Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 45 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 48


Магистратура мен докторантурада білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік/сынамалық-зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру



бет4/17
Дата31.12.2019
өлшемі0,8 Mb.
#54160
түріПравила
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

6.5. Магистратура мен докторантурада білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік/сынамалық-зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру
60. Магистратура мен докторантурада білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік/сынамалық-зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру ғылыми-педагогикалық жоғары білікті кадрлармен, қажетті зертханалық-зерттеушілік және ғылыми-әдістемелік базамен қамтамасыз етілген бітіртуші кафедрада жүргізіледі. Білім алушылардың пәнаралық сипаттағы ғылыми-зерттеушілік/сынамалық-зерттеушілік жұмыстары екі немесе одан көп факультет немесе кафедралар базасында жүргізіле алады.

61. Магистранттар/докторанттарды даярлау жүргізетін бітіртуші кафедралардың шетелдік жетекші аккредиттелген оқу-ғылыми мекемелермен, ғылыми орталықтармен, халықаралық кәсіби ассоциациялар және қауымдастықтармен ғылыми-білімдік байланыстары болуы тиіс, бұл ғылыми-зерттеу және сынамалық-зерттеу қызметтері үшін біліктілігі жоғары мамандар дярлаудың шетелдік озық тәжірбиесін пайдалану мүмкіндігін және білім алушыға ғылыми жетекшілік етіп, кеңес беруге шетелдік құзыретті мамандар тартуға мүмкіндік береді.

62. Магистратура мен докторантурада білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік/сынамалық-зерттеушілік жұмыстары бекітілген жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Бітіртуші кафедралар магистранттар мен докторанттар жүргізетін диссертациялық зерттеулердің тақырыптары кафедра мен факультеттің ғылыми-зерттеу қызметінің бағыттарына сәйкестігін қамтамасыз етуге және жоо кейінгі білім бағдарламаларында оқитындарды университеттің бітіртуші кафедралар мен ҒЗИ орындайтын ғылыми жобаларға қатысуға тартуы тиіс.

63. Магистранттар/докторанттардың ғылыми жетекшілері/кеңесшілері білім алушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасауы тиіс (қажетті көздер мен ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге; диссертациялық зерттеу орындау процесінде кеңестер беріп, ықпал жасауға; білім алушы ұсынған материалдар бойынша кері байланыс беруге; қажет болған жағдайда білім алушының зерттеу жұмыстарын білім мен ғылымның бөгде ұйымдарында, оның ішінде белгілі әлемдік шетелдік орталықтарда жүргізуді қамтамасыз етуге; білім алушы білім бағдарламасын игеру барысында туындайтын басқа да мәселелерді шешуге).

64. Магистранттың ғылыми жетекшісі/докторанттың ғылыми кеңесшісі білім алушының аяқталған диссертациялық зерттеуіне жан-жақты баға беруі және оны көпшілік алдында диссертация қорғауға дайындауы тиіс.

65. Магистранттар/докторанттардың ғылыми жетекшілері/кеңесшілері бағдарламалардың сапасы мен нәтижелілігіне, сондай-ақ білім алушының ғылыми тағылымдамалар, зерттеушілік және кәсіби практикаларының базаларын дұрыс іріктеуге жауапкершілік арқалайды.

66. Магистранттар мен докторанттарды даярлау жүргізетін бітіртуші кафедралар білім алушылардың зерттеушілік жұмыстарын теориялық және қолданбалы зерттеулердің анағұрлым ірі бағдарламалары аясында ұйымдастыруы және алынған нәтижелердің апробациясы үшін мүмкіндіктермен қамтамасыз етуі тиіс.

67. Бітіртуші кафедралар магистратура мен докторантурада оқитындардың жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми қауымдастық пен академиялық емес сектор өкілдеріне таныстыруды көздейтін тұрақты жұмыс істейтін ғылыми-практикалық семинарларды жүзеге асыруы тиіс.

68. Бітіртуші кафедралар магистратура/докторантурада оқитындардың зерттеу жұмыстарын қажетті зертханалық-техникалық және ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етуге және жүргізілетін зерттеу жұмыстарына үздіксіз ағымды бақылау жасауға жауапкершілік арқалайды.

69. Магистратура/докторантурада оқитындардың ғылыми-зерттеушілік/сынамалық-зерттеушілік жұмыстарын жоспарлау білім бағдарламаларының оқу жұмыстық жоспарларына сәйкес семестр бойынша жүргізіледі. Әр академиялық кезең соңында білім алушылар жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми жетекші/ғылыми кеңесшілерінің қатысуымен бітіртуші кафедраның мәжілісінде таныстырады.

70. Магистратурада оқитындардың ғылыми-зерттеушілік/сынамалық-зерттеушілік жұмыстары, тәжірибелік-сынамалық жұмыстардан бөлек, өзіне бірінші оқу жылының соңында курстық жұмыс орындап, қорғау мен екінші оқу жылында магистрлік диссертация орындап, қорғауды қамтиды.

71. Докторантурада оқитындардың ғылыми-зерттеушілік/сынамалық-зерттеушілік жұмыстары өзіне мыналарды қамтиды:

– оқудың 1 семестрі ішінде диссертация тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарын орындауды;

– диссертация тақырыбы бойынша ғылыми жарияланым дайындауды;

– ғылыми ұйымдарда және/немесе тиісті саланың ұйымдарында немесе қызмет саласында, оның ішінде шетелдердегі ғылыми тағылымдаманы.

72. Магистратурадағы курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар университеттің тиісті нормативтік құжаттарымен айқындалады.

73. Магистрлік және докторлық диссертациялар қорғауға дейін плагиатқа міндетті түрде тексеруден өтеді.

Магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) плагиатқа тексеруді «Антиплагиат» әмбебап жүйесі арқылы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жүргізеді.

Докторлық диссертацияның авторға және алу көзіне сілтемесіз біреуден алынғандарына тексеруді Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы жүргізеді.

74. Магистранттар мен докторанттар білім бағдарламаларын игеру уақыты ішінде диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми ұйымдарда және/немесе тиісті саланың ұйымдарында немесе қызмет саласында, оның ішінде шетелдерде ғылыми тағылымдамадан міндетті түрде өтуі тиіс.

Ғылыми тағылымдама бағдарламасы даярлау бағыты мен білім алушының ғылыми-зерттеушілік/сынамалық-зерттеушілік жұмыстарының жеке жоспарына сәйкес жасалып, ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректормен бекітіледі.

75. Білім алушы ғылыми тағылымдама қорытындылары туралы бітіртуші кафедра мәжілісіне есеп ұсынады.

76. Бітіртуші кафедралар әр оқу жылының соңында білім алушының ғылыми тағылымдамасының және шетелдік ғылыми кеңесшілердің жұмыстарының нәтижелілігіне талдау жасап, қажет болған жағдайда қажетті түзету шараларын жүргізеді.

77. Магистранттың зерттеу жұмыстарының нәтижелері мыналармен берілуі тиіс:

- диссертация тақырыбы бойынша ғылыми журналда немесе ғылыми-тәжірибелік (ғылыми-теориялық) және (бейіндік бағыттағы) конференция материалдарында кемінде бір жарияланыммен;

- диссертация тақырыбы бойынша ғылыми журналда немесе ғылыми-тәжірибелік (ғылыми-теориялық) және (ғылыми және практикалық бағыттағы) конференция материалдарында кемінде екі жарияланыммен.

78. Философия докторы (PhD), салалық доктор дәрежесіне ізденуге арналған диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелері диссертация қорғауға дейін диссертация тақырыбы бойынша кемінде 7 (жеті) жарияланыммен, оның ішінде кемінде 3 (үш) мақала – уәкілетті орган ұсынған ғылыми басылымдарда, 1 (бір) мақала – рецензияланатын халықаралық ғылыми журналда, 3 (үшеуі) - халықаралық конференция материалдарында, оның ішінде 1 (біреуі) – шетелдік конференция материалдарында жарияланады.

Рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдардағы мақалалар даярлық бағытына қарай есепке алынады, атап айтқанда:



  1. Жаратылыстық ғылымдар, Техникалық ғылымдар мен технологиялар, Медицина, Ауылшаруашылық ғылымдары мамандықтарының тобы бойынша: Томсон Рейтер(WebofScience,ThomsonReuters) ақпараттық компаниясының нольдік емес импакт-факторы бар немесе Scopus, Pubmed, zbMath, MathScinet, Agris, Georef, Astrophysicaljournal мәліметтер базасына енетін басылымдарда;

  2. Мамандықтардың қалған топтары үшін Томсон Рейтер (WebofScience,ThomsonReuters) ақпараттық компаниясының мәліметтер базасында нольдік емес импакт-факторы бар немесе индекстелетін басылымдарда немесе Scopus, JSTORE мәліметтер базасына енетін басылымдарда.

Осы базаларда индекстелу кезінде журналдардың ағымды номерлерінде жарияланған және көрсетілген базаларда жария етілген журналдың тақырыптық бағыттылығына сәйкес келетін мақалалар ескеріледі. Көрсетілген базаларда индекстелетін конференция материалдарындағы жарияланымдар халықаралық конференциялар материалдары ретінде ескеріледі.

79. Магистранттар мен докторанттардың ғылыми/әдістемелік жарияланымдарында қорғауға шығарылатын диссертациялық жұмыстың негізгі ережелері болуы тиіс.

80. Докторанттардың ғылыми-зерттеушілік/сынамалық-зерттеушілік жұмыстарының нәтижелерін аттестаттау PhD докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы туралы бекітілген Ережеге сәйкес жүргізіледі.
6.6. ЖОО кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларында оқитындардың практикаларын ұйымдастыру және өтуі
81. Магистратура/докторантурада оқитындардың практикасы жоғары білікті мамандарды кәсіби даярлаудың маңызды компонентін құрайды. Практика практика базалары болып табылатын ұйымдарда – кәсіпорындарда, жоо-да, ғылыми-зерттеу институттарында, мекемелер, ұйымдарда және т.б. өткізіледі.

82. Ғылыми-педагогикалық магистратура/ PhD докторантураның білім бағдарламасы зерттеушілік және педагогикалық практика түрлерін, салалық магистратура/докторантура – өндірістік практиканы қамтиды.

83. Зерттеушілік практиканың мақсаты отандық және шетелдік ғылымдардың жаңа теориялық, методологиялық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерімен, сынамалық мәліметтерді өңдеу және интерпретациямен таныстыру болып табылады.  

84. ЖОО кейінгі білімнің педагогикалық практикасының мақсаты оқыту әдістері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Педагогикалық практика оқу процесінен қол үзбей теориялық оқыту кезеңінде жүргізіле алады.

85. Жоо кейінгі білімнің өндірістік практикасының мақсаты оқу процесінде алынған теориялық білімдерді бекіту, оқып жүрген мамандығы бойынша практикалық дағдылар, құзыреттіліктер мен тәжірибе алу, сондай-ақ озық тәжірибелерді игеру болып табылады.

86. Зерттеушілік және өндірістік практикалардың мазмұны білім алушының диссертациялық зерттеу тақырыбымен айқындалады.

87. Магистратура/докторантураның білім бағдарламаларында оқитындардың практикасы тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарында белгіленген көлемде бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес өткізіледі.

88. Білім алушылардың зерттеушілік және өндірістік практикаларын өткізу келісімшарттық негізде ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының базасында жүргізіледі.

89. Педагогикалық практикаларды өткізу білім ұйымдарының базасында жүргізіледі (мектептер, колледждер, жоо).

90. Практикаларға оқу-әдістемелік басшылықты және оның орындалу сапасына бақылауды магистрант/докторант даярлықтан өтіп жатқан бітіртуші кафедра жүргізеді.

91. Бітіртуші кафедра практиканттарға дайындық оқуын өткізеді, ол білім алушының жеке жұмыс жоспарын жасау кезеңінде практикалардың әр түрлерінің мақсаттары және міндеттерімен, практикаға берілетін тапсырма түрлерімен, практика бағдарламасын жасауға қойылатын талаптармен, практика нәтижелерін өңдеу және рәсімдеу ережелерімен, практика бойынша есепті қорғау процедурасымен және басқалармен таныстыруды қамтиды.

92. Бітіртуші кафедралар магистратура мен докторантураның практикалар бағдарламасын жасап, практиканттарды қажетті оқу-әдістемелік құжаттамалармен қамтамасыз етеді.

93. Білім алушыларға университет ректорының бұйрығымен практика жетекшілері тағайындалады. Практика жетекшісі практика басталғанға дейін практиканттарға қажетті дайындықты ұйымдасырады, практиканттарға кеңес беру жүргізеді, практиканттардың есептерін қарап шығады, олардың жұмыстары туралы пікірлерін береді және білім алушылардың практикалық дайындығын жетілдіру туралы ескертпелері мен ұсынымдары бар жазбаша есепті бітіртуші кафедраның меңгерушісіне ұсынады.

94. Зерттеушілік және өндірісітік практика туралы білім алушылардың есептері практика өту барысында жиналған, талданған және жүйеленген материалды қамтуы тиіс. Білім алушылардың есептері бітіртуші кафедраның мәжілісінде тыңдалып, бекітіледі.
7. ЖОО кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларында оқитындардың аралық және қорытынды аттестаттауын ұйымдастырып, өткізу
7.1. Магистранттар мен докторанттардың оқу және зерттеушілік жұмыстарын, практикаларын ағымды аттестаттау
95. Білім алушының жоо кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын игеруін ағымды аттестаттау білім алушының білім бағдарламасының оқу компонентін игеру, ғылыми-зерттеушілік/тәжірибелік-сынамалық жұмыстар бағдарламалары мен кәсіптік практикаларды орындау көлемі мен деңгейін бағалау мақсатында өткізіледі.

96. Академиялық сабақ үлгерімін аттестаттау түрлері – ағымды бақылау, аралық бақылау, аралық аттестаттау (қорытынды бақылау), қорытынды аттестаттау.

97. Магистратура мен докторантурада оқитындардың сабақ үлгеріміне ағымды бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша өткізіледі және аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда білімді бақылауды қамтиды. Сабақ үлгеріміне ағымды бақылау кезінде білім алушылардың оқудағы жетістіктері әрбір орындалған тапсырма бойынша 100 баллдық шкаламен бағаланады (ағымды сабақтардағы жауабы, үй тапсырмасын, білім алушының өз бетінше жұмысын өткізуі, аралық бақылау) және сабақ үлгеріміне ағымды бақылауың түпкі нәтижелері академиялық кезең ішінде алынған барлық бағалардың орташа арифметикалық қосындысын есептеумен жасалады.

98. Аралық бақылау бір академиялық кезең ішінде бір оқу пәні шеңберіне кемінде екі рет өткізіледі.

99. Білім алушылардың аралық аттестаттауы жоо кейінгі білімнің жалпыға мінетті мемлекеттік стандарты, типтік оқу жоспары, элективті пәндер каталогы негізінде әзірленген жұмыстық оқу жоспарына, академиялық күнтізбеге және жұмыстық оқу бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі. Аралық аттестаттауды ұйымдастырып, өткізу Оқу процесін тіркеуші офиске жүктеледі.

Аралық аттестаттау нәтижелері бойынша Оқу процесін тіркеуші офисі білім алушылардың академиялық рейтингін жасайды.

100. Емтихандар кестеге сәйкес тапсырылады және білім алушының пәннің барлық кәсіби оқу бағдарламасы бойынша оқудағы жетістіктерін тексеру түрі қызметін атқарады және академиялық кезеңдегі оқудағы жетістіктерді бағалауды мақсат тұтады.

101. Қысқы және жазғы емтихан сессиялары болып бөлінеді.

Университетте қабылданған академиялық процесске қарай аралық емтихан сессияларына да рұқсат етіледі.

Емтихан сессияларының кезең-кезеңділігі мен ұзақтығы академиялық күнтізбеге сәйкес айқындалады.

102. Емтихандар кестесін Оқу процесін тіркеуші офисі жоо кейінгі білім бөлімімен және факультет декандарымен бірлесіп жасайды, оқу ісі жөніндегі проректор – бірінші проректор бекітеді және білім алушылар мен оқытушылардың назарына емтихан сессиясы басталғанға дейін екі апта бұрын жеткізіледі.

103.Білім алушыларды емтихан сессиясына жіберу факультет бойынша өкіммен рәсімделіп, білім алушының тегі, есімі, әкесінің аты, курсы, мамандығы мен академиялық тобы көрсетіліп, факультет деканының қолы қойылады.

104. Белгіленген GPA ауысу балын жинамаған білім алушыға жазғы семестрде жекелеген пәндерді бөлек ақылы негізде оқып, олар бойынша емтиханды қайтадан тапсыру мүмкіндігі беріледі.

105. Ауысу балын жинаған және келесі оқу курсына ауыстырылған білім алушы, академиялық қарызы болған кезде, тиісті пәндерді қайталап оқиды.

106. Білім бағдарламаларында оқитындар – мемлекеттік білім гранттарының иегерлері, қайталап оқу курсына қалдырылғандар білім грантынан айырылады және өз оқуын ақылы негізде жалғастырады.

107. Білім бағдарламаларында оқитындар - мемлекеттік білім гранттарының иегерлері, көшіру балын жинаған және келесі оқу курсына көшіріліп, академиялық қарыздары барлар білім грантынан айырылмай, тиісті пәндерді ақылы негізде қайталап оқып, олар бойынша емтихан тапсыруы тиіс.

108. Білім алушылардың практикадан өту нәтижелерінің бағасы теоирялық оқу бағаларына теңестіріледі, жалпы GPA есептегенде және білім алушыны келесі курсқа көшіргенде ескеріледі.

109. Практика бойынша қорытынды баға практикант практикадан өткені туралы есебін қорғау нәтижелері мен практика жетекшілерінің берген пікірлерін қарау және практиканттың кәсіби сипаттамалары бойынша қойылады.

110. Практикаға дәлелсіз себептермен келмеген және практика бойынша «F» қорытынды бағасын алған білім алушылар келесі академиялық кезеңде ақылы негізде практикадан өтуі тиіс.

111. Магистрлік және докторлық бағдарламаларда оқитындардың ғылыми-зерттеушілік/сынамалық-зерттеушілік жұмыстарына ағымды бақылауды магистранттардың ғылыми жетекшілері/докторанттардың кеңес беру комиссиясы жүргізеді. ҒЗЖ/СЗЖ нәтижелері ағымды бақылау бағаларын қою үшін білім алушымен әр семестрдің соңында есеп түрінде рәсімделеді. Нақты академиялық кезеңде ҒЗЖ/СЗЖ орындауға берілетін креиттер саны білім бағдарламасының жұмыстық оқу жоспарымен айқындалады.

112. Ағымды бақылау бойынша бағалар қоюда білім алушылардың ғылыми жетекшілері мен кеңес беру комиссиялары келесі параметрлерді бағалайды: а) тәжірибе-сынамалық жұмыстар сапасы; б) ғылыми/әдістемелік семинарларда сөйлеген сөздердің саны мен сапасы; в) ҒЗЖ/СЗЖ тақырыбы бойынша ғылыми/әдістемелік жарияланымдардың саны мен сапасы.

113. ҒЗЖ/СЗЖ қорытынды бақылауы курстық жұмыс, курстық жоба, докторлық диссертация жобасын және т.б. қорғау түрінде өткізіледі. ҒЗЖ/СЗЖ орындағаны үшін баға қою кезінде келесі параметрлер бағаланады: а) зерттелетін тақырып бойынша әдебиеттер мәліметін толық қамтуы; б) зерттеу әдістерінің сайма-сайлығы; в)жүргізілген тәжірибе-сынамалық жұмыстың шынайылығы мен сапасы; г) алынған мәліметтердің сайма-сайлығы мен теориялық талдаудың тереңдігі; д) таныстыру сапасы.

114. Докторанттар жоо кейінгі білім бөліміне атқарылған оқу және ғылыми жұмыстар туралы жылдық есептер ұсынады.

115. Магистранттар мен докторанттарды оқудан шығару, қайта қабылдау және ауыстыру ҚР БҒМ-ң қолданыстағы нормативтік құқықтық құжаттарымен реттеледі.


7.2. Магистратура мен докторантурада оқитындардың қорытынды аттестаттауы
116. Білім алушылардың қорытынды аттестаттауы – магистранттың/докторанттың алған білімдері, икемділіктері, дағдылары мен құзыреттері мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының талаптарына сәйкестігін айқындауға бағытталған, олардың оқудағы жетістіктерін мемлекеттік бақылау түрі.

117. Білім алушылардың қорытынды аттестаттауы білім бағдарламаларының жұмыстық оқу жоспарлары мен академиялық күнтізбесінде көзделген мерзімде өткізіледі және мамандық бойынша кешенді емтихан тапсыру мен диссертация қорғауды қамтиды.

118. Магистратура/докторантурада кешенді емтихан қабылдау және магистрлік диссертация қорғау Мемлекеттік аттестаттау комиссиясымен (МАК) жүргізіледі. МАК Төрағасын белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекітеді.

119. Магистратура/докторантура білім бағдарламалары бойынша МАК төрағалары мен мүшелерінің кандидатураларын кафедралар университеттің жоо кейінгі білім бөліміне ағымды жылдың 15 қазанынан кешіктірмей ұсынады. МАК мүшелерінің бітіруші мамандардың бейініне сәйкес ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы болуы тиіс.

120. МАК құрамы университет ректорының бұйрығымен 31 желтоқсаннан кешіктірмей бекітіледі және күнтізбелік жыл бойына жұмыс жасайды.

121. Магистранттар мен докторанттарды қорытынды аттестаттауға жіберу факультет деканының ұсыныс арқылы университет ректорының бұйрығымен, қорытынды аттестаттау басталғанға дейін екі апта бұрын рәсімделіп, Мемлекеттік аттестациялық комиссияға беріледі.

122. Кешенді емтихан бағдарламасын, оны өткізу түрі мен тапсырмалар мазмұнын осы кешенді емтиханға енгізілген оқу пәндерінің негізінде университет әзірлейді.

123. Магистратурада оқитындардың мамандықтары бойынша кешенді емтихан магистрлік диссертация(магистрлік жоба) қорғауға дейін 1 ай бұрын өткізіледі, докторантурада оқитындар үшін – докторлық диссертация қорғауға дейін 3 ай бұрын өткізіледі.

124. Кешенді емтиханды құрамында магистратура/докторантура мамандықтарының бейіні бойынша ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы бар 5 адамнан тұратын МАК қабылдайды.

125. Кешенді емтихан нәтижелері белгіленген үлгідегі хаттамамен рәсімделеді, ол әрбір білім алушыға жеке толтырылады.

126. Кешенді емтиханды оң бағаны неғұрлым жоғарылау бағаға көтеру үшін қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

127. Кешенді емтиханның нәтижелеріне келіспеген білім алушы оны өткізгеннен кейін келесі күннен кешіктірмей апелляцияға беруге құқылы. Апелляцияны қарау үшін университет ректорының бұйрығымен біліктіліктері мамандық бейініне сай келетін тәжірибелі оқытушылар қатарынан апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссияның жұмыс нәтижелері хаттамамен рәсімделеді.

128. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушы тұлғаға осы қорытынды аттестаттау кезеңінде кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

129. Кешенді емтиханнан қанағаттанарлықсыз баға алған магистрант/докторант ректордың бұйрығымен оқудан шығарылып, оқуын аяқтамаған азаматтарға берілетін Анықтама беріледі.

130. Бекітілген кестеге сәйкес өтетін кешенді емтиханға дәлелді себеппен келмеген магистрант/докторант МАК төрағасының атына өтініш жазып, емтиханға келмеу себебі туралы құжатты береді және оның рұқсатымен емтиханды осы комиссияның басқа күнгі мәжілісінде тапсыра алады.

132. Кешенді емтиханды оң бағаға тапсырған магистрант/докторант диссертациялық жұмысты қорғауға жіберіледі. Магистрлік және докторлық диссертацияны қорғауға жіберу МАК Төрағасының ұсынысы арқылы университет ректорының бұйрығымен диссертация қорғалғанға дейін екі апта бұрын рәсімделеді.

133. Магистрлік диссертациялар/жобалар МАК-на ұсынылғанға дейін алдын ала қорғаудан өтіп, бітіртуші кафедрамен плагиатқа тексерілуі тиіс.

134. Магистрлік диссертацияны/жобаны қорғау МАК-ң ашық мәжілісінде оның кемінде 2/3 мүшелерінің қатысуымен өткізіледі. Күніне қорғауға 8 диссертациялық жұмыстан артық жіберілмейді.

135. Магистрлік диссертацияны/жобаны қорғау мыналар болғанда жүргізіледі:

- ғылыми жетекшінің оң пікірі;

- диссертация тақырыбы бойынша ғылыми журналда немесе ғылыми-тәжірибелік (ғылыми-теориялық) конференциялар (бейінді бағыт) материалдарында кемінде бір жарияланым және диссертация тақырыбы бойынша ғылыми журналда немесе ғылыми-тәжірибелік (ғылыми-теориялық) конференциялар (ғылыми және педагогикалық бағыт) материалдарында кемінде екі жарияланым;

- бітіртіуші кафедраның қорғауға ұсынуы туралы хаттамасынан үзінді көшірме;

- диссертациялық жұмыстың/жобасының жан-жақты сипаттамасы бар рецензиялар және магистр дәрежесін беру мүмкіндігі туралы дәлелді қорытынды.

136. Аяқталған диссертациялық жұмысқа/жобаға Ғылыми жетекшісінің және/немесе бітіруші кафедраның жағымсыз пікірін алған магистранттар, қорғауға жіберілмейді.

137. Магистрлік диссертациялық жұмысты/жобаны көпшілік алдында қорғау ғылыми пікірталастық сипатта болып, жоғары талапшылдық, принциптілік пен ғылыми әдепті сақтау ахуалында өтуі тиіс, бұл ретте диссертациядағы жаңашылдық, ғылыми және практикалық сипаттағы нәтижелер, тұжырымдар мен ұсынымдардың негізділігі тыңғылықты талдауға алынуы тиіс. Мемлекеттік аттестациялық комиссия диссертацияның сапасы мен сараптамасының жан-жақтылығына, қабылданатын шешімдердің негізділігіне жауапкершілік арқалайды және диссертацияның магистр дәрежесін ізденуге арналған біліктілік жұмыстары үшін белгіленген критерийлерге сәйкестігін айқындауда талапшылыдықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге жұмылады.

138. Магистрлік диссертацияны/жобаны қорғау нәтижелері белгіленген үлгідегі хаттамамен рәсімделеді. МАК мәжілістері хаттамаларының барлық бланкілері номерленуі, бау өткізіліп байлануы және МАК жұмысы басталғанға дейін білім алушыны қорытынды аттестаттаудың әр түрі бойынша бөлек-бөлек кітаптарға бекітілуі тиіс. Хаттаманы МАК хатшысы толтырып, Төраға мен мәжіліске қатысқан Мемлекеттік аттестациялық комиссияның мүшелері қолдарын қояды. МАК жұмысы аяқталғаннан кейін барлық хаттамалар белгіленген тәртіпте сақтау үшін жоо архивіне беріледі.

139. Магистранттардың қорытынды мемлекеттік аттестаттауы аяқталғаннан кейін МАК Төрағасы МАҚ нәтижелері туралы есеп жасап, екі апталық мерзімде оны университет ректорына ұсынады. МАҚ нәтижелері туралы есептің дер кезінде ұсынылуына бітіртуші кафедра жауапкершілік арқалайды. МАК Төрағасының есебі бітіртуші кафедра, факультет кеңесі және университеттің Ғылыми Кеңесін мәжілісінде талқыланады.

140. Қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткен, магистратураның білім бағдарламасын игергенін дәлелдеген және магистрлік диссертациясын/жобасын көпшілік алдында қорғаған магистрантқа МАК шешімімен тиісті мамандық бойынша магистр дәрежесі мен мемлекеттік үлгідегі диплом қосымшасымен беріледі.

141. Магистранттардың дипломдарының, олардың қосымшаларының дұрыс толтырылуына факультет деканаты, университеттің Тіркеуші офисі мен студенттік бөлім жауапкершілік арқалайды.

142. Докторанттардың диссертациялық жұмысын қорғауды жалпы ұйымдастырып, бақылау жасауды жоо кейінгі білім бөлімі жүргізеді, диссертациялық кеңес жұмысына мониторингті ғылым және жоо кейінгі білім департаменті жүргізеді.

143. Докторлық диссертациялық жұмысты қорғау диссертациялық кеңестердің мәжілісінде жүргізіледі, оның құрамы білім саласындағы уәкілетті органмен бекітіледі.

144. Философия доктора (PhD), салалық доктор дәрежесін ізденуге арналған диссертациялық жұмыстар бітіртуші кафедрада алдын ала қорғаудан өтуі және плагиатқа тексерілуі тиіс.

145. Докторлық диссертацияны қорғау мыналар болғанда жүргізіледі:

– ғылыми кеңесшілердің оң пікірлері;

– кемінде 7- ғылыми жарияланымдар;

– қорғауға ұсыну туралы бітіртуші кафедра мәжілісінің хаттамасынан үзінді көшірме;

– диссертациялық жұмыстың жан-жақты сипаттамасы мен 2 ресми рецензенттердің философия докторы (PhD), салалық доктор дәрежесін беру мүмкіндігі туралы дәлелді қорытындысы бар рецензиялары.

146. Ғылыми кеңесшінің жағымсыз пікірін алған докторанттар диссертация қорғауға жіберілмейді..

147. Докторлық диссертация қорғау нәтижелері стенограммамен рәсімделеді. Докторлық диссертация қорғау нәтижелері бойынша диссертациялық кеңес екі шешімнің біреуін қабылдайды:

– докторантқа философия докторы (PhD), тиісті мамандық бойынша салалық доктор дәрежесін беріп, қорытынды сараптама жүргізу туралы ҚР БҒМ БҒСБК алдына өтініш жасау;

– докторантқа философия докторы (PhD), тиісті мамандық бойынша салалық доктор дәрежесін беруден бас тарту.

148. Философия докторы ғылыми дәрежесін беру туралы оң шешім қабылданған кезде диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы белгіленген түрде докторлық диссертация қорғау туралы докторанттың жеке іс қағазын қалыпстырады, ол 30 күн ішінде ҚР БҒМ БҒСБК-не ұсынылуы тиіс.

149. Докторанттар диссертацияларын ойдағыдай қорғағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпараттар орталығы» (ҰҒТАО) АҚ-на диссертацияның 1 данасын брошюраланбаған түрде және микрофильмдендіру мен мемлекеттік тіркеуге алу үшін диссертацияның есептік карточкасының 2 данасын ұсынуы тиіс.

150. Докторанттардың аттестациялық істерін қарау мерзімі оларды ҚР БҒМ БҒСБК-де тіркеген күннен бастап 4 (төрт) ай құрайды. Докторанттардың аттестациялық құжаттары болмаған жағдайда немесе олар белгілгіленген талаптарға сәйкес болмаса, тиісті құжаттарды ұсынғанға дейін қарау тоқтатыла тұрады.

151. Диссертацияның Дәрежелерді беру Ережелерінің талаптарына Сәйкестігі тиісті мамандық топтары бойынша Сараптамалық кеңестің қорытындысы негізінде БҒМ БҒСБК-де анықталады, Сараптамалық кеңестің қорытындысы негізінде БҒМ БҒСБК докторантқа дәреже беру/бас тарту туралы шешім қабылдап, тиісті бұйрық шығарады.

152. Философия докторы, салалық доктор дәрежесі берілген тұлғаларға мемлекеттік үлгідегі дипломдар беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет