Буынның механикалық босауы (Аяқпен тұратын бір позада ұзақ болуды, ұзақ жүруді, қайталанатын стереотипті қзғалыстарды, белгілі бір буындарға күш түсіретін ауыр зат көтеруді шектеу. Жамбас буынына түсетін жүктемені 50 % төмендету үшін таяқша қолдану, супинаторларды және тізеге жапқыштар қолдану.
Диета: - остеопороздың профилактикасы (кальций, Д витамині), артық салмақтан арылу, тағамдық қосымшалар(глюкозамин, хондроитин және т.б.), олардың эффективтілігі клиникалық нақтылауды талап етеді.
Бұлшықеттерді нығайту үшін физикалық жүктемелер- аэробты, белгілі бір бұлшықет тобына арналған қимылдық және күштік жаттығулар, жылулық әдістер, ультрадыбыс, нервтердің тері арқылы электростимуляциясы және т.б.