Титуль парақтың үлгісі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Политехникалық факультет
«Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасы
Курстық жұмыс
Долговечность стальных резервуаров для хранения нефти
мамандығы: 6М072900- Құрылыс
(ғылыми-педагогикалық бағыт)
Магистрант ___________________
(қолы) (инициалы, тегі)
Ғылыми жетекшісі,
Техника ғылымдарының докторы ___________________
(қолы)(инициалы, тегі)
Қызылорда, 20__ ж.
Пайдаланылған көздер тізімін рәсімдеу үлгісі
Тулегенова Г.С. Биология трансплантированных опухолей. -Алматы: Наука, 2003. - 216с.
Ефимов М.Л., Аскарова Г.С. Суточные биологические ритмы и злокачественный рост//Усп. совр. биологии. - 2003. - Т. 103. -№ 2. - С. 255-270.
Пат. 72931 РК. Способ переработки сырья //Иванов МИ., Малдыбаев Н.К.; опубл. 30.03.93, Бюл. №12. - 2 с: ил.
А.С. 386018. РК. Способ извлечения металлов//А.Г.Акатаев, Б.И.Петров; опубл 17.05.97, Бюл. №15. -2с: ил.
Георгиева Р.С. Изменения в системе свертывания крови у больных злокачественными опухолями//Вопросы экспер. и клин, онкол.: сб. науч. тр. Института онкологии и радиологии.- Алматы, 2004. - С.214-217.
Баженов Л.Г., Кулинская Л.Л., Сорочинская И.Н. Сезонные изменения содержания иммуноглобулинов в крови клинически здоровых лиц//Тезисы докл. III Всес. конф. по хронобиол. и хрономед. - Ташкент, 1990.-320 с.
Садыков Л.П., Березовская И.В. Сезонные изменения показателей свертывания крови у крыс и кроликов//Институт ветеринарии.–М.,1989. - 210с. - Деп. в ВИНИТИ 13.09.89, № 5853 – В.89.
Изучение кинетики и химизма процессов: отчет о НИР//ИМиОН АН РК. - Алматы, 1985. - 240с.-Инв. №81047478.
Омарова Г.П. Экспериментальная терапия саркомы Т-1 в зависимости от ее митотической активности: автореф. дисс. канд. биол. наук:.04.03.04. -М.:МГУ, 2004. -16 с.
Vachaspati T., Videnkin A., Evolution of cosmic nets. // Phys.Rev.-2003. – Vol. 46, № 2. - Р. 1133-1140.
Паустовский К.Г. Золотая роза//Соч.: В 7 т. – М., 1984. - Т. 3. -С.287 - 528.
ГОСТ Р 51771 - 2001. Аппаратура радиоэлектронная бытовая. Входные и выходные параметры и типы соединений//Технические требования. - Ввел. 2002-01-01. – М.: Госстандарт России: Изд-во стандартов, 2001. - IV, 27с: ил.
Айдосов А.Х. Основной закон: богатый диапазон действия// Кызылординские вести. - 2005. - 11 августа. - С.2.
Магистрлік диссертация/магистрлік жоба туралы ереже
Қолдану саласы
Осы ереже Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде магистратура бағдарламасы бойынша оқитындардың орындайтын магистрлік диссертация/магистрлік жобасының құрлымына, ресімдеу ережелері мен қорғау ісін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
Осы ереже Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кафедраларында қолдануға міндетті болып табылады.
2.Нормативтік сілтемелер
Осы Ереже мыналарға сәйкес әзірленді:
- ҚР 27.07.2007ж. «Білім туралы»Заңына, 09.04.2016 ж. №501-V өзгертулері және толықтыруларымен;
- ҚР Үкіметінің 23.08.2012 жылғы №1080 қаулысымен бекітілген, 13.05.2016ж. №292 өзгертулері және толықтыруларымен Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына;
- ҚР Білім және ғылым министрінің 18.03.2008 жылғы № 125 бұйрығымен бекітілген, 13.05.2016ж. №318 өзгертулері және толықтыруларымен Жоғары оқу орындарында оқитындардың сабақ үлгеріміне ағымды бақылау, аралық және қорытынды бақылау жүргізудің типтік ережелеріне.
3.Анықтамалар, терминдер мен қысқартулар
Осы Ережеде келесідей терминдер мен анықтамалар қолданылады:
магистратура – жоо кейінгі білім, оның білім бағдарламасы тиісті мамандық бойынша «магистр» дәрежесін беру арқылы мамандар даярлауға бағытталған;
магистрлік диссертация – ғылыми-педагогикалық магистратура магистрантының бітіру жұмысы, өз бетінше зерттеу жүргізуді білдіреді, онда таңдап алынған мамандық саласында ғылымның заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделген өзекті проблеманы теориялық және/немесе практикалық әзірлеу қамтылады;
магистрлік проект – салалық магистратура магистрантының біліктілік бітіру жұмысы, өз бетінше зерттеу жүргізуді білдіреді, онда таңдап алынған мамандықтың өзекті проблемаларының қолданбалы міндетін шешуге мүмкіндік жасайтын теориялық және/немесе сынамалық нәтижелер қамтылады.
Осы Ережеде келесі қысқартулар қолданылады:
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті;
МАК – Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы.
4. Магистрлік диссертация/магистрлік жобаны орындау тәртібі мен шарттары
1. Магистрлік диссертация/магистрлік жоба ғылым кандидаттары мен докторлары, PhD докторлар немесе тиісті саланың кемінде 5 жыл еңбек өтілі бар білікті мамандары қатарынан ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады.
Магистранттың ғылыми жетекшісі ғылымның осы саласында (магистранттың оқитын мамандығы бойынша) ғылыми зерттеулермен белсенді түрде шұғылдануы тиіс. Қажет болған жағдайда сабақтас ғылым саласы бойынша ғылыми кеңесшілер тағайындала алады.
2. Магистранттың ғылыми жетекшісінің кандидатураларын ҚорқытАта атындағы ҚМУ Ғылыми Кеңесі қарап, бірінші курста ректордың бұйрығымен бекітіледі (магистранттарды оқуға қабылдағаннан кейін алғашқы екі ай ішінде).
3. Магистрлік диссертация/магистрлік жоба бітірушіге тиісті мамандық бойынша «магистр» дәрежесін беруге негіз болып табылады.
4. Магистрлік диссертация/магистрлік жоба келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
- магистрлік диссертация/магистрлік жоба қорғалатын мамандықтың негізгі проблематикасына сәйкес болуы;
- өзекті болуы, ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңызды болуы;
- техника мен өндірістің, ғылымның заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне сүйенуге, нақты практикалық ұсынымдары, кешенді, функцияаралық сипаттағы басқарушылық міндеттердің өз бетінше шешімі болуға;
- компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы мәліметтерді өңдеу мен интерпретациялаудың заманауи әдістеріне сүйенуге;
- заманауи ғылыми зерттеу әдістерін және озық ақпараттық технологияларды пайдаланып орындалуы;
- қорғалатын негізгі ғылыми/сынамалық-зерттеушілік (әдістемелік, практикалық) бөлімдер болуы;
- тиісті білім саласындағы халықаралық озық тәжірибеге сүйенуі.
5. Магистрлік диссертация/магистрлік жобалардың тақырыптарын бітіртуші кафедра әзірлейді, сараптамалық комиссия қарап, бекітеді, оның құрамы университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.
6. Магистрлік диссертация/магистрлік жобалардың тақырыптарының жалпы тізбесі жыл сайын кемінде 30 %-ға жаңартылып тұруы тиіс.
7. Магистрлік диссертация/магистрлік жобалардың тақырыптары магистрант оқуға қабылданғаннан кейін алғашқы екі ай ішінде Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Ғылыми кеңесінің шешімімен оларға бекітіліп, университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.
8. Магистрлік диссертация/магистрлік жобаның тақырыбы негіздемесімен және құрлымымен, диссертацияның/жобаның жұмысын аяқтау мерзімі көрсетілген магистрлік диссертация/магистрлік жобаны орындау жоспары, ғылыми жарияланымдар, тағылымдамалар (қажет болған жағдайда) жоспары магистранттың жеке жұмыс жоспарында көрсетіледі.
9. Магистрлік диссертация/магистрлік жобаның ғылыми жетекшісі:
- магистрлік диссертация/магистрлік жоба орындау үшін тапсырма береді;
- магистрлік диссертация/магистрлік жоба орындаудың барлық кезеңіне жұмыстың күнтізбелік кестесін жасауға көмек береді;
- магистранттың ғылыми-зерттеушілік/сынамалық-зерттеушілік жұмысының бағдарламасын қалыптасытрады;
- магистрантқа тақырып бойынша қажетті негізгі әдебиеттерді, анықтама және архив материалдарын, типтік жобалар мен басқа да дереккөздерді ұсынады;
- кеңес беру кестесін белгілейді, оны жүргізу кезінде магистранттың магистрлік диссертация/магистрлік жоба орындауының күнтізбелік кестесіне ағымды бақылау жүргізеді;
- магистрлік диссертация/магистрлік жобаның барлық бөлімдерінің көлемін белгілейді және магистранттың жұмысын үйлестіріп отырады;
- магистранттың ғылыми мақалаларын рецензиялайды;
- магистранттың ғылыми (оның ішінде шетелдік) тағылымдамаларын жоспарлайды.
10.Қорғауға шығарылатын магистрлік диссертация/магистрлік жобаның негізгі нәтижелері диссертация тақырыбы бойынша ғылыми журналда немесе ғылыми-тәжірибелік (ғылыми-теориялық) конференция материалдарында (салалық бағыттағы) кемінде бір жарияланыммен және диссертация тақырыбы бойынша ғылыми журналда және/немесе ғылыми-тәжірибелік ғылыми-теориялық) конференция материалдарында (ғылыми және педагогикалық бағыттағы) кемінде екі жарияланыммен көрсетілуі тиіс.
5. Магистрлік диссертация/магистрлік жобаның құрылымы, мазмұны мен ресімдеу ережелері
11. Магистрлік диссертация/магистрлік жобаның көлемі, ереже бойынша, компьютерлік мәтінмен кемінде 80 бет құрайды. Мамандықтардың жекелеген топтары бойынша диссертации/жоба көлемі 100 бетке дейін жете алады. Қосымша, түйіндеме, жарияланған әдебиеттер тізімі магистрлік диссертация/магистрлік жобаның көрсетілген көлеміне енгізілмейді.
12. Диссертация мамандықтың бейініне сәйкес мемлекеттік (немесе орыс) тілінде, сондай-ақ шетел тілдерінде орындалады.
13. Магистрлік диссертация/магистрлік жобаның құрылымдық элементтері болып табылады:
- титуль парақ;
- мазмұны;
- нормативтік сілтемелер;
- анқытаулар;
- белгілеулер мен қысқартулар;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды;
- пайдаланылған дереккөздер тізімі;
- қосымшалар.
14. Диссертацияның титуль парағы диссертациның бірінші беті болып табылады және құжатты өңдеу мен іздеуге қажетті ақпарат көзі қызметін атқарады..
Титуль парақта келесі мәліметтер келтіріледі:
- диссертация орындалған ұйым атауы;
- шектеулі гриф (ол қажет болғанда);
- диссертанттың тегі, есімі, әкесінің аты;
- жұмыстың атауы;
- мамандықтың коды мен атауы (Жоғары және жоо кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші);
- ізделіп отырған ғылыми дәреже;
- ғылыми жетекшінің тегі, инициалдары, ғылыми/академиялық дәрежесі мен ғылыми жетекшінің атағы;
- диссертация орындалған жер және күні.
15. Екі және одан көп бөлімдерден тұратын диссертация дайындалған кезде әр бөлімнің өзінің титуль парағы болып, ол бірінші бөлімнің титуль парағына сәйкес болуы және осы бөлімге қатысты мәліметтері бар болуы тиіс.
Титуль парақ 1 Қосымшаға сәйкес рәсімделеді. Титуль парақта қара сиямен немесе тушьпен жазылған диссертанттың жеке өз қолы болуы тиіс.
16. Диссертация мазмұны кіріспе, барлық бөлімдердің, бөлімшелердің, тармақтардың реттік номері мен атауы (егер олардың атауы болса), қорытынды, пайдаланылаған дереккөздер тізімі мен диссертацияның осы элементтері басталатын бет номерлері көрсетілген қосымшалардың атауын қамтиды.
Екі және одан көп бөлімдерден тұратын диссертация дайындалған кезде олардың әрқайсысында өз мазмұны болуы тиіс. Бұл ретте бірінші бөлімде барлық диссертацияның мазмұнын бөлімдердің номерлерін көрсетіп орналастырады, кейінгілерінде – тиісті бөлімнің тек мазұны ғана. Бірінші бөлімде келесі бөлімнің мазмұнының орнына тек олардың атауын көрсетуге рұқсат етіледі.
17. «Нормативтік сілтемелер» құрылымдық элементінде стандарттар тізбесі болады, оларға магистрлік диссертация/магистрлік жобада сілтеме берілген.
Сілтемелік стандарттардың тізбесі мына сөздерден басаталады: «Осы диссертацияда келесі стандарттарға сілтемелер пайдаланылған».
Тізбеге стандарттардың белгілемелері мен олардың атауын белгілемелердің тіркеу номерлерінің өсу ретімен енгізеді.
18. «Анықтамалар» құрылымдық элементі магистрлік диссертацияда/магистрлік жобада пайдаланылаған терминдерді нақтылау немесе айқындауға қажет анықтамаларды қамтиды.
Анықтамалардың тізбесі мына сөздерден басталады: «Осы диссертацияда келесі терминдер тиісті анықтамаларымен қолданылады».
19. «Белгілемелер мен қысқартулар» құрылымдық элементі магистрлік диссертацияда/магистрлік жобада пайдаланылаған белгілемелер мен қысқартулар тізбесін қамтиды.
Белгілемелер мен қысқартулар жазбасын оларды магистрлік диссертация/магистрлік жоба мәтінінде келтіру ретімен немесе қажетті мағынасын ашумен және түсіндірмесімен алфавиттік тәртіпте келиіреді.
Анықтамаларды, белгілемелер мен қысқартуларды бір «Анықтамалар, белгілемелер мен қысқартулар» құрылымдық элементінде келтіруге рұқсат етіледі.
20. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі мен жаңашылдығы, осы жұмыстың басқа ғылыми-зерттеушілік/сынамалық-зерттеушілік жұмыстармен байланысы, сондай-ақ зерттеудің мақсаттары, объектісі мен нысаны, міндеттері, олардың жалпы ғылыми-зерттеу(сынамалық-зерттеу) жұмысын орындаудағы орны келтірілуі, қорғауға шығарылған методологиялық базасы, ережелер көрсетілуі тиіс.
21. Диссертацияның негізі бөлімінде орындалған жұмыстың мәнін, әдістемесі мен негізгі нәтижелерін көрсететін мәліметтер келтіріледі.
22. Негізгі бөлімде болуы тиіс:
- зерттеу бағытын таңдау, ол зерттеу бағытын таңдауды, міндеттерді шешу әдісін және олардың салыстырмалы бағасын, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің таңдап алынған жалпы әдістемесінің сипаттамасын қамтиды;
- теориялық және (немесе) сынамалық зерттеу процесі, оның ішінде теориялық зерттеулер сипаты мен мазмұны, зерттеу әдістері, сынамалық жұмыстар жүргізу қажеттігін негіздеу, әзірленген объектілердің іс-қимыл қағидалары, олардың сипаттамалары;
- зерттеу нәтижелерінің тұжырымдалуы мен бағасы, ол қойылған міндеттің толық шешілу бағасын және жұмыстың әрі қарайғы бағыттары бойынша ұсыныстарды, алынған нәтижелердің шынайылық бағасын және оларды отандық, шетелдік жұмыстардың осындай нәтижелерімен салыстыруын қамтиды.
23. Қорытындыда болуы тиіс:
- диссертациялық зерттеудің нәтижелері бойынша қысқаша тұжырымдамалар;
- қойылған міндеттердің толық шешілу бағасын;
- нәтижелерді нақты пайдалану бойынша ұсынымдар мен бастапқы мәліметтердің жасалуын;
- енгізудің техникалық-экономикалық тиімділік бағасын;
- орындалған жұмыстың ғылыми деңгейінің осы саладағы озық жетістіктермен салыстырғандағы бағасын.
24. Пайдаланылған дереккөздер тізімі диссертация жазуда пайдаланылған көздер туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
Тізім 2 Қосымшаға сәйкес рәсімделеді.
25. Қосымшаларға орындалған диссертацияға қатысты, бірақ әлде бір себептермен негізгі бөлімге енгізіле алмайтын материалдарды енгізу ұсынылады.
Қосымшаларға енгізіле алады:
аралық математикалық дәлелдемелер, формулалар мен есептеулер;
көмекші сандық мәліметер кестелері;
сынақтар хаттамасы;
сынамалар, өлшемдер мен сынақтар өткізген кезде қолданылатын аппаратуралар мен аспаптар сипаттамасы;
нұсқаулықтар, әдістемелер, диссертациялық жұмысты орындау процесінде әзірленген, компьютерлік техниканың көмегімен шешілетін алгоритмдер мен есептер сипаттамасы;
көмекші сипаттағы иллюстрациялар (суреттер);
диссертациялық жұмысты (немесе оның бір бөлігін) ғылыми-техникалық кеңесте қарау хаттамасы;
- диссертациялық жұмыстың нәтижелерін енгізу актілері және т.б..
26. Диссертациялық жұмыс мәтінінің беттері және диссертацияға енгізілген иллюстрациялар мен кестелер А4 форматына сәйкесболуы тиіс.
27. Диссертация компьютер мен принтерді пайдаланып А4 форматтағы ақ қағаздың бір бетіне бір интервал арқылы басылып орындалуы тиіс. Шрифт –TimesNewRoman, кегль-14.
Диссертация мәтінін беттің келесі өрістерін сақтай отырып басу керек: оң жағы - 10мм, үстіңгі жағы - 20мм, сол жағы - 30мм, төменгі жағы - 20мм.
Әртүрлі гарнитура шрифттарын қолдана отырып, нақты терминдерге, формулаларға, теоремаларға назар аударудың компьютерлік мүмкіндіктерін пайдалануға рұқсат етіледі.
28. Диссертация орындау тәсіліне қарамастан басылған мәтіннің сапасы мен иллюстрацияларды, кестелерді, басып шығаруларды рәсімдеу оларды айқын көрсетіп шығару талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
29. Диссертация орындау кезінде барлық диссертация бойынша біркелкі жиілікті, суреттердің контрастілігі мен айқындығын қадағалау қажет. Диссертацияда бұлдыр емес, айқын сызықтар, әріптер, сандар мен таңбалар болуы тиіс.
30. Диссертация дайындау кезінде байқалған жаңылыс жазулар, қателер мен гарфикалық дәлсіздіктерді тазартып өшірумен немесе ақ бояумен бояп тастаумен және сол жерге түзетілген мәтінді (графиканы) машинакаға теру тәсілімен немесе қара сиямен, пастамен немесе қара тушьпен – қолмен жазу тәсілі арқылы түзетуге рұқсат етіледі.
Мәтін парақтарын бүлдіру, бұрыңғы мәтіннің қолмен түзетілген жерлері мен толық жойылмаған іздері болуына жол берілмейді.
31. Магистранттардың тектері, есімдері, әкелерінің аттары, бұйымның атаулары мен басқа да меншік атаулары диссертацияда түпнұсқа тілінде беріледі.
Меншік атауларды транслитеризациялауға және ұйым атауын диссертация тіліне аударып, түпнұсқалық атауын қосып (бірінші айталған кезінде) келтіруге рұқсат етіледі.
32. Диссертацияның «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілемелер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған көздер тізімі» деген құрылымдық атаулары диссертацияның құрылымдық элементтерінің бас тақырыбы қызметін атқарады.
33. Диссертацияның негізгі бөлімін бөлімдерге, бөлімшелерге және тармақтарға бөлу керек. Тармақтар, қажет болса тармақшаларға бөліне алады. Диссертация мәтінін тармақтар мен тармақшаларға бөлген кезде әрбір тармақ аяқталған ақпаратты қамтуы қажет.
34. Бөлімдер, бөлімшелердің бас тақырыптары болуы тиіс. Тармақтардың, ереже бойынша, бас атаулары болмайды. Бас атаулар бөлімдерді, бөлімшелердің мазмұнын айқын әрі қысқа көрсетуі тиіс.
35. Бөлімдер, бөлімшелер мен тармақтардың бас атауларын жаңа жолдан бос жер қалдырып бас әріптермен соңына нүкте қоймай, астын сызбай жазу керек.
Егер бас атау екі сөйлемнен тұратын болса, оларды нүктемен бөледі.
36. Диссертацияның беттерін араб сандарымен, барлық мәтіннің өн бойына номерлеуді қадағалап номерлеу керек. Беттің номері төменгі жақтың қақ ортасына нүктесіз қойылады.
37. Титуль парақ беттердің жалпы номерленуіне енгізіледі. Титуль парақта беттің номері қойылмайды.
38. Жекелеген беттерде орналасқан иллюстрациялар мен кестелер диссертация беттерінің жалпы номерленуіне енгізіледі.
А3 форматтағы парақтағы иллюстрациялар, кестелерді бір бет деп есептейді.
39. Диссертация бөлімдерінің барлық жұмыс шегінде реттік номерлері болуы тиіс, олар араб сандарымен нүктесіз және жаңа жолдың басынан бос жер қалдырып жазылады. Бөлімшелер номері әр бөлім шегінде номерленуі тиіс. Бөлімшелер номері нүктемен бөлінген бөлім және бөлімше номерлерінен тұрады. Бөлім номерінің соңында нүкте қойылмайды. Бөлімдер бөлімшелер сияқты бір немесе бірнеше тармақтардан тұра алады.
40. Егер диссертацияның бөлімшелері болмаса, онда ондағы тармақтардың номерленуі әр бөлімнің шегінде болуы тиіс те, тармақ номері бөлім мен тармақтың номерлерінен, нүктемен бөлініп тұруы тиіс. Тармақ номерінің соңында нүкте қойылмайды.
Мысалы
1 Типтері мен негізгі көлемдері
1.1
1.2 – Диссертацияның бірінші бөлімі тармағының номерленуі
1.3
2 Техникалық талаптар
2.1
2.2 - Диссертацияның екінші бөлімі тармағының номерленуі
2.3
Егер диссертацияның бөлімшелері болмаса, онда тармақтардың номерленуі бөлімше шегінде болуы тиіс те, тармақ номері бөлімнің, бөлімше мен тармақтың номерлерінен тұрып, нүктелермен бөлінуі тиіс, мысалы:
3 Сынақ әдістері
3.1 Аппараттар, материалдар мен реактивтер
3.1.1
3.1.2 - Диссертацияның үшінші бөлімі бірінші бөлімшесі тармақтарының номерленуі
3.1.3
3.2 Сынаққа дайындау
3.2.1
3.2.2 - Диссертацияның үшінші бөлімі екінші бөлімшесі тармақтарының номерленуі
3.2.3
41. Егер бөлім бір бөлімшеден тұрса, онда бөлімше номерленбейді. Егер бөлімше бір тармақтан тұрса, онда тармақ номерленбейді.
42. Егер мәтін тек тармақтарға ғана бөлінетін болса, онда олар барлық диссертациялық жұмыстың шегінде реттік номерлермен номерленеді.
43. Тармақтар, қажет болған жағдайда, тармақшаларға бөліне алады, олардың әр тармақ шегінде реттік номерленуі болуы тиіс, мысалы: 4.2.1.1, 4.2.1.2 т.с.с..
44. Тармақтар немесе тармақшалар ішінде санамалар келтірілуі мүмкін.
Әрбір санаманың алдында дефис қою немесе, қажет болған кезде құжат мәтінінің ішінде санамалардың біреуіне кіші әріппен (ё, з, й, о, ч, ь, ы, ъ басқа) сілтеме қойылуы керек, әріптен кейін жақша қойылады.
Санамаларды әрі қарай детализациялау үшін араб сандарын пайдалану қажет, олардан кейін жақша қойылады, ал жазбаны жаңа жолдан бос жер қалдырып жазады, ол мына мысалда көрсетілген.
Мысал
а) __________
б) __________
1) _______
2) _______
в) __________
45. Диссертацияның әрбір құрылымдық элементін жаңа парақтан (беттен) бастау керек.
46. Диссертация құрамына енетін диссертации мен қосымшалардың беттерінің номерленуі өн бойына жүруі тиіс.
47. Иллюстрацияларды (сызбалар, графикалар, картталар, схемалар, компьютерлік баспалар, диаграммалар, фотосуреттер) диссертацияда оларды мәтінде бірінші рет еске алынған жерде тікелей мәтін соңында немесе келесі бетте орналастыру керек.
Иллюстрациялар компьютермен орындалуы мүмкін, оның ішінде түрлітүстілері де.
Барлық иллюстрацияға диссертацияда сілтемелер берілуі тиіс.
48. Диссертация ішінде орналастырылған сызбалар, графикалар, диаграммалар, схемалар, иллюстрациялар, Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі (КҚБЖ) мемлекеттік стандарттарының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Сызбалар, графикалар, диаграммалар, схемаларды компьютерлік баспаны пайдалану арқылы орындауға рұқсат етіледі.
49. А 4 форматынан көлемі кіші фотосуреттер ақ қағаздың стандартты парақтарына жапсырылуы тиіс.
50. Қосышалардың иллюстрациясынан бөлек иллюстрацияларды араб сандарымен өн бойына номерлеу керек.
Егер сурет біреу болса, онда ол «1 Сурет» деп белгіленеді, «Сурет» сөзі мен оның атауы жол қатардың ортасына, тире арқылы жазылады.
51. Иллюстрацияларды бөлім шегінде номерлеуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда иллюстрация номері бөлім номері мен иллюстрацияның реттік номерінен тұрып, нүктемен бөлінеді. Мысалы: 1.1. Сурет
52. Иллюстрациялардың, қажет болған жағдайда, атауы мен түсіндірме жазбасы бола алады (сурет астындағы мәтін), «Сурет» сөзі мен оның атауы түсіндірме мәліметтерден кейін жазылып, былайша орналастырылады: 1 Сурет - Құрал детальдары.
53. Әр Қосымшаның иллюстрацияларын араб сандарымен бөлек номерлеп, сан алдына қосымшаның белгілерін қосып таңбалайды.
Мысалы: А.З Сурет
Иллюстрацияларды 6 Қосымшаға сәйкес рәсімдейді.
54. Иллюстрацияларға сілтеме жасаған кезде өнбойына номерлегенде «2 суретке сәйкес...» деп және бөлім шегінде номерлегенде «1.2 суретке сәйкес...» деп жазу керек.
55. Кестелерді көрнекілік жақсы болуы үшін және көрсеткіштерді салыстыру ыңғайлы болу үшін қолданады. Кестенің атауы оның мазмұнын көрсетіп, нақты әрі қысқа болуы тиіс және кестенің үстіне сол жағына, жаңа жолдың басынан бос жер қалдырмай, өзінің номерімен тире арқылы орналастырылды. Кестенің бір бөлігі келесі беке көшкен кезде бірінші беттегі төменгі жазық сызықты жаппайды, келесі бөлігінің үстіне сол жағына «Жалғасы» деген сөз жазылып, кесте номері көрсетіледі, мысалы: «1 кестенің жалғасы».
56.Кестені диссертацияда ол бірінші рет айтылатын мәтіннен кейін тікелей немесе келесі бетте орналастыру керек. Барлық кестелерге диссертацияда сілтеме болуы тиіс. Сілтеме кезінде «кесте» деп жазып, оның номерн көрсету керек. Кестелерді, қосымшалардың кестелерінен бөлек, араб сандарымен өн бойына номерлеу керек. Кестелерді бөлім шегінде гомерлеуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кесте номері бөлім номерінен және кестенің реттік номерінен тұрып, нүктемен бөлінеді. Әр қосымшаның кестесін бөлек араб сандарымен, санның алдына қосымшаның таңбаларын қосып номерлейді.
57. Кестелерді, ереже бойынша, сол жағнан, оң жағынан және төменінен сызықтармен шектейді. Кестедегі шрифттің көлемін мәтіндегіден кіші етуге рұқсат етілді (12). Кестенің жол қатарларын шектеп тұратын горизонтальды және вертикальды сызықтарды, егер олардың жоқтығы кестені пайдалануды қиындатпаса, жүргізбеуге болады.
Кестенің төменгі кесіндісі мен мәтін арасындағы арақашықтық 2 «бос» жол қатары болуы тиіс.
Кестені неғұрлым егжей-тегжейлі рәсімдеу ГОСТ 2.105 суреттелген.
58. Ескертпені бас әріппен жаңа жолдан бастап әріптердің арасын ашып жазып, астын сызбау керек. Ескертпені диссертацияда, егер мәтін мазмұнына түсіндірмелер немесе анықтамалық мәліметтер, кестелер немесе графикалық материал қажет болса келтіреді. Ескертпені мәтіндік, графикалық материалдан кейін тікелей немесе осы ескертпенің қатысты бар кестеде орналастыру керек. Егер ескертпе біреу болса, онда «Ескертпе» сөзінен кейін тире қойылып, ескертпе бас әріппен жазылады. Бір ескертпе номерленбейді. Бірнеше ескертпелер араб сандарымен рет ретімен, нүкте қойылмай номерленеді. Кестеге берілген ескертпені кестенің соңында, кестенің аяқталғанын белгілейтін сызықтың үстіне орналастырады.
59. Формулалар мен теңдеулерді мәтіннен бөлек жолға бөліп алу керек.
Әр формуланың немесе теңдеудің үсті мен астынан кемінде бір бос жол қалдырылуы тиіс. Егер теңдеу бір жолға симаса, онда ол (=) белгісінен кейін немесе плюс (+), минус (-), көбейту (х), бөлу (:) немесе тағы басқа математикалық таңбалардан кейін ауыстырылуы тиіс, және де таңбаны келесі жолдың басында қайталайды. Көбейту операциясын бейнелейтін таңбадағы формуланы ауыстырған кезде «х» таңбасын қолданады.
Символдар мен сандық коэффициенттер мәнін түсіндіруді формула астына тікелей, олардың формулада берілген рет-реттілігімен келтіру керек. Формулаларды барлық диссертацияның өн бойына араб сандарымен дөңгелек жақшаға алып, жол қатардың оң жақ шетіне реттік номермен номерлеу керек. Формулаларды бөлім шегінде номерлеуге рұқсат етіледі, онда формула номері нүктемен бөлінген бөлім нөмері мен формуланың реттік номерінен тұрады.
Қосымшалардың ішінде орналасқан формулалар әр қосымшаның шегінде араб сандарымен, әр санның алдына қосымшаны белгілеу таңбасын қосып бөлек номерлеумен номерленуі тиіс, мысалы (В1) формуласы. Формулалар мен теңдеулерді қолмен қара сиямен жазуға рұқсат етіледі.
60. Пайдаланылған дереккөздерге сілметелерді тік жақшаларға алады. Сілтемені құжатқа тұтастай немесе оның бөлімдері мен қосымшаларына жасайды. Бөлімшелерне, тармақтар, кестелер мен иллюстрацияларға сілтемелерге рұқсат етілмейді. Стандарттар мен техникалық шарттарға сілтеме жасаған кезде тек олардың таңбалануы ғана көрсетіледі, бұл ретте пайдаланылған көздердің тізімінде стандарт толық сипатталған жағдайда бекіту жылын көрсетпеуге рұқсат етіледі.
61. Белгілемелер мен қысқартуларды бағанамен жазып, олардың мәтінде келтірілген ретімен, қажетті мағынасын ашу және түсіндірмесімен келтіреді.
Анықтамаларды, белілемелер мен қысқартуларды «Анықтамалар, белгілемелер мен қысқартулар» бір құрылымдық элементінде келтіруге рұқсат етіледі.
62. Пайдаланылған дереккөздер тізімінде диссертация мәтініндегі дереккөздерге сілтеме пайда болған тәртіппен орналасқан және араб сандарымен нүктесіз номерленген дереккөздер туралы мәліметтер болады. Оларды жаңа жолдың басында бос жер қалдырмай жазу керек.
63. Қосымшаларды диссертацияның жалғасы ретінде және оның келесі парақтарында рәсімдейді немесе жеке құжат түрінде шығарады.
Қосымшаның құжаттың қалған бөлімімен бірге беттердің өн бойына жалпы номерленуі болуы тиіс.
Диссертация мәтінінде барлық қосымшаларға сілтемелер берілуі тиіс. Қосымшаларды диссертация мәтініндегі оларға берілген сілтеме тәртібімен орналастырады.
Әрбір қосымшаны жаңа беттен, үстіңгі жағына жол қатардың ортасына «ҚОСЫМША» сөзін, оның белгілемесі мен деңгейін көрсетіп бастау керек. Қосымшаның тақырыбы болуы тиіс, ол мәтінге қатысты симметриялы, бөлек жол қатармен бас әріппен жазылады. Қосымшаларды орыс алфавитінің бас әріптерімен, Е, З, Й, О, Ч, Ь, Ы, Ъ әріптерінен бөлек, А әрпінен бастап белгілейді. «ҚОСЫМША» сөзінен кейін оның реттілігін көрсететін әріп келеді. Орыс алфавитін толық пайдаланған жағдайда латын алфавитінің I, O әріптерінен басқа әріптерін пайдалануға, ал әрі қарай араб сандарын да пайдалануға рұқсат етіледі.
6. Магистрлік диссертацияның жіктемелік белгілері
64. Диссертация жеке дара жазылуы, автормен көпшілік алдына қорғауға ұсынылатын жаңа әрі шынайы ғылыми нәтижелер мен ережелері болуы, әзірленген немесе зерттелген теориялық немесе қолданбалы міндеттер аясында жұмыстан алынған нәтижелер арасында байланыс болуымен айқындалатын ішкі бірлігі болуы, автордың ғылымға және/немесе практикаға қосқан жеке үлесі туралы дәлелдеуі тиіс. Автормен ұсынылған жаңа шешімдер қатаң дәлелденуі және бұрыннан белгілі шешімдермен салыстырғанда сыни бағалануы тиіс.
65. Қолданбалы маңызы бар диссертацияда автормен алынған, авторлық куәліктермен, патенттермен және басқа ресми құжаттармен дәлелденген ғылыми нәтижелердің практикалық пайдаланылуы туралы мәліметтер келтірілуі тиіс, ал теориялық мағынасы бар диссертацияда – ғылыми тұжырымдарды пайдалану жөніндегі ұсынымдар келтірілуі тиіс.
66. Магистрлік диссертация/магистрлік жоба Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жоспарлы зерттеулерінің бағдарламасына сәйкес орындалуы, халықаралық, мемлекеттік немесе аймақтық ғылыми, ғылыми-техникалық және салалық бағдарламаларға, іргелі немесе қолданбалы зерттеу бағдарламаларына енуі тиіс.
67. Магистрлік диссертация/магистрлік жобаның нәтижелері келесі деңгейлердің бірінде енгізілуі тиіс (енгізу актілерімен, анықтамалармен дәлелденеді):
халықаралық;
салааралық;
сала ауқымдарында;
- ұйым шеңберінде.
Достарыңызбен бөлісу: |