20.Кеш гестоздар қашан пайда болды
А. Жүктіліктің алғашқы 3 аптасында
В. Жүктілік барысында
С. Жүктіліктің 2 жартысында
Д. Жүктіліктің 1 жартысында
Е. Жүктілік соңында
Жүкті әйелді преэклампсияның ауыр дәрежесінде стационарда
бақылау алгоритмі
Мақсаты: преэклампсияның ауыр дәрежесінде жүкті әйелді бақылау
Әзірлеңіз: залалсыздандырылған қолғап, 25% 20 мл, магнезий сульфаты 200 мл физиологиялық ерітіндіні.
Іс әрекет алгоритмі:
Қолыңды гигиеналық деңгейде тазартып жу.
Залалсыздандырылған қолғапты ки.
Бастапқы дозада 25% 20 мл магнезий сульфатын 5-10 мин ішінде көк тамырға жіберу.
Жүктемелі дозада 80 мл 25% магнезий сульфатын 320 мл физиологиялық ерітіндіге қосып көк тамырға тамшылатып, 1 минут ішінде 11-12 тамшы жіберу.
Егер артериалдық қан қысымы 160-110 мм сын.бағ жоғары болғанда әр 20 минутта 10 мг нифедипин тіл астына.
Ұрықтың жүрек соғысының аускультациясын жүргізу (қалыпты жағдайда 1 минутта 110-160 рет соғады).
Баратын стационарға пациентті әкеле жатқандығы туралы хабарлау керек.
Жақын арнайы көмек көрсететін стационарға жеткізу (шок симптомдары болған жағдайда жарықтандырушы шамшырақ пен дабылды қосу).
Жүкті әйелді эклампсия кезінде жүргізу алгоритмі
Мақсаты: жүкті әйелге эклампсия талмасында шұғыл көмек көрсету
Әзірлеңіз: ауыз кергіш, тіл ұстағыш, 25% 20 мл магнезий сульфат ерітіндісі, 1 мл диазепам, 0,9 % физиологиялық ерітінді, 320 мл
Іс әрекет алгоритмі:
Қолыңды гигиеналық деңгейде тазартып жу
Залалсыздандырылған қолғапты ки
Талма кезінде көмектесу:
сол жақ бүйірінен жатқызып, керек кезінде ауыз кергішпен, тіл ұстағышты қолдану.
Оттегі беруін қамтамасыз ету
Зақымданудан сақтану.
Талмадан соң магнезиальды терапияны тез бастау – перифериялық қан тамырға 5-10 минут ішінде 25% 20 мл жіберу.
Интенсивті терапия бөліміне ауыстыру.
Жүктемелі дозада 80 мл 25% магнезий сульфатын 320 мл физиологиялық ерітіндіге қосып көк тамырға тамшылатып, 1 минут ішінде 11-12 тамшы жіберу.
егер талма қайталанса көк тамырға 1 мл диазепам немесе 50 мг тиопентал, Трахея интубациясы.
Жағдайы тұрақталған соң 3-12 сағат ішінде босандыру мәселесін шешу, магнезиальды терапияны 24-48 сағат ішінде және эклампсия талмасынан кейін де жалғастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |