4.Салыстырмалы қауіп-қатер мәні мен сенім аралығының шекараларын 1-мен салыстырамыз.
4.Салыстырмалы қауіп-қатер мәнінің түсіндірілуі
RR көрсеткіші, фактор мен нәтиженің байланысының сипатын анықтау үшін 1-мен салыстырылады:
Егер RR=1 болса, онда зерттеліп отырған фактор нәтиженің пайда болу ықтималдығына ықпал етпейді (фактор мен нәтиженің арасында байланыс жоқ).
Егер RR>1 болса, онда фактор нәтижелер жиілігінен жоғары (тікелей байланыс).
Егер RR<1 болса, онда фактордың әсерінен нәтиже ықтималдығы төмендейді (кері байланыс).
4.Салыстырмалы қауіп-қатер мәнінің түсіндірілуі
Сол сияқты 95% СІ шекараларының мәндері міндетті түрде бағаланады.
Егер сенім аралығына 1 кірмесе, онда фактор мен нәтиже арасында айқындалған байланыс статистикалық мәнді деп қорытынды жасалынады. (р<0,05 қателік ықтималдығымен).
Егер 95% СІ төменгі шекарасы 1-ден кіші, ал жоғарғы шекарасы – үлкен болса, онда фактордың нәтиже жиілігіне ықпалы статистикалық мәнді емес (р>0,05).