Сипаттамасы:
Препаратта құлақ маңы сілекей безінен алынған кесінді берілген.Құлақ
маңы безі – күрделі альвеоларлық тармақталған без,соңғы секреторлы бөліктері өндіретін
өнім сипатына байланысты белокты болып табылады. Құрылысы бойынша құлақ маңы
сілекей безі сыртынан тығыз талшықты дәнекер тінінен түзілген капсуламен қапталған.Ал
паренхимасы бір-бірінен борпылдақ талшықты дәнекер тінінің жұқа перделерімен бөлінген
көптеген бөлікшелерден тұрады. Бөлікше аралық дәнекер тінінің құрамында қан мен лимфа
тамырлары,жүйке ұштары мен тіндік элементтері бар.Бездің соңғы секреторлы бөліктері
жасушалардың екі тобынан құралған: секреторлы жасушалар – сероциттер және оның
сыртын қоршаған миоэпителиоцит жасушалары.Белокты сероциттер пішіні бойынша конус
тәрізді,апикальды бөлігінде мөлшері секреция фазасына сәйкес өзгеріп отыратын
ацидофильді түйіршіктері бар,ал базальды бөлігінде жасушаның ядросы орналасады.
Секреторлы сұйықтығының құрамында белокты заттар мен мукополисахаридтер
болғандықтан олар серомукозды бездер деп те аталады.Миоэпителиоциттер сероциттердің
сыртынан екінші қабат түзе орналасады, олар шығу тегі бойынша эпителийлік жасушалар.
Миоэпителиоциттер пішіні бойынша көп өсінділі жұлдыз тәрізді.Қызметі бойынша өсінді-
лері жиырылып,секреторлы бөліктерді қыса отырып секретті өзекке шығаруға ықпал етеді.
Жақ асты сілекей безінің секреторлы өзектері:
1.Қыстырма өзек – соңғы секреторлық бөлімдердің тікелей жалғасы ретінде сипатталады.
Қабырғасының құрылысы бездің ішкі бөліктерінен бастап куб тәрізді эпителиймен
тысталып, сыртынан миоэпителиоциттермен қоршалады.
2.Сызықты өзек – қыстырма өзектің жалғасы болып келеді,диаметрі қыстырма өзекке
қарағанда кең, қуысын анық байқауға болады.Қабырғасы құрылысы бойынша бір қабатты
призмалық эпителийден түзіледі.Өзектің апикальды бөлігінде құрамында секреторлы
гранулалары бар микробүрлері орналасады,ал базальды бөлігі көптеген митохондриялардан
тұрғандықтан митохондриялардың кристалары арқылы өзек сызықты пішінге ие.
3.Бөлікше аралық өзек – сыртынан екі қабатты эпителиймен тысталған,өзегі іріленген
сайын эпителий қабаты қалыңдап,көпқабатты эпителийге айналады.
4.Басты өзек немесе жалпы шығарушы өзек – тіл жүгеншігінің алдыңғы шетіне,тіл асты
безінің өзегінің қасынан ашылады.Қабырғасы көп қабатты жазық эпителиймен қапталған.
Достарыңызбен бөлісу: