Шанстар (мүмкіндіктер) – оқиғаның пайда болу ықтималдығының оқиғаның пайда болмау ықтималдығына қатынасы.
Шанстар оқиғаға (ауруға, өлімге) қатысты және әсерге қатысты есептелуі мүмкін.
Шанстар «жағдай-бақылау» түріндегі зерттеулерде есептелінеді және бағаланады.
Шанстар қатынасы OR (odds ratio)
Шанстар қатынасы – әсерге ұшыраған адамдарда оқиғаның немесе аурудың пайда болу шанстарының әсерге ұшырамаған адамдарда оқиғаның пайда болу шансына қатынасымен есептеледі.
Кейде (сирек кездесетін оқиғалар немесе аурулар жағдайында) қауіп-қатерлер қатынасы мен шанстар қатынасының мәндері жақын болады.
ШҚ көрсеткіші не үшін колданылады?
ШҚ белгілі бір оқиға (нәтиже) мен қауіп-қатер факторы арасындағы байланысты бағалауға мүмкіндік береді.
ШҚ белгілі бір қауіп-қатер факторының пайда болу жиілігі бойынша зерттелетін топтарды салыстыруға мүмкіндік береді.