және бақылау нысандарын реттейтін құжат;
- эдвайзер (Аdvisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;
- элективтік пәндер - белгіленген кредит шеңберінде және білім беру ұйымы енгізетін таңдау бойынша, білім алушылардың жеке дайындығын көрсететін әлеуметтік-экономикалық дамытудың ерекшеліктерін және нақты өңірдің, жоғары оқу орындарында ғылыми мектеп пайда болатын қажеттіліктерін есепке алатын компонентке кіретін оқу пәндері.
5. Мамандықтың оқу-әдістемелік кешеніне енгізуге міндетті:
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын;
- типтік оқу жоспарын;
- жұмыс оқу жоспарын;
- мамандық пәндерінің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуін;
- кәсіптік практиканың өтілуі бойынша әдістемелік нұсқауларын;
- диплом жұмысы (жоба) орындалуы бойынша әдістемелік нұсқауларын (талап етілген жағдайда);
- білім алушылардың қорытынды аттестаттау бойынша әдістемелік нұсқауларын;
6 Пәннің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеудің мақсаты мен негізгі ережелері:
- нақты мамандықтың білім бағдарламасындағы оқу пәнінің алатын орны мен маңызын анықтау;
-білім бағдарламасында пәнаралық логикалық байланысты жүзеге асыру;
- оқу дәрістерінің түріне және тақырыптарына байланысты оқу сағаттарын бөлу;
- білім алушылардың дәрісханалық және дәрісханадан тыс жұмыстарын ұйымдастыру;
- білім алушының танымдық және шығармашылық қабілетін арттыру;
- оқу және зерттеу үдерістерінің өзара байланысын қамтамасыздандыру.
6.1 ПОӘК мамандықтың ҚР МЖМБС-на, мамандық пәндері бойынша бекітілген типтік оқу жоспарлары мен негізгі (үлгілік) оқу бағдарламалары сәйкес құрастырылады.
6.2 ПОӘК мамандық бойынша академиялық оқу топтарының тілдік оқу түріне байланысты қазақ/орыс немесе шетел тілдерінде даярланады.
6.3 ПОӘК тьютормен әзірленеді.
6.4 ПОӘК осы Ереже негізінде дайындалып, кафедра мәжілісінде, бағыт бойынша Академиялық кеңесінде қаралып, оң баға алынған жағдайда факультет деканымен бекітіледі.
6.5 ПОӘК бекітілгеннен кейін түптеліп, 1 данасы кафедрада сақталады, 1 данасы университет кітапханасының оқу залына өткізіледі немесе электрондық нұсқасы серверге орналастырылады.
7 Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы
7.1 ПОӘК оқу жылына жасалады және төмендегідей құраушылардан тұрады:
1) Негізгі (үлгілік) оқу бағдарламасының (міндетті компонент пәндері) көшірмесінен немесе оқу бағдарламасы (таңдау компоненті пәндері бойынша);
2) Syllabus (жұмыс оқу бағдарламасы) (Қосымша 2);
3) пəннің оқу – əдістемесімен қамтамасыз ету картасы (Қосымша 3);
4) дəрістік кешені (дəріс тезистері, көрнекілік жəне тарату материалын, ұсынылатын əдебиеттер тізімін);
5) семинарлық (практикалық), зертханалық сабақтардың жоспары мен әдістемелік нұсқаулар;
6) білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған материалдар;
7) оқу, өндірістік және диплом алды іс-тәжірибелерден өту және есеп беру құжаттарының үлгілері бойынша әдістемелік нұсқаулар (талап етілген жағдайда) (қажеттілігіне қарай);
8) білім алушының оқу жетістіктерін бағалау және бақылау бойынша материалдар;
9) оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелденуі. (пән ерекшелігіне байланысты)
8. Пәннің негізгі (үлгілік) оқу бағдарламасы
8.1. Пәннің негізгі (үлгілік) бағдарламасы – мамандықтың кәсіби білім беру бағдарламасының мамандануы негізінде дайындалатын, негізгі оқу жоспарындағы міндетті компонент пәндерінің оқытылу реттілігі мен көлемін, мазмұнынын және игеруге қажетті әдебиеттерді анықтайтын, негізгі білім аясындағы білім, дағды және құзыреттіліктерді көрсететін құжат.
8.2. Таңдау компоненті бойынша пәндердің оқу бағдарламалары мамандық және жұмыс берушінің сұраныстарына сай мәліметтер ағыны мол жинақталған, іс-тәжірибе негізінде өндіріске енген, ғылыми жаңалығы бар ғылыми зерттеулер, оқулықтар мен оқу құралдары негізінде университет кафедраларының профессор-оқытушыларымен әзірленеді.
9 СИЛЛАБУС (жұмыс оқу бағдарламасы)
9.1 Пән бойынша бағдарлама (Syllabus) – оқытылатын пәннің мақсаты мен міндеттерін, қысқаша мазмұнын, тақырыптар мен оқу мерзімін, өзіндік жұмыстың тапсырмаларын, кеңес беру уақытын, білім алушының білімін бақылау кестесін, оқытушының талаптары, білім алушының жетістіктерін бағалайтын критерийлер мен әдебиетті қамтитын оқу бағдарлама. (Қосымша 2)
9.2 Пән бойынша бағдарлама (Syllabus) пәнді жүргізетін оқытушылармен дайындалады.
9.3 Оқытушының (тьютордың) пән бойынша жұмыс бағдарламасына әр оқу жылында пән бойынша соңғы ғылыми жаңалықтарға байланысты толықтырулар енгізіледі.
9.4 Оқытушының (тьютордың) пән бойынша жұмыс бағдарламасы құрылымы:
1) мұқаба беті;
2) курстың мақсаты мен міндеттері, пререквизиттері мен постреквизиттері, құзыреттіліктері;
3) пәннің мазмұны: лекция, практикалық/семинар және зертханалық сабақтарының күнтізбелік –тақырыптық, БОӨЖ жоспарлары;
4) білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі;
5) дәріс сабақтарының мазмұны;
6) практика/семинар сабақтарының мазмұны;
7) зертханалық сабақтардың мазмұны;
8) білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары;
9) білім алушының өзіндік жұмысы;
10) аралық бақылаулар мен емтихан сұрақтары;
11) Midterm сұрақтары;
12) қолданылатын әдебиеттер тізімі;
13) курстың академиялық саясаты.
9.5 Силлабус кафедра мәжілісінде қаралып, факультет деканымен бекітіледі.
10. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасының құрылымы мен мазмұны
10.1 Пəннің оқу – əдістемесімен қамтамасыз ету картасын (бұдан әрі-ПОӘҚК) дер кезінде пәннің оқу-әдістемелік қамсыздандырылуы дәрежесін анықтау үшін және әдістемелік нұсқауларға сұранысты анықтау үшін немесе қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттерді сатып алу үшін қажетті мәліметтерді жинақтау мақсатында дайындалады.
10.2 ПОӘҚК көрсеткіштері оқу жылына арналған университеттің, оның ішінде кафедраның профессор оқытушыларының даярлаған оқу құралын баспадан шығару немесе оқулықтарды сатып алу, оқытушы-профессор құрамының оқу-әдістемелік жұмыстарының жоспарын құрастыру үшін негіз болып табылады.
10.3 ПОӘҚК қазақ немесе орыс тілдерінде даярланады (қосымша 3).
10.4 ПОӘҚК –да кафедраның және пәннің аты, пәннің оқытылатын семестрі, мамандық бойынша білім алушылар контингенті көрсетілуі керек. «Оқулық және оқу құралы» бағанасында оқулықтар мен оқу құралдарының атауы, авторы және баспадан шыққан жылы толық көрсетілуі керек. «Саны (кітапханадағы және кафедрадағы)» бағанасында ғылыми–техникалық кітапханада немесе сәйкес кафедрадағы оқулықтардың және оқу құралдарының саны көрсетіледі. «Практикум, дәріс жинақтары, зертханалық сабақтарды және БӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар» бағанасында «Оқулық және оқу құралы» бағанасындағыдай сәйкес мәліметтер келтіріледі. Лекция жинағы ретінде білім алушыға қолжетімді дәріс берушінің (жарық көрген немесе баспадан шықпаған) оқу материалдары пайдаланылады.
10.5 Білім алушылардың контингентінің өзгеруіне байланысты, жаңа оқулықтардың, оқу құралдарының, оқу-әдістемелік әдебиеттердің шығуына сәйкес немесе оқу жылының басында есептен шығарып тасталған әдебиеттерді ескере отырып, ПОӘҚК қайта жаңартылады.
10.6 Оқытушының қолы бар, кафедра меңгерушісімен бекітілген ПОӘҚК пәннің оқу-әдістемелік кешеніне қоса тігіледі.
11. Дәрістік материал
Дәрістік курстың мазмұны модульдарға бөлінеді. Модуль дәріс тақырыбын, жеке бөлімнің негізгі мазмұнын көрсетеді. Модуль атауы дәрістік курстың бөлімінің тұжырымдалған көрінісін бейнелейді.
Модульге материалдың мазмұндамасының логикалық реттілігімен байланысты бірнеше бөлімді кірістіруге болады.
Модуль мазмұны толық та қысқаша да берілуі мүмкін.
12. Практикалық (семинарлық), зертханалық сабақтардың әдістемелік нұсқаулар
Практикалық немесе семинарлық, зертханалық сабақтардың мазмұны жеке бөлімнің негізгі мазмұны мен тапсырманың тақырыбын бейнелейтін модульдарға бөлінеді.
Практикалық немесе семинарлық, зертханалық сабақтар дәрістік курстың материалын бекіту және қайталауға, сонымен қатар пәннің жеке бөлімі бойынша қосымша білім алуға бағытталады.
Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқауларында оқытылатын пән бойынша сұрақтар, анықтамалық материалдар, түсініктемелер, әдеби шолу, бақылау сұрақтары, тест сұрақтары, межелік тапсырмалардың кестесі және т.б. көрсетіледі.
Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқауларында сабақты өтудің интерактивті түрлері (кейс құрастыру, пікірталас, презентация, іскерлік ойындар, ситуациялық мәселелер, конференциялар, баяндамалар және т.б.) сипатталуы керек.
Техникалық және жаратылыстану бағытындағы пәндердің практикалық сабақтарына қосымша есептер, жаттығулар жинағы, сызба нұсқалар, технологиялық карталар түрінде көрсетіледі және төмендегідей бөлімдерден тұрады.
Практикалық немесе семинарлық, зертханалық сабақтардың әдістемелік нүсқаулары:
- тақырып атаунан;
- сабақтың мақсатынан;
- тапсырмалардын әдістемелік нұсқаулардан;
- мазмұнды суреттейтін схемалар, формулалар т.б.;
- сұрақтардан;
- әдебиеттен тұрады.
13. Білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы
13.1 Оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - БАОӨЖ) – бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының дәрісханадан тыс жұмысы.
13.2 БАОӨЖ екі қызмет атқарады - кеңес беруші және бақылаушы.
Оқытушы білім алушыға кеңес береді:
- әрбір пәннен білім алушының өзіндік жұмысына;
- бағдарламаны игеруге қажетті материалдармен жұмыс істеуде;
- оқу материалдарын тереңдете оқытуға үйретуде;
- ғылыми жұмыс бойынша білім алушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруда.
Оқытушы оқу материалдарын бекіту қарсаңында күрделі, қиын тақырыптар мен практикалық тапсырмаларды орындауға қиналған білім алушыға тақырыпты қайта түсіндіреді және жауабын тыңдауға мүмкіндік беруі тиіс.
БАОӨЖ-ның бақылаушы қызметі - аралық, ағымдағы және қорытынды бақылау барысында білім алушының білімін бағалауды жүзеге асырады.
БАОӨЖ кезінде білім алушы бақылау, курстық жұмыстарын орындауға тапсырмалар алады, оқытушыдан кеңес алады.
13.3 БАОӨЖ бойынша жоспар құрылымы:
- тақырыптың атауынан;
- сабақтың мақсатынан;
- сабақтың түрінен;
- тапсырмалар мен сұрақтар тізімінен;
- әдістемелік нұсқама, тарату материалдарынан;
-әдебиеттерден тұрады.
13.4 БАОӨЖ бойынша ұсынылатын жұмыстар:
- бағдарлама бойынша білімді меңгеру және бекіту: пікірталас өткізу, ұсынылған тақырыптар бойынша баяндаманы қорғау, ақпараттық кестелерді толтыру;
- есептік-графикалық, семестрлік, үй жұмысы тапсырмаларымен жұмыс жасау;
- өндіріс жағдайында іскерлік ойындарды жүргізу, кейс құрастыру, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;
- күрделі есептерді талдау және шығару, кеңес беру:
- ғылыми баяндамаларды, рефераттарды, эсселерді, бизнес жоспарларды жасауда, кейс құрастыру және т.б. үшін оқу әдебиеттерін саралауда;
- семестрлік, есептік-графикалық, курстық жобалар бойынша;
- ағымдағы және аралық бақылау сұрақтары бойынша;
- топтық жоба, презентация, эссе, дөңгелек столдар, іскерлік ойындарға және т. б. дайындауда;
- оқу курсының терминдері бойынша сөздіктер мен сөзжұмбақтар дайындауда;
- зертханалық, практикалық (семинар) сабақтардың қорытындылары нәтижелерін талдау, өңдеу бойынша жүргізіледі.
13.5 Білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған материалдар
- Білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - БӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде бақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс.
- БӨЖ – білім алушының алған білімдерін тереңдетуге, бекітуге, шығармашылық қабілеттерін арттыруға арналған белгілі бір сұрақтарды өзінің игеруі.
- БӨЖ сағаттары күнделікті өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалармен расталуы, дәлелденуі керек.
- БӨЖ тапсырмалары дәрісханалық сабақта қарастырылмаған және білім алушыларға өзіндік оқуға берілген жеке сұрақтарды қамтиды
БӨЖ түрлеріне сипаттама:
Сабаққа дайындық - дәрісханалық және практикалық сабақтардың материалдарын игеруге, ұсынылған әдебиеттерді оқуға, жекелеген әдебиеттердің қажетті бөлімдеріндегі мақалаларды конспектілеуге арналған білім алушының өзіндік жұмысының қарапайым түрі.
Іскерлік ойынға дайындық – бұл білім алушының болашақ кәсіби қызметіне дағдылануын қалыптастыру мақсатында қажетті рольдерді бөлу, матриалдарды жинақтау жұмысы. Жұмыстың нәтижелері арнайы қорытындылар және ұсыныстармен рәсімделеді.
Ағымдағы және аралық бақылауға дайындық пәнді оқытуда әр түрлі тақырыптар бойынша білім деңгейін ауызша, жазбаша, тест түрлерімен анықтауға мүмкіндік береді.
Тестілеуге даярлық білім алушының курстың бөлімі немесе тақырыбы бойынша материалдарды ыждағаттылықпен оқуын қажет ететін жұмыс. Білім алушы дайындық барысында назарды арнайы терминдерге, атаулы күндердің мазмұнына, алгоритмдерге аудару керек.
Үй тапсырмасы оқу бағдарламасына сәйкес білім алушының өзіндік жұмысы.
Реферат орындауда білім алушы белгілі бір мәселелер бойынша ғылыми және арнайы әдебиеттерден алынған қысқаша тұжырымдамалар немесе түрлі әдебиеттер көздерін талдау арқылы арнайы әдебиеттерді пайдалана білуі, статистикалық мәліметтерді қарастырылатын тақырып бойынша сын көзбен талдау және алынған мәліметтерді жазбаша түрде нақты және логикалық тұрғыдан дұрыс жеткізе білуі керек.
Баяндама жасауда- білім алушының ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша зерттеушілік дағдыларын меңгеруі, білім алушыны қызықтыратын сұрақтар бойынша мәліметтерді жинақы, түсінікті түрде көрсетуі керек.
Эссе – тақырыптары оқылатын пәннің нақты сұрақтары бойынша орындалатын білім алушының өзіндік жұмысы. Эссе - білім алушының белгілі бір тақырып бойынша қысқаша ойламы, тұжырымдамасы. Эссенің ерекшелігі - оқытушы берген тақырып бойынша білім алушы өзінің жеке пікірін, ойын, шығармашылық түрде талдайды.
Глоссарий - белгілі тақырып бойынша қазақ, орыс, шет ел тілдерінде терминдердің қысқаша түсіндірмелері.
Семестрлік (бақылау) жұмыстары пәннің үлкен тараулары мен тақырыптары бойынша өзіндік жұмыстардың материалдарын қайта өңдеу, оқу мақсатында жүргізіледі.
Курстық жоба (жұмыс) – білім алушының белгілі бір пән бойынша анықтамалық материалдардан, ғылыми әдебиеттерден, оқу құралдарынан мәліметтерді іздеудің, жинақтаудың әдістемесін игеру, ақпараттарды талдау, арнайы зерттеу жүргізу жұмысы.
Топтық презентация - 3-5 адамнан тұратын білім алушылардың белгілі тақырып бойынша топтық өзіндік зерттеулері мен есептеулері. Әрбір топ өз жобасын даярлап презентация өткізеді.
Жеке презентацияны – өз еріктерімен, жақсы даярланған білім алушылар орындайды. Жеке презентация - өзектілігі, жаңалығы, зерттеу сипаты бойынша ерекшеленетін, білім алушының ғылыми конференцияда баяндала алатын жұмысы.
Оқытушы БӨЖ ұйымдастыруда:
- жұмыс түрлерін орындаудағы жоспарлау, ұйымдастыру және бағалау ережелерін;
- пән бойынша өзіндік жұмыс түрлерінің тізімін;
- жекелеген жұмыстарды жазу, рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқамаларды;
- реферат, баяндама тақырыптарын;
- оқу жүктемесіне сәйкес кеңес беру уақытын көрсететін әдістемелік нұсқау даярлайды.
Оқытушы тапсырмалар тізімі және БӨЖ бойынша кеңес беру кестесін оқу жылының 1-ші аптасында жасайды және білім алушыларға таратады.
БӨЖ тапсырмаларын тексеру семинар сабақтарында, межелік бақылау уақытында немесе дәрісханадан тыс уақытта тексеріледі.
Қосымша 1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
_________________________________ ФАКУЛЬТЕТІ
_________________________________________________КАФЕДРАСЫ
________________________________________________________________ (пәннің коды және толық атауы)
Пәнінің оқу - әдістемелік кешені
_______________________________________________________________
(мамандықтың шифры және толық аты)
_______________________________________________________________
(оқу нысаны)
ҚЫЗЫЛОРДА 20 ___
Қосымша 1 жалғасы
Достарыңызбен бөлісу: |