Адамның жеке басындағы мінезінің ерекшелігін көрсетіңіз.
талпынушылық
Адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілетін не деп айтамыз?
Ерік
Артур Шопенгауер (1788-1860 жж.) Данциг қаласында бай саудагердің отбасында дүниеге келеді. Геттинген мен Берлин қалаларында философиялык білім алады. Негізгі еңбегі «Дүние ерік пен елестету ретінде» деген атпен 1844 ж. жарық көреді. Берлин университетінде 1819 ж. оқыған лекциялары ешкімді қызықтырмайды. Сондыктан ол өмір бойы әкесінен қалған капиталдың жылдык пайыздарын жұмсап, өз замандастарынан оқшау да жалғызілікті өмір сүреді. Өмірінің соңғы 10 жылында ол даңқтың шапағатына да ие болады. Бірақ нағыз атақтылық оған XX ғ. келеді. Шопенгауердін ойынша, Дүниенің негізінде өмір сүруге деген бітпейтін іңкәрі бар Әлемдік Ерік жатыр. Сонымен материя, табиғат заты, атом, сана, рух т.с.с. бұрынғы философтар жатқызған Дүниенің негіздерін ысырып тастап, ойшыл «ерік» ұғымын дүниені түсінудегі негізгі категорияға айналдырады. Бұл ұғымның тарихына кез жүгіртсек, көне заманда «сана» мен «ерік» категориялары әлі бір-бірінен бөлініп алынған жоқ-ты. Мысалы, Сократ адамдардың жүріс-тұрысы мен іс-әрекеттеріндегі келеңсіз жайттар оларды білмегендерінде деген пікір айткан болатын. Егер адам жамандықты білетін болса, онда ол оған бармайды. Алайда Орта ғасырда өмір сүрген ұлы христиан философы Августин мұндай көзқарасты толығынан теріске шығарады. «Жамандықтың не екенін білсем де, соған карай мені тартады, мен соны іске асыруға ынтықпын», - дейді ұлы ойшыл. Өйткені ақыл-ой - біледі, ал ерік - таңдайды. Міне, осы сәтте Августин сана мен еріктің екі түрлілігін айқын көрсетеді. Діни ойшыл адамның Құдай алдындағы күнәкәрлігінің негізгі себебін еріктің алғашқы көрсетілген түзу жолдан ауыткуынан табады.
Достарыңызбен бөлісу: |