Маркетинг обьектілеріне не жатады?өнім мен қызмет
Лидердің қандай жеке стилі топпен қарым-қатынасқа ең жақсы әсер етеді?
Демократиялық
Демократия немесе алқалы басқару стилі ұжыммен тығыз қарым-қатынас орнатумен байланысты. "Демос" деген сөздің мәні халық билігі екенін мектеп кезінен білеміз. Демократия режимінде әлеуметтік топтағы әр адам өз ісіне жауапты және маңызды шешімдерге тең дәрежеде үн қоса алады. Бастықтың орынбасары мен жоғары лауазымды қызметкерлер ғана емес, бір ортада қызмет ететін тұлғаның барлығы бірдей басқару үдерісіне қатысуға құқылы. Барлығының пікірі маңызды. Компания үшін маңызды шешім қабылдау керек болса, алдын ала барлығын құлағдар қылып, ақылдасып отырып, бірлесе үкім шығарады. Бұл қатардағы қызметкерлерді де жігерлендіре түседі. Ұжымда жағымды атмосфера орнайды. Әр қызметкер өзін үлкен механизмнің маңызды бөлшегі санайды, яғни әрқайсысының өзіндік орны бар, бірі болмаса, басқа жұмыс тоқтап қалады. Демократия ұйымның қиын жағдайдан да оңай шығып, тез алға басуына мүмкіндік туғызады. Бұл стильдің бір ғана кемшілігі – бастық әр қызметкерінің тілін табуы үшін, оларды зерттеуге ұзақ уақытын жұмсайды.
Достарыңызбен бөлісу: |